Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image0013

Ибраим Самат.

         Сыр перне. Эсселер мен публицистикалық мақалалар /Самат Ибраим.-Алматы: «Ана тілі» баспа үйі, 2015-240 бет.

         Белгілі журналист Самат Ибраимның бұл шығармасына өнер,мұнайлы өлке шежіресі, ақтаңдақтар ақиқаты, ардагерлер өнегесі тақырыптарын арқау еткен.

clip image0012

Ибраим Самат.

      Ататоры. Әңгімелер /Самат Ибраим.-Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2015-190 бет.

         Автордың бұл кітабында кейіпкерлердің қилы-қилы тағдыры, психологиялық иірімдері мен ішкі жандүниесі шынайы суреттелген.

clip image0011

Әмірбек К.

         «Сөйле десең, сөйлейін»: Естелік, эссе, сыр-сұхбат /К.Әмірбек.-Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015.- 468 бет.

         Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбек халыққа қалжыңымен танымал сықақшы ғана емес, көлегейі жоқ көркем сөз шебері екені елге мәлім. Оның бұл кітабына атақты ақын-жазушылар, сайыпқыран сатириктер, өнер жұлдыздары, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы сыр-сұқбат, эссе мен елеулі мақалалары енген.

clip image0001

Досжан Д.

         Тарланбоз: эсселер, пікірлер, зерттеу.-Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015-480 бет.

         Бұл үш тараудан тұратын кітапқа ҚР Мемлекеттік, М.Әуезов және М.Шолохов атындағы сыйлықтардың, «Парасат» пен «Құрмет» ордендерінің иегері, аса көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның бұрынғы кітаптарында жарияланбаған, өмірінің соңғы жылдарында жазған әңгімелері енгізіліп отыр. Сонымен қатар жазушының шығармалары мен өмірі жайында белгілі ғалымдар мен әріптестері, достары, аяулы жары сөз толғайды.

clip image0009

Ашықбаев Ертай

         Туған күн: Екі томдық шығармалары. 2-том. Өлеңдер /Е.Ашықбаев.-Алматы: «Хантәңірі» баспасы; 2015-342 бет.

         Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың алуан тақырыптағы жеңіл де жатық, ойнақы да ойлы өлеңдері, тапқыр көріністік сипаттағы дүниелері, танымдық шуақты шумақтары балалар психологиясын дөп басып тұрады.

clip image0008

Ашықбаев Ертай

         Әскерден келген студент: Екі томдық шығармалары. 1- том. Өлеңдер, толғаулар, поэма /Е.Ашықбаев.-Алматы: «Хантәңірі» баспасы; 2015,-342 бет.

         Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың бұл кітаптағы туындыларының басты ерекшеліктері- сазды қайырым мен өрнекті образ, астарлы емеурін мен шуақты юмор, мәнерлі мазмұн мен қанық бояу.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni