Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

niyazov mukhtarМұхтар Ниязов 1985 жылы 4 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Ақарық ауылында туылған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі. 2009 жылдың наурызынан бастап «Ақ сөйле!» атты ақындар бірлестігінің басшысы. 2004 жылы Астана қаласында өткен ҮІ Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінің поэзия номинациясы бойынша дипломанты.
Қызылорда қаласында өткен Республикалық «Елбасы Жолдауы – Елдіктің арқауы» атты ақындар айтысында І орын (2005.), Орал қаласында өткен халық батыры Сырым Датұлының 265 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының (2008 ) Бас жүлде иегері. Қызылорда қаласында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына арналған «Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!» атты республикалық айтыста жүлделі ІІ орын (2009), Байқоңыр қаласында өткен «Байқоңырдан ғарышқа» атты ғарыш айлағының 55 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының (2010) Бас жүлдесін, Шымкент қаласында Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі республикалық Наурыз айтысында ІІ орын (2011) Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Ақтау қаласында өткен «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық ақындар айтысының Бас жүлдесін, Алматы қаласында өткен Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыуымен өткен «Төртеу түгел болса...» атты республикалық ақындар айтысының Бас жүлде, Елордада Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған «Біздің ел осындай» атты республикалық ақындар айтысының (2012) Бас жүлдесі «Алтын домбыраны» иеленген.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni