Смағұлов Раушанбек
Смағұлов Раушанбек 1943 жылы 1 мамыр күні Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық кеңесі, “Жасқайрат” колхозында дүниеге келген. 1960 жылы Жалағаш орталығындағы №31 орта мектепті бітірді.Мектеп бітірген соң, ДЭУ-30 Қызылорда жол құрылысы басқармасында есепші қызметін атқарған. 1967 жылы Қызылорда медициналық училищесін “Емдеу ісі”бойынша бітіріп, 1970 жылы Қызылорда облыстық көз аурулар ауруханасында 3 ай мамандану курсынан өтіп, ұзақ жылдар аудандық емханада көз дәрігері қызметін атқарды. 1989 жылы өндірістен қол үзбей, Қызылорда Гоголь атындағы педагогикалық институтынынң филология мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1988 жылы облыстық наркологиялық ауруханасында мамандану курсынан өтіп, 1991 жылы Алматыда наркология саласы бойынша білімін жетілдірген, 1992 жылы І санатты дәрігер болды. 1985 жылдан бастап Республикалық, облыстық, аудандық баспасөз беттерінде осы уақытқа дейін 175 ден астам материалдар жарық көрді. 1997 жылы аудан медицинасының 60 жылдығына байланысты “Аудан медицинасына 60 жыл” атты кітабы оқырмандар қолына тиді, 2004 жылы “Киелі жерім – Ақсуым” атты кітабы жарық көрді. Жанұялы, 5 бала,20 немере, 2 шөберенің құрметті атасы.
Мақтау грамоталары: 2001 жылы ҚР Денсаулық министрлігінің “Құрмет грамотасымен”, облыстық денсаулық басқармасының “Құрмет грамотасы”, “Алғыс хаты”, аудандық денсаулық бөлімінің “Құрмет грамотасы”, аудан әкімшілігінің “Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары”.












