Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екендігін ұғындыру. Осыған орай аудандық кітапхана мен балалар кітапханасы және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен орталық алаңда аудан тұрғындарының кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын арттыру, аудан тұрғындарының кітап оқуына жағдай жасау, балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында көшпелі «Жазғы кітапхана» өз қызметін оқырмандарға көрсетті. Кітапхана қорын толықтырып отыратын жаңа кітаптар, оның ішінде оқырман сұранымын қанағаттандыратын көркем әдебиеттер, әр жанрдан қызықты кітаптар апарып, аудан тұрғындарының кітап оқуға баулу және кітапқа қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жасалды.
Аудандық кітапханадан кітапханашы Зәуре Искакова, библиограф Раушан Қалиева, балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлсім Әлиасқарова және кітапханашы Малина Шонықбаева, жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Айдос Қожамұрат болды.













