Сарыбайұлы Темірше
Темірше Сарыбайұлы 1941 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мырзабай ахун аулында дүниеге келген. Ақын. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының филология факультетін бітірген (1968).
1968-1972 жылдары Жалағаш ауданындағы "Жаңадария", 1972-1976 жылдары Сырдария ауданындағы "Сырдария" газеттерінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1982 жылы Қызылорда облыстық сырттай оқу мектебінде методист, 1982-1989 жылдары Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар редакциясында редактор, 1994-1996 жылдары "Заман-Қазақстан" республикалық газетінде, халық шығармашылық үйінде, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдеби қорда сектор меңгерушісі, 2000-2005 жылдары «Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2011 жылға дейін «Маматай» баспасында редактор қызметін атқарды. «Дәрия-дәурен» атты жыр жинағы 2001 жылы жарық көрді. Республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы болды. 2012 жылы дүниеден озды.












