Салықбаев Зордан
Салықбаев Зордан (1944, Жаңаталап а.-1988, Алматы)- ақын, жазушы, журналист. Қызылор-да пед. ин-тының филология фак-тін бітірген (1967). 1961-63 ж. Жаңаталап ауылында, 1967-70 ж. Аққыр ауылы-ның орта мектебінде ұстаз, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, 1971-74 ж. ауд. партия к-тінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1968-70 ж. аудандық «Жаңадария» газетінде бөлім меңгерушісі, 1974-86 ж. «Жаңадария» газетінің редакторы, 1986-88 ж. №15 кәсіптік-техникалық уч-щеде қызметтер атқарған. Бірнеше рет аудандық партия к-ті құрамының, аудандық кеңестің депутаты. Салықбаевтың алғашқы әңгімелер топтамасы «Үміт толқыны» атты жинақта (1988), 1997 ж. «Жазылып қалған жан сырым» кітабы жарық көрген. Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған.1988 жылы қайтыс болған.












