Әбдіхалықова Елена
Әбдіхалықова Елена Мәжитқызы (1970, Жалағаш ауд., Шәменов а.) – сазгер, айтыскер ақын, филол. ғыл. кандидаты (2004), Қазақстанның еңб. сіңірген қызметкері (1998), Қызылорда гуманит.ун-тінің филол. ф-тін бітірген (1992). Ә. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ айтысқа қатысып, 1990 ж. Қызылорда қ-нда өткен Рауан аймақтық фестивалінің лауреаты атанды. Бішкекте (1993), Алматыда (1994), Ташкентте (1995), Шымкентте (2002) өткен халықаралық айтыстардың жүлдегері. «Қарашық» өлеңдер мен әндер жинағы, «Бақыт құсы» атты жыр жинағы (2004) жарық көрген. Ә-ның «Есіңе мені алғайсын», «Көздеріңе ғашықпын», «Сыр елі» т.б. әндері халық арасына кең тараған.
Жалағаш ауданының құрметті азаматы (2009).












