Бабағұлов Қаһарман
Бабағұлов Қаһарман (1943, Жалағаш ауд., «Ақтабан» жайлауы)-қызметкер. Алматы халық шаруашылық институтын бітірген (1970). 1961 ж. Алматы ауыр машина жасау зауытында қалыптаушы болып істеді. 1969-83 ж. Қазақ КСР тұрмыс қажетін өтеу министрінде бөлім бастығы, министрдің көмекшісі, жоспарлау-экономика басқармасының бастығы, 1983-86 ж. Алматы қалалық тұрмыс қажетін өтеу басқармасының бастығы, 1986-94 ж. Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары- қалалық жоспарлау басқармасының төрағасы, Алматы обл. партия комитетінің хатшысы, ҚР Жоспарлау комитеті төрағасының, кейіннен Экономика министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1994 жылдан «Қызметмаш» бас машина жасау зауытының (бұрыңғы Крючков атынд. тәжірибе-механикалық зауыты) бас директоры. Жалағаш ауданының Құрметті азаматы. 2014 жылы 4 сәуірде ауыр науқастан қайтыс болды.












