Айбосынов Шыңғыс

1936 жылы 8 мамыр күні Арал ауданы Сарбасат ауылдық Советіне қарасты «Үшкөл» атты ауылда дүниеге келген. 1955 жылы Сексеуіл станциясындағы №423 орта мектепті бітірген, сол жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың физика – математика факультетіне түсіп, оны 1960 жылы бітіріп шыққан. 1960-65 жылдары өзі оқыған №423 орта мектепте ұстаздық жасаған. 1965-1973 жылдары Арал аудандық партия комитетінде нұсқаушы, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі қызметінде болған.
1968 жылы Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. 1973-1986 жылдары Жалағаш аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімін басқарған. 1988 – 1998 жылдары Жалағаш поселкелік советтің председателі, әкім қызметінде атқарған. 1998-2003 жылдары Жалағаш мұнайы АҚ-ның президенті, 1968-1991 жылға дейін Арал қалалық, Жалағаш аудандық, Жалағаш поселкелік советінің 23 жыл депутат болып сайланған. 15 жыл Жалағаш аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, 5 жыл бюро мүшелігіне сайланған.
Баспадан шыққан кітаптары:
1. «Қазантаев мектебі» 2005 жыл
2. «Тынарбай Төлегенов» 2006 жыл
3. «Сыр елінің қайраткер қызы» 2009 жыл
4. «Қаламгерлік» (бірінші кітап) 2013 жыл
5. «Зейнеткерлік» (екінші кітап) 2014 жыл
6. «Егемендік» (үшінші кітап) 2016 жыл
Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті Азаматы».












