Адамбаев Жақсылық
Адамбаев Жақсылық 1937 жылы Жалағаш ауданына қарасты Бұқарбай батыр ауылында туған. 1954 жылы Жалағаш орталығындағы №31 орта мектепті бітіріп, 1955 жылы Қазалы Мал-дәрігерлік зоотехникалық техникумына түсіп, оны 1958 жылы бітіріп шықты. 1958 жылдан бастап қазіргі Шәменов ауылында ферма меңгерушісі, бас зоотехник қызметтерін атқарды.
Алматы Мал-дәрігерлік зоотехникалық институтында сырттай оқыған. 1998 жылдан бастап ел аузынан шежіре жинап, ел тарихын жазумен айналысып келеді Отан алдындағы еңбегі бағаланып, ҚР Құрмет грамотасымен және облыстық, аудандық грамоталарымен сонымен бірге “Еңбек ардагері” медалімен марапатталған.
Жанұялы, 8 бала тәрбиелеп, 18 немере сүйіп отыр.












