Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

suienishuly komshabaiСүйенішұлы Қомшабай 1937 жылы 14 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының «Жаңа талап» кеңшарында дүниеге келген.
1959 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп, 1959-62 жылдары Қызылорда облыстық радио комитетінде, 1962-82 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде қызмет атқарып, 1982-92 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы кеңесшісі, 1996 жылдан бөлімше директоры болды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Алғашқы өлеңдері 1959 жылы жариялана бастады
Қомшабай Сүйенішұлының «Тереңдегі ағыстар» (1985), «Сап-сап, көңілім» (1988), «Сая таппай, сай таппай» (1993), «Гөй - гөй» (1996), «Һәм жабықтым, һәм қамықтым» (2003) атты жыр кітаптары жарық көрді. Әр жылдарда әдеби журналдарда «Ғашық едім қайтейін...», «Дүние бір қисық жол» т.б. әңгіме, романдары, «Дон ағысы», «Кенже бала», «Алдаберді мен Әтіркүл» сияқты жыр, проза, драмалары жарияланған. Драмалық шығармалаларының ішінен «Сен де жалғыз, мен де жалғыз», «Әлі бойдақпысың?» пьесалары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында қойылып келеді.1996 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.Қызылорда қаласының Құрметті азаматы (1999).2010 жылы дүниеден озды.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni