- Категория: Рухани жаңғыру
- Опубликовано: 21 января 2018
- Просмотров: 1345

Мәдениет ауылдық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, 22 – қыркүйек тілдер күніне арналған «Тілім менің тірегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
Тіл – дегеніміз ата – бабамыздан келе жатқан қазынамыз. Тіл – адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы екендігін айтып түсіндіру, кітаптарды насихаттау. Шараға қатысқан сынып оқушылары өлең оқыды.












