Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

 clip image0004

Ниязбек Рафаэль

         Шығармалары: Өлеңдер/ Рафаэль Ниязбек.-Алматы: «ҚАЗақпарат», Т.4-2015.-380 бет.

         Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының және Ресейдің Сергей Есенин алтын медалінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің бұл томдығына енген өлеңдеріндеелдің-елдігін, ердің-ерлігін , қай өлеңінен де ерлік іздері сайрап жатқан сордаланың көркем келбеті биік өреде айқын көрінеді.

2015 жылдың қазан айында келіп түскен жаңа кітаптар

clip image002

Жақанов И.

         «Жүрек пернесі» Лирикалық эсселер. И.Жақанов-Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015.-480 бет.

         Кітапта Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғыстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, Жамбыл және Ш.Айтматов атындағы халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, атақты композитор, белгілі жазушы, өнер зерттеушісі, суретші Илья Жақановтың халық әндерінің шығу тарихы мен халық әншілерінің өмір жолы туралы жазылған лирикалық эсселері мен «Зәу-затымның баяны» атты өзінің өмірбаяны баяндалады.

  clip image009

  Билер сөзі -киелі (Сыр елінің билері хақында). /Құраст: Т.Дайрабай, М.Ахметов- Алматы, 2012.-208 бет.

             Алғаш рет Сыр елінен шыққан билер хақында құрастырылып жазылған кітап. Еңбекте Әйтеке, Досбол, Балаби,Тұрсынбай, Торғай, Мәмбет, Төребай, Басықара, Жәрімбет, Кетебай басқа да билер жайлы әңгіме қозғалып,олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім-шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері, өмір жолдары,ата-тек шежіресі қамтылған және мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген.

     clip image007

        «Қызылордалық қаһармандар» Мерейтойлық жинақ./Қызылорда. «Полиграфия Баспа үйі»/, 2015-408 бет.

    Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай дайындалған бұл жинақ соғыс батырлары мен ортамызда жүрген ардагерлеріміздің өнегелі өмірі мен тылдағы жанкешті ерлігіне арналады.

    clip image0009

       Шыңғыс Айбосынов

            Зейнеткерлік.2-ші кітап./Қызылорда. «Ақмешіт Баспа үйі» ЖШС/, 2015 ж. -446 бет.

            Бұл кітапты автор алты баланың анасы, сүйікті жары Махамбетқызы Ауагүлдің рухына арнайды.

      clip image00000

       Шыңғыс Айбосынов

                    Қаламгерлік.1-ші кітап./Қызылорда. «Ақмешіт Баспа үйі» ЖШС/, 2014 ж. -613 бет.

                Автордың бұл кітабы 5 бөлімнен тұрады. Алдыңғы буын ағалам мен әжелері туралы ой толғаса,замандастары мен қаламдастары жайлы естеліктер айтып, балдыздарымен әзілдесіп, әр қилы жазбаларымен толықтырған.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni