Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image0005

Ібітан Еркін

         Шығармалары. 1-том. Өлеңдер, поэмалар, толғаулар /Еркін Ібітан.-Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2015-342 бет.

       Қазақстың белгілі ақыны Еркін Ібітанның бұл таңдамалы жыр жинағы соңғы жылдары жазған поэмалары мен өлеңдерінен тұрады. Өмірдің қалтарыс-бұлтарысын шынайы күйінде жеткізу-ақындық шеберліктің, таудың мөлдір бұлағындай тазалықтың айғағы. Хантәңірідей ғажайып табиғат аясынан шыққан ақын жүрегі тек сұлулықпен ғана үндесіп, жыр сүйер қауымды тәнті ете түседі.

clip image0004

Ниязбек Рафаэль

         Шығармалары: Өлеңдер/ Рафаэль Ниязбек.-Алматы: «ҚАЗақпарат», Т.6-2015.-380 бет

         Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының және Ресейдің Сергей Есенин алтын медалінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің алтыншы томында дауылпаз ақын Махамбеттің қилы тағдыры, ол ғұмыр кешкен аумалы-төкпелі уақыттың улы зардабы, сабылған ердің шерменде өмірі өрелі де шынайы суретелген.

clip image003

Ниязбек Рафаэль

         Шығармалары: Өлеңдер/ Рафаэль Ниязбек.-Алматы: «ҚАЗақпарат», Т.5-2015.-380 бет

         Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының және Ресейдің Сергей Есенин алтын медалінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің бесінші бұл томдығына енген өлеңдерінде Елбасының саясаты, дара келбеті, жаратылыс-болмысы биік өреде жырланып, жарқырап ажарлы көрінеді. Туған елдің тұрлаулы тағдыры, бүгінгі тыныс-тіршілігі, болашаққа жол тартқан көрікті көшінің сән-салтанаты да көркем тілмен шебер суреттелген.

 clip image0004

Ниязбек Рафаэль

         Шығармалары: Өлеңдер/ Рафаэль Ниязбек.-Алматы: «ҚАЗақпарат», Т.4-2015.-380 бет.

         Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының және Ресейдің Сергей Есенин алтын медалінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің бұл томдығына енген өлеңдеріндеелдің-елдігін, ердің-ерлігін , қай өлеңінен де ерлік іздері сайрап жатқан сордаланың көркем келбеті биік өреде айқын көрінеді.

2015 жылдың қазан айында келіп түскен жаңа кітаптар

clip image002

Жақанов И.

         «Жүрек пернесі» Лирикалық эсселер. И.Жақанов-Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015.-480 бет.

         Кітапта Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғыстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, Жамбыл және Ш.Айтматов атындағы халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, атақты композитор, белгілі жазушы, өнер зерттеушісі, суретші Илья Жақановтың халық әндерінің шығу тарихы мен халық әншілерінің өмір жолы туралы жазылған лирикалық эсселері мен «Зәу-затымның баяны» атты өзінің өмірбаяны баяндалады.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni