Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

2015 жылдың ақпан айында келіп түскен жаңа кітаптардың тізімі

Оразалин Н.

            Шығармалар жинағы: /Нұрлан Оразалин.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2014.Т.1: Жыр кітабы-400 б.

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ жырына олжа салған, өз үні, өз қолтаңбасы айқын, көрнекті ақын, танымал драматург Нұрлан Оразалиннің жарты ғасырдан асып жығылаар қаламгерлік ғұмырбаянын қамтитын бұл көптомдық шығармалар жинағы ойшыл суреткердің жаратылысын танып, тұлға табиғатын ашуға мол мүмкіндік береді.

Қайран Ә.

            Наркескен: Тарихи дастандар.Толғаулар. Өлеңдер/ Ә.Қайран.-Алматы, ЖК «Нуракынов» 2014.- 400 б.

            Өткен ғасырдың 80-ші жылдары қазақ әдебиетінекелген үлкен шоғырдың белді өкілдерінің бірі, қазақтың белгілі ақыны Әбубәкір Қайранның бұл жинағына қазақ елінің тәуелсіздігі жолында жан аямай күрескен Кенесары хан мен Қаракерей Қабанбай батыр жайлы тарихи дастандары,балладалары,әлемдік әдебиеттің айтулы өкілдерінің туындыларынан аудармалары еніп отыр.

Баяндин Құттыбек

            Нұрмолда Алдабергенов. / Қ.Баяндин.-Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2014.-312 бет +16 бет фотосуреттер.

            Бұл кітапта ұрпағына өнегелі өміршең іс қалдырған халқымыздың ардақ тұтар асыл азаматтарының бірі- Нұрмолда Алдабергеновтің қилы да, қызық тағдыры туралы баяндалады. Тірлігінде Нұрекен ауыл шаруашылығының академигі атанып, елінің абырой атағын аспанға көтерді, омырауына қос Алтын жұлдыз тақты, қазақтың белгілі ақын,жазушыларымен, қоғам қайраткерлерімен үзеңгілес дос-жараң болды. Оның бар ғұмыры ел-жұртына тек адал қызмет істеумен өтті.

Ахетов Амантай

            Звездой полночною сгорая: Поэзия/ Амантай Ахетов.- Алматы: Ассоциация издателей и книгораспространителей.-2014г.-320 стр.

            Поэзия Амантая Ахетова состоит из чувственной, духовной и гражданской лирики. Трепетны и проникновенны стихи о родине, добротой души наполнены поэтические осмысления жизни, божественного назначения человека, а гражданская лирика пронизана болью по мрачным вызовам времени метаний и поиска своего достойного места в истории и настоящем.

Ақтан Керейұлы, Доскей Әлімбайұлы, Аралбай Оңғарбекұлы

            Шығармалары.- Алматы: «НұрлыPress.kz»2014.-288 бет.-(Ақындар аманаты)

            Ақтан Керейұлы, Доскей Әлімбайұлы, Аралбай Оңғарбекұлы- заманы бір болғанымен, ақындық арыны мен айту мәнері әр алуан дарын иелері. Айналасына сын көзбен қарап, уақыт ағысын барлау талабы айқын. Жинақтар мен шыығармалардан алынған шығармалары топтастырылды.

Есенжанов Х.

            Көп томдық шығармалар жинағы /Хамза Есенжанов.- Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2014. Т.ҮІ: Әңгімелер-392 б.

            Қазақтың көрнекті жазушысы Хамза Есенжановтың көп томдық шығармалар жинағының бұл томына әңгімелері мен мақалалары кірді.

Күмісбайұлы Шәкен.

            Гүл мен Нұр /Шәкен Күмісбайұлы.- Алматы, «Балалар әдебиеті»

2014. Т.3.-320 б.

            «Гүл мен Нұр». Жазушының бұл томы әр жылдары жазылған әңгімелер мен ертегілерден тұрады. Негізгі тақырыбы-соғысқа қарсы қарғыс десе те жөн болар. Қазіргі өмір кезеңінде, жалқау, ұры, қаніпезер, елге қауіпті адамдарға қарсы әрекет жасаған жас жеткіншектердің әрекеті де қызықты баяндалады. Ал ертегілер- әдебиеттің бастауы. Оны оқымайтын бала жоқ.

Айтұлы Н.

            Шығармалары, 7 томдық.- Астана: Фолиант, 2014. Т. 4.Өлеңдер,толғаулар, ән-өлеңдер, поэмалар.-464 б.

            Қазақтың көрнкті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлының көп томдық шығармалар жинағының бұл томына әр жылдары жазылған өлеңдері, толғаулары, ән-өлеңдері, поэмалары енгізілді.

Омарұлы Бауыржан

            Ең әдемі ертегі. Эсселер мен портреттік мақалалар. Астана: «Елорда»,

2014.-176 бет.

            Бұл жинаққа ұлт руханиятында өзіндік орны бар тұлғалар мен елге танымал азаматтар туралы эсселер мен портреттік мақалалар топтастырылған. Кейіпкерлердің азаматтық бейнесі, болмыс-бітімі шынайы көрініс тапқан. Автор оқырманға танымдық мәліметтер мен деректерді молынан ұсынады.

Яшүкірқызы Өріс.

            Ескі қоныстағы ел. /Хикаят пен әңгімелер жинағы/ Астана: «Елорда» 2014.-256 бет.

            Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Яшүкірқызы Өріс мемлекеттік тапсырыспен шыққан бірнеше кітаптардың авторы. Ұсынылып отырған бұл жинақта қазіргі нарықтық заманымыздағы ауыл өмірі, ондағы өмір сүріп жатқан адамдардың шынайы тіршіліктері суреттеледі

Жиенбаев С.

            Көп томдық шығармалар жинағы. /Сағи Жиенбаев.-Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, Т.ІІ: 2014.-384 б.

            Көрнекті ақын Сағи Жиенбаевтың он томдық шығармалар жинағының бұл томында жинақталған өлеңдерінен туған топыраққа, ұлт пен жұртқа деген ыстық ықылас байқалады, ұрпақ бойындағы ұлттық сезімді оятатын, ұлттық рухты көтеретін өршіл өлеңдер де баршылық.

Құлтума Өтемісұлы, Нарманбет Орманбетұлы, т.б.

            Шығармалары.- Алматы: «НұрлыPress.kz» 2014.-288 бет.- (Ақындар аманаты)

            Өз заманының өрен жүйріктері, суырып салма ақын, әрі жыршылар қатарында кеңінен танымал тарландардың жинақтары мен мұрағаттардан алынған туындылары топтастырылып беріліп отыр.

Бораш Қ.

            Жұмыр жердің жұмағы. /Қуат Бораш.- Алматы: Баспагерлер мен кітап таратушылар ассоциациясы, 2014.-320 б. Суретті.

            Бұл кітап үш бөлімнен тұрады: «Жұмыр ой», «Жұмыр жер», «Жұмыр мүсін».Кітап авторы Қуат Бораш жинақтың бірінші бөлімінде еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси даму сатылары бойынша сараптамалық ой-толғамдарын ұсынса, екінші бөлімде журналистік қызметінде әлем елдеріне жасаған сапарларынан әзірлеген мақалалары берілген, үшінші бөлімде елге танымал тұлғалар, ата-ана, дос-жаран туралы очерктері мен естеліктері топтастырылған.

Омашев Н.

            Жиырмасыншы жылдар журналистикасы.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014- Т.2.-320 бет.

            «Жиырмасыншы жылдар журналистикасы» көптомдығының бұл томында оқу-білім, отырықшылыққа көшу, ұлт театрын құру, әліпби, баспасөз мәселелерімен бірге басқа да саяси-шаруашылық, мәдени-ағарту тақырыптар ауқымды көтерілген.

Булекбаев С.Б., Хайруллаева В.Х.

            Феномен сознания в философии: новый взгляд: Монография / С.Булекбаев, В.Хайруллаев.- Алматы: Ассоциация издателей и книгораспространителей, 2014-256 стр.

            В данной монографии авторы рассматривают новейшие научные и философские концепции проблемы сознания, дают критическую оценку различным методологическим подходам в исследовании сознания. В монографии авторы рассматривают различные технологии измененных состояний сознания в истории культуры.

            Спорт-ғұмыр: естеліктер / Құраст: Ж.Сейдуманов,- Алматы: Баспагерлер мен кітап таратушылар ассоциациясы, 2014.-164 бет. Суретті.- қазақша-орысша.

            «Спорт-ғұмыр» кітабының кейіпкері гір спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ауыр атлетикадан КСРО спорт шебері, Гиннестің рекордын екі мәрте жаңартқан қарт спортшы-Әмірбай Рысқұлов. Ә.Рысқұлов өмірінің ақтық сәтіне дейін спортты серік етті. Өнегелі өмірін жастарға үлгі ете білді. Ауыл спортының жандануына, мәдениет саласының өркендеуіне зор үлес қосты.

Әлімбек Г.

            Көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған «Қазақ тілі» оқу құралы /Г.Әлібек.-Алматы: 2014.-176 бет.

            Оқу құралында көркем мәтіндегі синоноим, омоним, антоним сөздермен, фразеологизмдермен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар мен тіл үйренушінің мәтінді, оқиға желісін, ондағы суреттеулер мен детальдарды баяндауына, мәтін мазмұнын қалай түсінгендігін тексеруге арналған бақылау сұрақтары берілген. Құрал тіл үйренушілердің пайдалануына жеңіл боп келеді.

Ахтанов Т.

            Көп томдық шығармалар жинағы /Тахауи Ахтанов.-Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2014. Т.ҮІ.Үндістан хикаясы-392 б.

            Жазушы тахауи Ахтановтың көп томдық шығармалар жинағының бұл томына «Үндістан хикаясы» атты туындысы кірді.

Қалиев Б.

            Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /Б.Қалиев.- Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2014.-728 б.

            Бұл сөздікте «Қазақ әдеби тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігінде» жоқ 10 мың 690 сөз бен 2 мың 645 сөз тіркесі-барлығы 13 мың 335 тілдік бірлік жинақталып, олардың әрқайсысына анықтама берілді және мысалдар келтірілді.

            Казахские богатырские сказания: фольклор-Алматы RS; Международный клуб Абая, 2014.-368 стр. (І-ХХІвв.)

            В книге использованы работы художников: Агымсала Дузельханова, Евгения Сидоркина, Сембигали Смагулова, Кайрамбаева Джумакына, Казакбая Ажибекулы, Айбека Беталина, Ботагоз Аканаевой.

Сүлейменов О.О.

            Таңбалар тілі.- Алматы, «Олжас кітапханасы» Баспа үйі, 2014.-384 б.

            Көрнекті қазақ жазушысы Олжас Сүлейменов талай жылдардан бері лингвистикалық зерттеулермен айналысып, біртұтас мәдени және тарихи кеңістікте ғұмыр кешкен түрлі халықтардың тілдеріндегі өзара байланыстарды іздеумен келеді.

Бұдан біршама уақыт бұрын орыс тілінде жарық көрген «Таңбалар тілі» кітабы лингвист-ғалымдардың арасында зор қызығушылық туғызды. Аталған кітаптың ана тіліміздегі нұсқасы қазақтілді аудитория арасында лайыкты қабылданды.

Умирьяев Б.

            Безвестные тюрки....(Исчезнувшие цивилизации)- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.-480 стр.

            В этой книге автор обращается в далекое прошлое тюрков, определяя их культурные и языковые связи с другими древними народами.

Әбілдинов Қ.

            Ағайынды Байшолақовтар- Братья Байшулаковы / Қайрат Әбілдинов.- Астана: «Жарыс», 2014.-384 бет+жапсырма 16 бет.-қазақша, орысша.

            Белгілі журналист Қайрат Әбілдиновтің бұл туындысы самбо күресі тарихында өшпес із қалдырған ағайынды Байшолақовтардың өмір тарихына арналған.

Нүсіпоқасұлы А.

            Тал бесіктен жер бесікке дейін. /Айып Нүсіпоқасұлы.- Алматы: «Өнер 21-ғасыр» қоғамдық қоры, 2014.-592 бет.

            Бұл жинақтың тараулары жеке-жеке кітапша болып, 2002 жылы Үрімші қаласындағы (Қытай) «Шыңжаң жастар-өрендер» баспасынан араб карпімен жарық көрген. Автор оларды қайтадан қарап, толықтырып, оқырмандарға тұтас бір том етіп ұсынып отыр. Жинақта қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын-сауықтары, халықтық тәрбиесі туралы жан-жақты мағлұмат берілген.

Исабаев Н.

            Айналайын арманым. /Нұртас Исабаев.- Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2014.-288 бет.

            Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ақпарат және Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Нұртас Ибрагимұлы Исабаевтың ұсынылып отырған бұл жыр жинағы сондай әсерлі, жүректен шыққан жалынды жырлардан тұрады.

Вотинцев П.

            Страна моя, от края и до края: сборник стихотворении / Петр Вотинцев.- Алматы: Ассоциация издателей и книгораспространителей, 2014.-232 стр.

            Любителям поэзии имя Петра Вотинцева хорошо известно. Его лирика тонко и точно отражает душевное состояние человека. Стихи его разноплановы. Поэт пишет, радует взрослых и детей такими необычайно интересными и позновательными стихами.

            Әлемдік және ұлттық спорт ойындары: Энциклопедия /Құраст. Мереке Құлкенов.-Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2014.-272 бет, суретті.

            Балалар мен жасөспірімдерді спортты сүюге баулитын бұл жинаққа әлемдік спорт ойындарының түрлері мен қазақ ұлттық спорт ойындары туралы қысқаша мақалалар мен суреттер берілген.

            Қазақ өнерінің антологиясы. 25 томдық. /Құраст. М.Жолдасбеков, Р.Әлмұханова. Астана,- «Күлтегін» баспасы. Айтыс. Т.1. (Кеңестік кезеңге дейінгі айтыс).- 2014.-400 бет.

            Айтыс- импровизациялық өнердің ең биік шыны, бағзы замандардан бері жалғасып келе жатқан асыл мұра. Оның Қазақ руханиятындағы, ұлт мәдениетіндегі алатын орны да зор. Ұсынылып отырған «Айтыс» көп томдығының бұл бірінші томы кеңестік кезеңге дейінгі айтысқа арналады.

Ерубаев С.

            Шығармалары. Роман, өлең-жырлар, әңгімелер, сықақ, сын, көсемсөз. Естеліктер, мақалалар / Құраст. Б.Хабдина, Б. Қойшыбаев.- Алматы: «Рух БГ» баспасы, 2014.- 480 бет + 8 жапсырма бет.

            Кітапқа қазақ әдебиеті төрінен мәңгілік құрметті орын алған, жастардың сүйікті жазушысы Саттар Ерубаевтың атақты «Менің құрдастарым» романы, өлең-жырлары, әңгімелері, сатирасы, әдеби сындары мен публицистикалық еңбектері, сондай-ақ қатардағы оқырманының оның өмірі мен қызметі жайлы өзіндік саттартану бағытындағы жазбалары енгізілген.

Қараүлек ана, Қамқа Қазыбекқызы, Алмажан Азаматқызы, Ұлбике Жанкелдіқызы, т.б. Шығармалары- Алматы: «НұрлыPress.kz», 2014- 288 б.- (Ақындар аманаты)

            Өлеңмен ойлау, өлеңмен сөйлеу өткен ғасырларда өмірдің өзіндік қызығына, өнердің өзгеше саласына айналғанына- ақын қыздардың шығармалары да жарқын куә. Төкпе ақындардың санатында қыздардың осынша мол ұшырасуы- әлем әдебиетінің тарихында бұған дейін болмаған, қайталанбас құбылыс. Оқырмандарға ұсынылған осы жинаққа, есімдері ел жадында сақталған аяулы да ардақты ақын қыздардың шығармалары енгізілді.

Гете И.В.

            Жас Вертердің қасіреттері: Роман.- Алматы: «Дәуір-Кітап», 2014.-132 бет.

            Тұңғыш рет неміс тілінен қазақ тіліне тікелей аударылып, оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл роман-ұлы ақынның небәрі жиырма бес жасында жарық көріп, оның есімін әдебиет сүйер қауымға танымал еткен туындысы.

Матайқызы Д.Т.

            Айналайындарым менің... /Матайқызы Ділдә Тасмағанбеткеліні.- Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2014.-288 б.

            Өмірден көргені мен түйгені көп мейірбан ана Ділдә Матайқызының «Айналайындарым менің» кітабы жас ұрпақтың тәрбиесіне арналған. Автор өзінің өмірбаяндық деректерін ұлттық салт-санамызбен, дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра отырып кейінгі толқын- жас ұрпақтың санасына ғибратты әңгімелерді құяды.

Асфендияров Санжар

            Шығармалары. Төрттомдық шығармалар жинағы. /Санжар Асфендияров/- Алматы: «Ел-шежіре»,- 2014. Т.3:- 408 бет.

            Қазақ халқының біртуар перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, профессор Санжар Сейітжафарұлы Асфендияровтың шығармалар жинағының үшінші томына оның 1935 жылы жарық көрген «История Казахстана (с древнейших времен)» атты ғылыми еңбегі кірді. Аталған кітап отандық тарих ғылымында қазақ халқының көне заманнан бері 1917 жылғы Ақпан революциясына дейінгі тарихын қамтыған алғаш кешенді зертеу еңбегі болды.

            Армандастар: жинақ /Құраст. Рахат Қосбармақ.- Алматы: Баспагерлер мен кітап таратушылар ассоциациясы, 2014- 208 бет.

            Бұл кітап- өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында әдебиетке алаулатып, жалаулатып келген жас қаламгерлердің көркем шығармаларының жинағы.

Жинаққа топтастырылған барлық туындылардың басын қосқанда, негізгі айтар ойы, ағар арнасы, құяр сағасы біреу-ақ. Ол-адамгершілік, ар-ождан, мейірім мен шапаағат, иман мен инабат мәселелері.

Әбілқасымов Н.

            Тасжарған. Өлеңдер /Нұрмұхаммед Әбілқасымов.- Алматы: Алматыкітап баспасы, 2014.-128 бет.

            «Өнердің шығу тегі- трагедия. Трагедия бар жерде өнер де, өлең де өлмейді»-дейді ол. Аллам маған қалам ұстауды жазбапты. Жырларымды аузыма жыңғыл таяқша тістеп, ұялы телефонның тоғыз санды пернесімен теріп жазамын. Алланың күшімен жұқпайтын жыңғылды да жаздырдым. Маған күш-қуат беріп, төрт жылдың ішінде ақын атандырған- осы Алланың берген трагедиялы тағдыры шығар. Бұл кітапқа ақынның жүректі жарып шыққан өлеңдері енгізілген.

Сарин Қ.

     Құс жолындағы керуен. / Қалқаман Сарин- Астана: Профи Медиа, 2014.- 144 бет

            Қалқаман Сарин- қазіргі жастар поэзиясындағы танымал ақындардың бірі. Ақынның өлеңдері нәзік те сазды, сыршыл иірімдерімен, ой мен сезім үндескен әсем үйлесіммен ерекшеленеді. Бұл жинаққа енген өлеңдері тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан сан-салалы, көркемдік бітімі келіскен туындылар.

Әлібек Сабырбаев

            «Алтын Орда мұрагері» зерттеу. Қызылорда: Тұмар баспасы. 2012 жыл, -256 бет.

            Оқырманға ұсынып отырған «Алтын Орда мұрагері» атты зерттеу кітабында «Алтын Орда мұрагері», «Алты ата Әлімнің Ноғайлы дәүіріндегі орны», «Ел қамын жеген Ер Едіге», «Борис Годуновтың тегі қазақ екенін білеміз бе?» деген тақырыпта оқиғалар тарихпен байланыстырыла жазылған.

Бақтыбай Бердібаев

            Қайсар қалам.- Алматы: Дала баспасы, 2014ж.-208 бет.

            «Қайсар қалам»- журналист Бақтыбай Бердібаевтың тұңғыш туындысы. Өмір өрісі мен тіршілік тынысына тілшінің көзімен қарап, көңілімен саралайтын автордың айтары мол. Әр кезде, әр түрлі жағдайда жазылған жазбалардың басын құрайтын бұл жинақ бір жағынан журналистің жұрт алдындағы есебі деп те қабылдауға болады.

Қоңқабаев Б.

            Болмысы бөлек Бөгенбай. / Естеліктер, толғаулар, деректі әңгімелер. Алматы: «Заңғар» 2014.- 200+40 түрлі-түсті фотосуретті жапсырма бет.

            Бұл кітапта Сыр өңірі денсаулық саласының дамуына, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне елеулі үлес қосқан аудан, ауыл халқы мен малшы, егінші қауымының саулығын сақтауға қызмет еткен, Шиелі аудандық СЭС-нің басшысы ҚР-сы денсаулық сақтау ісінің үздігі, аудандық мәслихаттың депутаты, ҚР-сы дәрігерлерінің екінші съезінің делегаты болған Бөгенбай қажы Есіркепұлының елі, халқы үшін жасаған қызметі мен адами болмысы баяндалады.

Итен Қарымсақұлы

            Қоңыр қалам- Алматы: «Arna-b», 2012.-312 бет.

            Республикаға белгілі журналист, «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына-20 жыл» мерекелік медальдардың иегері, Қазақстанның құрметті журналисі Итен Қарымсақұлының бұл кітабы алты бөлімнен тұрады. «Тамыра терең әулетпіз», «Жаныма жақын жандар», «Заң, ар-ождан, адам» «Толғандыырар тоғақты ойлар», «Замандастар», «Мәртебе өсірер мерейлі сөздер».

Нұрмаханов О.

            Қорқыт қобыз.- Алматы: ARNA-B, 2014.-152 бет.

            Бұл кітап ақын Оңталап Нұрмахановтың тұңғыш жыр жинағы. Төрт бөлімнен тұратын жинақта Ұлы қобызшы туралы автор мүмкін болғанынша ой айтып және оларды мәнерлеп жырға қосуды мұрат еткен және онысы сәтті шыққан.

Cабырбаев Әлібек Сейітмұратұлы

            Мамай: аңыз бен ақиқат зерттеу. Қызылорда: Тұмар, 2014 ж.-288 бет.

            Автордың оқырманға ұсынып отырған бұл зерттеу кітабында Қазақ тарихында бірінші рет қолға алынып, орта ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінің «Бұлғақ толқыны» (Замятни великой) кезіндегі, Орданың беклербегі (әскер қолбасшысы) Мамайдың іс-әрекеттерін, оқырманға шынайы жеткізген.

            Cіздің денсаулыққа деген құқығыңыз: Халықтық анықтамалық

/Б.Н.Түменованың редакторлығымен.- Алматы: Art Depo studio баспасы, 2014.-108 бет.

            «Cіздің денсаулыққа деген құқығыңыз Халықтық анықтамалық» деген басылымның алғашқы шығарылуы Сорос-Қазақстан қорының қаржылық/сараптық қолдауымен шығарылды. Бұл басылымның науқастар мен медицина қызметкерлер арасында қызығушылық танытқанын ескере отырып, «Аман-саулық» қоғамдық қоры оны толықтырып және қайтадан көп таралым етіп шығаруды ұйғарды.

            Cаяси сана саңлақтары (ХІХ-ХХ ғ.ғ)

Орыс тілінен аударған Ғосман Төлеғұлұлы.- Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.- 496 бет.

            Кітапқа ХІХ-ХХ ғасырларда дүние жүзіне белгілі болған философтар мен саясаттанушылардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің кең танымал еңбектері топтастырылған.

            «В газетных строчках-летопись области» Кызылорда «Тұмар», 2014г.-224 стр.

Эта книга, посвященная 85-летию газеты «Кызылординские вести»,-экскурс не только в газетное прошлое, но и в историю всей Кызылординской области. Здесь отражена летопись земли Сыра за последние восемь с половиной десятилетий.

            «Сырдың сырлы шежіресі», Қызылорда, «Тұмар», 2014ж.-228 бет

Аймақ баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Сыр бойы» газетінің 85 жылдығына орай жарық көріп отырған бұл кітап бұрынғы мен бүгінгінің қатар өрілген бейнесі іспеттес. Түрлі дәуірдегі тарихи деректер мен басылымда әр жылдары қызмет істеген қаламгерлер жайлы мақалалар топтастырылған туындының оқырман қызыға оқитын рухани дүниеге айналары сөзсіз.

Құрманбайұлы Ш.

            Қазақ терминологиясы:зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. Алматы: «Сардар», 2014.-928+16 жапсырма бет.

            Бұл кітапқа ғалымның «Қазақ лексикасының терминденуі», «Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары», «Алаш және терминтану (ХХғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы)» атты монографиялары мен «Терминтанушы құралы» атты оқулық-сөздігі және қазақ терминологиясының бір ғасырдан астам уақыт аралығындағы зерттелуін көрсететін «Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші» атты еңбектері еніп отыр.

Крым Алтынбеков

            Возрожденные сокровища Казахстана: опыт научной реставрации. Алматы: Остров Крым, 2014.-360 стр. илл.

            Это первое казахское издание, в котором освещается комплекс вопросов, связанных с сохранением достояния нации. Сохранить и донести до наших дней красоту и мудрость исчезнувших цивилизаций- вот основная задача консервации, реставрации и научной реконструкции археологических объектов.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің фотоальбом кітабы.

-         Алматы, 2014.-248 бет.-қазақша, орысша, ағылшынша.

Мырзахметұлы М.

            Абайтану: 2-кітап. Өнд. толықт.,2-бас.- Астана: «Interactiv Kazakhstan», 2014.-524 бет.

            Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы дайындап отырған бұл кітапта ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен мұрағат қазыналары егжей-тегжейлі екшеліп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған.

Жанайдаров Орынбай Куленович.

            Қазақ жерінің 100 аңызы- Алматы: «Сораба» қоғамдық қоры. 2014.- қазақша, орысша, ағылшынша, ІІІ-том-240 бет.

            Топонимикалық аңыздар-әу баста дәлдікке негізделген, елді мекендердің немесе басқа да географиялық атаулардың шығу тегін сипаттайтын халық ауыз әдебиетінің жанры. Бұл аңыз- әңгімелерде халықтың тұрмысы мен менталитеті көрініс тапқан.

clip image999

Михайлюкова З.

         Семейное воспитание незрячего дошкольника.- Алматы: Раритет, 2014.- 240 стр.

         Автор книги описывает некоторые особенности обучения и воспитания детей с глубокими нарушениями зрения, подчеркивает специфику развития речи, дает рекомендации по ориентировке, физическому воспитанию, навыками самообслуживания.

clip image099

Растительный мир. Энциклопедия. / Перевод с англ. А.Байдилдиновой.- Астана: Издательство «Фолиант», 2014.- 160 стр- Сер. «Библиотека энциклопедий».

         Эта книга перевернет ваши представления о растениях, и вы непременно почувствуете любовь к их богатому и щедрому миру.

clip image477

Өсімдіктер әлемі. Энциклопедия / Қазақ тіліне аударған Д.Алипбаева.- Астана: «Фолиант» баспасы, 2014.- 160 бет- «Балалар энциклопедиясы» сериясы.

         Бұл кітапты оқи отырып, өсімдіктер дүниесінің таңғажайып сырларына қанығасыздар.

clip image088

Оразалықызы Г.

         Шахмардан Есенов: - Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2014.- 376 бет+ 32 бет фотосуреттер.

         Ақын бұл кітабында КСРО және ҚССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, бірақ әділетсіздік салдарынан көп қиянат көрген, сонда да адамдық, азаматтық, ғалымдық тұлғасына дақ түсірмей өткен Ш. Есеновтің бейнесін ұсынады.

clip image911

Олжай Қ.

         Жер мен аспан арасындағы дастан: / Қ.Олжай.- Алматы, ҚАЗақпарат, 2014.- 206 бет.

         Журналист Қ.Олжайдың кезекті кітабы экологиялық очерктерден тұрады. Кітап табиғатқа, ондағы аң-құстар мен жануарларға, өсімдіктер мен тау-тасқа аяушылықпен қарауға үндейді.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni