Оңалбаев Әбдікәрім
Оңалбаев Әбдікәрім 1901, Жалағаш ауд. Мақпалкөл а.- 1964, Қызылорда қ.Ол- ақын. Коммунистік журналистика ин-тын бітірген (1938). Өлең-жырлары баспасөз бетінде 1930 жылдан бастап жарық көрген. 1940-43 ж. «Әдебиет және искусство» («Жұл-дыз») журналында жауапты хатшы, 1943-64 ж. «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Ақынның «Сыр бойы» (1951), «Таң алдында» (1963), «Өсиет» (1969), «Атамекен» (1981), «Туған жер» (1992) атты жыр жинақтары жарық көрген. 1991 ж. Мақпалкөл ауылындағы орта мектепке О-тың есімі берілді.1964 жылы қайтыс болған.












