Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Қабылов Ілияс 1904 жылы Жалағаш ауд., Мәдениет ауылында дүниегеи келген. 1938 жылы  Алматыда қайтыс болды Ол - мемлекет және қоғам қай-раткері. Әке-шешесі 1911 жылдан бастап Ақмешіт, Әулиеата, Ташкент қалаларында тұрған. 1918-22 ж. Ташкент еңбек коммунасында орталау білім алған. Кейін Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін (1925), Қызыл профессура институтын (1933) бітірген. 1925-28 ж. Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде философия және құқықтанудан оқытушы, 1928-30 ж. Қазақстан өлкелік партия комитетінің баспа жөніндегі сектор меңгерушісі, мәдениет және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1931-33 ж. Шығыс еңбекшілері коммунистік ун-ті философия кафедрасының меңгерушісі болды. 1934-37 ж. Қазақстан өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚазПИ (Қаз ҰПУ) философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазақ АКСР-і Кеңестерінің 9-съезіне (1935) қатынасып, Атқару комитетінің мүшелігіне сайланған. Көрнекті публицист, әдеби сыншы, философ ретінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Казахстанская правда» газеттерінде мақалалар жариялаған.1937 ж. жалғын жаламен айыпталып қамалған. Кейін, ату жазасына кесілген. 1998 ж. 15 мамырда толық ақталды.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni