Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

kumisbaev otegen

Күмісбаев Өтеген  (1939, Жалағаш ауд. Мәдениет а.)- ақын, ғалым, филол.ғыл.докт. (1990). ҚазМу-дың (Қаз ҰУ) филол. ф-тін бітірген (1963). 1963-69 ж. Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде 1969-74 ж. КСРО ҒА-ның Шығыстану институтында қызмет атқарған, 1974 жылдан ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 ж. жарық көрген. Оның «Алақан» (1966), «Менің кішкентай үйрегім» (1968), «Ақбота» (1972), «Ақшолпан» (1974), «Гүлсана бағы» (1989) жыр жинақтары, «Жапырақтар түсіп жатыр» (1969), «Ауылдан шыққан жол» (1975), «Тіршілік тоқтамайды» (1976) атты әңгіме, повестері бар. Бірқатар шығармалары орыс тіліне ау-дарылып, жеке жинақ болып шықты. Парсы-үнді классигі Ә.Х.Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» (1987) кітабын, орыс тілінен Р.Ғамзатовтың, Қ.Кулиевтің, В.Рожденственскийдің жекелеген өлеңдерін аударған. Шығыс және қазақ әдебиетінің байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1997), т.б. монографиялары жарияланды. 500-ден астам ғыл. мақалалардың авторы. Жазушының кейбір туындылары қырғыз, башқұрт, украин, белорус, ағылшын, поляк, араб тілдеріне аударылған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын алған. Жалағаш ауданының құрметті азаматы. 2016 жылы өмірден озды.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni