Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image312

Ысқақбай М.

         Қайта жанған жұлдыздар: ой-толғаныстар, мақалалар / М.Ысқақбай.- Алматы: ХанТәңірі, 2014.-380 бет.

         Белгілі жазушының бұл жинағына тарих, мәдениет, әдебиет, өнер тақырыбына соңғы жылдары жазылған ой-толғаныстары, мақалалары еніп отыр.

clip image313

Қайырбеков Ә.

         Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит. Эсселер, ғылыми-зерттеу, мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат / Ә.Қайырбеков.- Алматы: Айғаным, 2014.-286 бет.

         Автордың бұл кітабына оның көп жылдар бойы Алматыдағы «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінде» қызмет істей жүріп жазған, қазақ әдебиетінің алыптарының өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары, құнды жәдігерліктері туралы айтылған.

clip image333

Қашқынбаев М.

     Кербез дала ой салады./ М.Қашқынбаев- Алматы: Хантәңірі, 2014.-286 б.

       Бұл жинаққа қаламгер М.Қашқынбаевтың ел мен жер, еңбек адамдары жайлы кең тынысты публицистикалық туындылары еніп отыр.

 

clip image222

Шәлекенов У.Х.

         Ғылыми еңбектер. Үш томдық   / Уахит Шәлекенов.- Алматы: Жібек жолы, 2014. Т. 1: Ү-ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы.- 584 бет+ 16 қосарбет.- Қазақ және орыс тілдерінде.

Белгілі археолог-ғалым, профессор У.Х.Шәлекеновтың бұл томына «Ү-ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы» атты зерттеу еңбегі еніп отыр.

Қойгелдиев М.

Қазақ Елі: Ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы күрес (ХІХ ғ.-ХХІ ғ. басы) Монография. М.Койгельдиев- Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС, «Дәстүр»,2014.-432 б.

         Қазақ елінің тарихы-ұлттық құндылықтар мен болмыс үшін, яғни, қазіргі ғылым тілінде ұлттық бірегейлікті сақтау үшін күрес тарихы. Автор осы арпалысты күрестің соңғы жүзжылдықтардағы негізгі кезеңдері мен бағыттарына тоқталады.

 

clip image003

Мұхамадиев Д.

         Сан қырлы ғалым: Әдеби зерттеу / Д.Мұхамадиев. Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2014.-288 б.

         Зерттеуде көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, профессор Мекемтас Мырзахметұлының абайтану, әуезовтану ғылымдарына үлкен үлес боп қосылған іргелі ғылыми еңбектері жан-жақты талданып, ғалымның ұлттық болмыс мәселелерін көтерген азаматтық ұстанымдары пайымдалады.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni