Жарқынбаев Зейнолла
Жарқынбаев Зейнолла 1914, қазіргі Жалағаш ауд. Мырзабай ахун а.- қоғам қайраткері, журналист. Қазақстан коммунистік журналистік институтын бітірісімен, обл. «Ленин жолы» газетінде жауапты хатшы болған. 1940-44 ж. Қазалы, Сырдария ауд. пария комитеттерінде хатшы, 1945-48 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі болып, Мәскеудегі Жоғары партия мектебінде оқыды. 1948-56 ж. «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасары, Шымкент (Оңт. Қазақстан) обл. партия комитетінде хатшы, «Ленин жолы» газетінде бас редактор, 1962-90 ж. Қызылорда обл. атқару комитеті төрағасының орынбасары, обл. тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы қызметтерін атқарды. Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы,«Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.












