Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image00003

Қойгельдиев М.

       Тарих-күрес алаңы: мақалалар, сұхбаттар.- Алматы: "Каратау КБ" ЖШС; "Дәстүр", 2015- 388 бет.

       Кітапта еліміздің өтпелі кезең арнасында жарық көрген ғылыми мақалалар, сухбаттар және ресми орындарға жолданған хаттар топтастырылды. Тарих ғылымының қуатты күшке айналып, жаңа өріс алуы жағдайында даярланған бұл еңбектер отандық тарихтың түрлі тақырыптарын қамтиды.

clip image00002

Есенқарақызы Ханбибі

       Шолпан. / Х.Есенқарақызы- Алматы. "ҚАЗақпарат" баспасы, 2015-475 бет.

       Өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген "Ақ жол" газетінің мақалаларынан құралған бұл кітаптың тарихи танымдық тұрғыдан алғанда саналы оқырман қауымға берері мол.Әсіресе, арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған өзекжарды мәселелер турасындағы алаш зиялыларының өткір ойлары оқыған адамды ойландырмай қоймайды.

clip image00001

Айтұлы Н.

     Шығармалары. 7 томдық. Т.3. Өлеңдер, толғаулар, поэмалар.-Астана "Фолиант", 2014.-400 бет.

     Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлының көп томдық шығармалар жинағының үшінші томына әр жылдары жазылған өлеңдері, толғаулары, поэмалары енгізілді.

clip image008

Сақ Қ.

     Алаш көсемсөзі: Дін мәселесі. Т.3.-Алматы: "Қазақ энциклопедиясы, 2014-400 бет.

       Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастап, ХХ ғасырдың 30 жылдары шетелде басылып шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш баспасөзінің дін мәселесіне қатысты құнды жарияланымдары топтастырылды.

clip image007

Сақ Қ.

     Алаш көсемсөзі: Тіл мәселесі. Т.2.-Алматы: "Қазақ энциклопедиясы, 2014-400 бет.

     Ұлттың тұтастығын сақтайтын рухани құндылықтардың ең негізгісі саналатын тіл мәселесі қай заманда да өзекті болды және өз кезеңінде ел зиялыларын бейжай қалдырмады. Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген "Дала уалаятының газетінен" бастап, ХХ ғасырдың 30-жылдарында шыққан "Жас Түркістан" журналы аралығындағы Алаш басылымдарының тіл мәселесіне қатысты құнды жарияланымдары топтастырылған.

clip image006

Шәріпов Қ.

         Қаруластар: Деректі хикаяттар /Қ.Шәріпов.-Алматы «Қазақстан» баспа үйі, 2015-320 бет.

         «Қаруластар»- майдангер журналист Қасым Шәріповтің көп жылдар бойы ойланып, толғанып жазған соңғы кітабы. Кітаптың негізгі кейіпкерлері автордың өзі білетін, кешегі Отан соғысының сұрапыл күндерінде оқ пен оттың арасында ыстық-суықты бірге көрген қаруластары, Жеңістің солдаттары.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni