Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image0009

Ашықбаев Ертай

         Туған күн: Екі томдық шығармалары. 2-том. Өлеңдер /Е.Ашықбаев.-Алматы: «Хантәңірі» баспасы; 2015-342 бет.

         Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың алуан тақырыптағы жеңіл де жатық, ойнақы да ойлы өлеңдері, тапқыр көріністік сипаттағы дүниелері, танымдық шуақты шумақтары балалар психологиясын дөп басып тұрады.

clip image0008

Ашықбаев Ертай

         Әскерден келген студент: Екі томдық шығармалары. 1- том. Өлеңдер, толғаулар, поэма /Е.Ашықбаев.-Алматы: «Хантәңірі» баспасы; 2015,-342 бет.

         Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың бұл кітаптағы туындыларының басты ерекшеліктері- сазды қайырым мен өрнекті образ, астарлы емеурін мен шуақты юмор, мәнерлі мазмұн мен қанық бояу.

clip image0007

Ашықбаев Ертай

         Өлең мен өмір: Әдеби мақалалар.- Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015-240 бет.

         Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың әдеби мақалалары топтастырылған бұл кітап- әдебиетімізге олжа салған әр буын ақындарының әрқилы қолтаңбаларының ерекшеліктері һәм бүгінгі қазақ поэзиясы туралы жаңаша толғамдар, байыпты байламдар.

clip image0006

Амантай Дидар

         Махамбет философиясы: проза, философия, эсселер, өлеңдер, рецензиялар, сұқбаттар /Бес томдық шығармалар жинағы/ 2 том. Дидар Амантай.-Алматы, 2014-604 бет.

         Қазақтың көрнекті жазушысы, проза шебері әрі кинодраматург Дидар Амантай ел назарына ұсынып отырған бұл кітабына өзектес, сабақтас, тақырыптас шығармаларын енгізіп отыр. Автор кез келген туындысында қаһарман мінез-құлқын қимыл-әрекеті, пәлсапалық ойы және диалогтары арқылы жан-жақты ашып суреттеген.

 clip image0022

Жандыбаев Ғ.

         Ақсүйек-арман пырақ. Ән-өлеңдер, аудармалар. /Ғ.Жандыбаев.-Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2015.-384 бет.

         Ғұсман Жандыбаев көптеген жыр жинақтарының авторы.

Кітапқа белгілі ақынның ән-өлеңдері, орыс, неміс, беларусь, түркі тілдес өзбек, қырғыз, ұйғыр, татар, түркімен, қарашай ақындарының жырларынан тәржімалаған аудармалары енді.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni