Дәуітбаев Төлеген
Дәуітбаев Төлеген (1893, Жалағаш ауд. Еңбек а.-1978, Қызылорда қ.) қоғам қайраткері. Шымкенттегі мұғалімдер даярлайтын дайындық курсын (1916), инспекторлар даярлайтын арнайы курстарды (1917) бітірген. 1920-26 ж. мектепте мұғалім, директор, 1927-30 ж. Қазалы ауд. атқару комитетінде жауапты хатшы, төрағаның орынбасары, 1930-33 ж. Оңт. Қазақстан обл. Мақтаарал ауданында ұжымшарлар одағының төрағасы, 1937-39 ж. Қызылорда обл. атқару комитетінің жер бөлімінде сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1940-43 ж. Сұлутөбе мех. училищесінің директоры, Сырдария ауд.жер бөлімінің меңгерушісі, 1943-52 ж. Қазалы ауд. атқару комитетінің төрағасы, 1952-55 ж. обл. шаруашылық мекемесінде, обл. қамсыздандыру бөлімінде (1955-59) басшылық қызметте болды. Кейінгі жылдары Сырдария ауданының Киров шаруашылығын басқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш дүркін депутат болды.












