Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image0014

Үркімбай Нұрлытай

         Аласармас асқарлар: эсселер мен деректі әңгімелер /Нұрлытай Үркімбай.-Алматы: «Хаңтәңірі» баспасы; 2015-342 бет.

         Қаламгер Нұрлытай Үркімбайдың «Аласармас асқарлар» атты жинағы- замандастарымыздың имандылық келбетін, рухани ерліктерін тілге тиек еткен дүние. Мұнда еліміздің іргетасын одан әрі нығайтуға септігі тиетін маңызды тақырыптар, бүгінгі және келер ұрпақ бойында ұлттық рухымыздың күшейе түсуіне ықпал ететін дүниелер қамтылған.

clip image0013

Ибраим Самат.

         Сыр перне. Эсселер мен публицистикалық мақалалар /Самат Ибраим.-Алматы: «Ана тілі» баспа үйі, 2015-240 бет.

         Белгілі журналист Самат Ибраимның бұл шығармасына өнер,мұнайлы өлке шежіресі, ақтаңдақтар ақиқаты, ардагерлер өнегесі тақырыптарын арқау еткен.

clip image0012

Ибраим Самат.

      Ататоры. Әңгімелер /Самат Ибраим.-Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2015-190 бет.

         Автордың бұл кітабында кейіпкерлердің қилы-қилы тағдыры, психологиялық иірімдері мен ішкі жандүниесі шынайы суреттелген.

clip image0011

Әмірбек К.

         «Сөйле десең, сөйлейін»: Естелік, эссе, сыр-сұхбат /К.Әмірбек.-Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015.- 468 бет.

         Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбек халыққа қалжыңымен танымал сықақшы ғана емес, көлегейі жоқ көркем сөз шебері екені елге мәлім. Оның бұл кітабына атақты ақын-жазушылар, сайыпқыран сатириктер, өнер жұлдыздары, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы сыр-сұқбат, эссе мен елеулі мақалалары енген.

clip image0001

Досжан Д.

         Тарланбоз: эсселер, пікірлер, зерттеу.-Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015-480 бет.

         Бұл үш тараудан тұратын кітапқа ҚР Мемлекеттік, М.Әуезов және М.Шолохов атындағы сыйлықтардың, «Парасат» пен «Құрмет» ордендерінің иегері, аса көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның бұрынғы кітаптарында жарияланбаған, өмірінің соңғы жылдарында жазған әңгімелері енгізіліп отыр. Сонымен қатар жазушының шығармалары мен өмірі жайында белгілі ғалымдар мен әріптестері, достары, аяулы жары сөз толғайды.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni