Айғалиұлы Ертай

Айғалиұлы Ертай (1953, Аққыр а.)-журналист. Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1978). 1978 ж. республикалық жастар газеті «Лениншіл жас» (қазіргі Жас алаш), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жауапты хатшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 ж. «Ана тілі» газетінде жауапты хатшы, бас редакторының орынбасары, 2005 ж. халықаралық қоғамдық-саяси «Қазақстан Заман» газетінде бас редактор қызметтерін атқарған. «Қаражапырақтар» романы және бірнеше прозалық кітаптардың авторы.
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.












