Кіребаев Асқар

Асқар Кіребайұлы 1946 жылы Жалағаш ауданының Ақарық ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1980).
Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі. Кіребайұлы Асқар Еңбек жолын 1964 жылы бастап, Сырдария ауданында «Сырдария» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. 1980 жылдан Қызылорда облысы «Ленин жолы» (Сыр бойы) газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған, Шиелі аудандары бойынша меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, Жалағаш ауданы «Жаңадария», Сырдария ауданы «Сырдария», республиканың «Кәсіпкер», «Қарашаңырақ» газеттерінде бас редактор, «Ауыл», «Заман-Қазақстан» газеттерінде меншікті тілші, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында директор қызметтерін атқарған. 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» атты жыр жинағына өлеңдері енген. Алғашқы кітабы «Сыршыл көңіл» деген атпен 1978 жылы жарық көрді. 1987 жылы балаларға арналған «Алғашқы бәйге», 1992 жылы «Іңкәрдария» өлеңдер жинағы жарық көрді. «Сыр өңірінің қара шаңырағы» театр тарихы туралы, «Өркенді өнер» атты прозалық шығармалары мен «Аламесек» өлеңдерінің толық жинағы шықты. Қызылорда облысы драма театрында «Арманым. Әнім. Іңкәрім.» поэтикалық қойылымы, 2005 жылы «Махаббат пен Ғадауат» атты драмалық спектаклі сахналанған. Барлық республикалық басылымдарда өлеңдері, шығармалары 1970 жылдардан бері жарияланып келеді. «Көктем тынысы», «Жаттамақ», «Миллиард» жыр жинақтарына, қарпақ тіліндегі «Дала туысқандығы» кітабына топтама өлеңдері енген.












