Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Үштұғырлы тіл – уақыт талабы

    IMG 20160917 WA0003

    Бүгінгі күннің өзектілігіне айналып отырған «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы бұл - дүниежүзіндегі алдыңғы қатардағы мемлекеттерге тән құбылыс.

         Елбасының өзі «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп атап айтқан болатын.

         Үштұғырлы тіл –елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы болмақ. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

         «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторы ретінде үштілді білім беруді дәйекті түрде дамыту болып отыр.

            Қазіргі уақытта қоғамның барлық саласында заман талабына сай үш тілді жетік меңгерген мамандар легі көбейіп келеді.

         Солардың бірі жерлесіміз Әбибуллақызы Назира өз ана тілінен басқа орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгеріп, ғылым жолында өзінің алғашқы баспалдағын бағындыруда.

         Аудандағы №201 орта мектепті үздік оқыған Назира 7 сыныптан бастап білімін облыс орталығындағы № 10 қазақ-түрік лицейінде жалғастырды.

         2010 жылы лицейді «Алтын белгімен» аяқтап, Назарбаев университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің антропология факультетіне түсіп, 2015 жылы бакалавр,2016 жылдары Назарбаев университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің саясаттану және халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды.

         Осы оқу аралықтарында биология пәні бойынша қалалық, облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жоғарғы орындарды иеленген.

         Назарбаев университеті жанындағы «Пре-Мед» клубының мүшесі болған Назира университетте оқып жүрген кезінде Евразиялық экономикалық форумда еріктілер қатарында ағылшын тілінен аудармашы болып, өзін қазіргі заманға тән бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыра білді.

         Білімділігі мен алғырлығының, жауапкершілігінің арқасында білім ордасы Назираға үлкен сенім артып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне тәжірибеден өтуге жолдама берді. Осы аралықта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Ахмадиевтің көмекшісі болып тәжірибе жинақтады.

         Н.Әбибуллақызы қазіргі уақытта Қазақ гуманитарлық - заң университетінің халықаралық құқық магистратурасында білім алумен қатар Apex-Pro компаниясының рекрутингтік бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс жасайды.

         Алдағы уақытта ел экономикасының дамуына өз үлесін қосып, қолтаңбасын қалдыруды мақсат тұтқан Назира Әбибуллақызы Халықаралық қаржы орталығында жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

         Елімізде өскелең ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына, кәсіби маман болып қалыптасуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Осындай мүмкіндікті жібермей, өз тілін құрметтеп, өзге тілдерді меңгерген маманның болашағы жарқын болмақ.

Б.Дүйсенбиева

Жалағаш аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы


Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni