Бекішов Құдайберген
Бекішов Құдайберген 1957 жылы Жалағаш ауданында туған.Ол - эстрада әншісі. Алматы мемл. Т.Жүргенов атынд. театр-көркем сурет ин-тының музыкалық драма фак-тін бітірген (1984), Мәскеу қ.. бүкілодақтық эстрада әртістерін дайындайтын жоғары шеберханада оқыды (1990). 1984-88 ж. Қызылорда қ. Н.Бекежанов атынд. қазақ драма театрының актері және облыстық филармонияда, 1990-94 ж. Алматы қ. Қазақконцертте әнші, 1994-96 ж. «Гүлдер» ансамблінде қызмет атқарды. Осы кезде жеке әншілік өнермен шұғылдануда.












