Алтынбаев Болат
Болат Олжабайұлы Алтынбаев (1969 жыл, Жалағаш ауданы Қаракеткен а. – 3.7.1998 жыл) – әскери қайраткер.
Алматы қаласындағы арнайы әскери мектепте оқып,Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Нахимов атында жоғары әскери-теңіз училищесін (1991). АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің академиясын (1986). Ленин комсомолы атында жоғары әскери теңіз училищесін (1998) бітірген.1991 – 94 ж. Ресейдің Камчаткадағы Петропавловск қаласында электронавигация топ командирі, 1994 – 95 ж. ҚР Қорғаныс мин-де әскери-теңіз күштері бөлімінің аға офицері,1995 – 97 ж. ҚР-ның тұңғыш «ПК-16-Сұңқар» әскери-теңіз катерінің алғашқы командирі болды.
Тәуелсіз ҚР-ның әскери-теңіз флотының құрылуына өзіндік үлес қосты.
Жалағаш кентіндегі бір көшеге есімі берілген.












