Тілеулиев Ахмет
Ахмет Тілеулиев 1947 жылы Тереңөзек ауданы, «Шолақ арық» ауылсоветінде дүниеге келген. 1965 жылы Жалағаш ауданы орталығындағы №123 орта мектепті бітіреді. «Коммунизм» совхозында қой фермаларында еңбек еткен. 1966-69 жылдары Совет Армия қатарында болады. 1970-1975 жылдары КазГУ-дың филология факультетінде оқиды. 1975-78 жылдары оқытушы болса, 1978 жылдан 1999 жылға дейін Жалағаш аудандық «Жаңадария» газетінде әдеби қызметкер, одан соң бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарады. Осы қызметтерде жүріп басқада шығармашылық жұмыстармен айналысқан.
1995 жылы «Жалағаштық соғыс ардагерлері» атты жинақты құрастырған. 1999 жылы «Жалағашым-жасыл бағым» деген үлкен кітаптың авторы. Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арнап «Соғыс ардагерлері» атты кітабын жинақтап шығарған. «Қарақұм перзенті» (2002), «Дәннің салмағы» (2005), «Қарақұм» (2006) кітаптарының авторы.
1999-2004 жылдар аралығында аудандық тарихи-өлкетану музейінде, 2004 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық Оқушылар үйінде үйірме жетекшісі қызметін атқарған.
2010 жылы қайтыс болды.












