Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image0012

Балқыбек Ә.

     Ақын апологиясы: Тарихи эсселер, әдеби мақалалар, аудармалар.-Алматы: "Каратау КБ" ЖШС; "Дәстүр", 2015-400 бет.

     1990 жылдардың басында қазақ әдебиетіне жасындай жарқылдап келген талантты ақын, сирек ұшырасатын интеллектуал, дарынды әдебиетші Әмірхан Балқыбектің бұл кітабына әр жылдары жарыққа шыққан аудармалары, тарихи эсселері мен әдеби мақалалары еніп отыр.

clip image0011

Есенқарақызы Ханбибі

   "Ақ жол"- Көптомдық. 1-том. /Х.Есенқарақызы- Алматы: "ҚАЗақпарат" баспасы, 2015-380 бет.

     Өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген "Ақ жол"газетінің мақалаларынан құралған бұл кітаптың тарихи танымдық тұрғыдан алғанда саналы оқырман қауымға берері мол.

clip image0010

Жақып Мамадияр

     Жүрген жолда қалған із.- Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі, 2015.-384 бет.

     Автордың бұл кітабының аталуында зор мән бар.Осы жинақтан Қазақстан журналистер одағы сыйлығының бес мәрте иегерінің, Қазақстан құрметті журналисінің жарты ғасырдан аса уақытты қамтитын шығармашылық жолының да, азаматтық жолының да сипатын аңғарғандай боласың. Ол өз елімізді көлікпен де, жаяулап та көп араласа, біраз шет елдерге де сапар шеккен. Сол сапарлардан тұшымды із қалдырған журналист.

clip image00010

Сарай Ә.

     Көк түріктері /Әнес Сарай.-Алматы: "Мерекенің баспалар үйі" ЖШС, Mereke baspasy, 2014-688 бет, 66 сурет.

     Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сарай Әнес Төлендіұлы- әдебиетіміз бен рухани өміріміздегі белгілі тұлға. Қаламгер "Көк түріктерінің империясы" атты жаңа енбегін оқырман қауымға ұсынып отыр.

clip image00009

Әлжантегі Төкен.

     Егіз арна (хикаяттар) / Төкен Әлжантегі- Алматы: "Хантәңірі", 2015,-380 бет.

     Жазушы Төкен Әлжантегінің бұл жинағына ел мен жер, тарихқа қатысты туындылары еніп отыр. Қаламгердің тілі жатық, сөз саптауы әдемі, баяндау мәнері ерекше.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni