Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Елінің Алатаудай айбыны

       Айткул

        Аудандық кітапханада қоғам жəне мемлекет қайраткері Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының 105 жылдық мерейтойына арналған "Елінің Алатаудай айбыны" атты таным сағаты өтті.
Қонаев 1955-1960 жəне 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің төрағасы,1960-1962 жəне 1964-1986 жылдары Қазақстан Комунистік Партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.Ол Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолында өзінің білімін,мол тəжірибесін жəне ұымдастырушылық қабілетін аямай жұмсай білді.Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993)-аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері,үш мəрте Социалистік Еңбек Ері,Қазақ КСР Ғылым Академиясының акадимигі,техника ғылымның докторы,КСРО,шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.
Дінмұхамед Қонаев өз заманның ұлы саясаткері бола білді.Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі,қарама қайшылықтар болғанымен,елдің экономикасын,əлеуметтік саласын,ғылымын,ұлттық мəдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.Түрлі деңгейдегі партия жəне кеңес қызметін атқара жүріп,Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей,ел мүддесін,болашақ қамын да бір сəт естен шығарған жоқ.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мəдениеттілігімен танылып,халық дəстүрін жақсы білетін,тағылымы терең,ой өрісі биік жан екенін көрсетті.Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жаткан реформа бағыттарын,қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп,қолдай білді.Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде,82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен еңбектеріне арналған "Өз заманының заңғар ұлы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni