- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 19 апреля 2017
- Просмотров: 1097
Жалағаш аудандық кітапханаға 2017 жылдың
І тоқсанында түскен жаңа кітаптардың
тізімі
***Қоғамдық саяси әдебиеттер***
25 белес. Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар/Құраст.А.Үкібай.-Алматы:Тау-Қайнар.-2016.-272 б.
Бұл жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдарындағы (1991-2016 ж.ж.) түрлі маңызды шараларда сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған, өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздері, жұртшылыққа танымал өміршең бастамалары, бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан, қазір ақиқатқа айналған берекелі болжамдары мүмкіндігінше хронологиялық ретпен берілді.
Адырбек К.
Тәуелсіздікке талпыныс.публицистикалық мақалалар.-Алматы:Айғаным.-2016.-380 б.
Белгілі журналист, қаламгер Көлбай Адырбектің бұл жинағына еліміздің тәуелсіздік алуына баспалдақ болған оқиғалар өзек болған.Автор Кеңес Одағының тарауына аса күшті ықпал еткен Желтоқсан оқиғасы жайлы ешбір боямасыз, егжей-тегжейлі нақты мәліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды.
Асанұлы Жұма-Назар.
Әуелбаев М.
Ер Едігенің тарихы:монография.-Алматы:Нұрсәт.-2016.-190 б.
Кітапта Ер Едігенің шынайы тарихы таңбаланған. Монография әйгілі «Қырымның қырық батыры» циклдік жырын, қазақтың өткен тарихын білейін, зерттеймін деген мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға да пайдалы.
Бөкейхан Әлихан
Шығармалары – Сочинения.-Астана.-2016.-Қазақша-орысша.-Т.1.-608 б.-қазақша-орысша.
Бұл томда 1889-1903 жылдар аралығындағы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалаларын, ғылыми зерттеулерін, 1897-1901 жылдары Қазақ облыстарын зерттеген «Щербина экспедициясының» материалдарын,Л.Н.Толстой шығармаларынан аударған әңгімелерін , өтініштерін, хаттарын және хаттамаларды қамтиды.
Бөкейхан Әлихан
Шығармалары – Сочинения.-Астана.-2016.-Қазақша-орысша.-Т.2.-
680 б.-қазақша-орысша.
Бұл томда 1903 жылы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, азынамасы, ғылыми зерттеулері және Ә.Бөкейхан іхдеп жариялаған мұрағат құжаттары қамтылады.
Жалбағаев Е.
Қазақтың арғы атасы кім?.-Алматы:Білім.-2016.-176 б.
Кітап - әлемдік тарихи маңызы грек-рим, парсы мәдениетімен парапар, Еуразияда бірнеше империялық мемлекеттер орнатып, адамзат өркениетінің дамуына ерекше үлес қосқан түркілердің және олардың тікелей мұрагері қазақтың да тарихынан сенімді деректерге негізделген соны мәлімет береді, бірақ еңбек ресми тарих емес, мамандығы дәрігер автордың жеке көзқарасы.
Қанафияұлы Н.
Түнекті түрген найзағай.-Алматы.-2016.-288 б.
Кітап Ш.Ш.Уәлиханов туралы, оның Қазақстан ғылымының қалыптасуына ықпалы жайында кеңінен мәлім.Еңбекте қазақ халқының ұлы перзенті өмірінің осы бір тұстары нақты деректер арқылы баяндалған.
Нұрлан Балғымбаев.Естеліктер.-Құраст.Ғ.Молдамұрат.-Астана:Ақ Жайық.-2016.-488 бет.
Бірінші бөлім Балғымбаев үкіметінің жылнамасына арналды. Екінші бөлімде Нұрлан Өтепұлының көзін көрген қызметтес, әріптес, дос-жарандардың пікір-пайымдары мен лебіздеріне құрылған мақалаларға орын берілді.
Нұрлан Балғымбаев.Фотошежіре.Құраст.Ғ.Молдамұрат.Астана.-2016.-200 б.
Кітап 11 тарауға жіктелген.Фотошежіре Нұрлан Өтепұлының болмысы мен тұрпатын еш боямасыз түрде халқына артық сипаттаусыз-ақ жеткізетін шүбәсіз куәгер.
Президент – 2016.Большая политика:Фотоальбом/Сост.А.Үкібай.-Алматы:Тау –Кайнар.-2016.-296 с.
Посвящается 25-летию Независимости Республики Казахстан.
Рахметова К.
Ұлағат иірімдері:ғұмырнама, естеліктер.-392 б.
Бұл кітапта ұлағатты ұстаз, білікті басшы , қажы Күлшар Рахметованың өмір жолдары өзінің ғұмырнамалық жазбасы және әріптестері мен замандастарының, шәкірттерінің естеліктері арқылы жан-жақты , толық суреттелген.
Тоқашбаев М.
Жан-дауыс:публицистикалық мақалалар.-Алматы:Нұрсәт.-2016.-380 б.
Қаламгердің жаңа кітабы ел мен жер тарихына қатысты публицистикалық еңбектерінен, зерттеу жұмыстарынан, соңында айта жүрерліктей із қалдырған тұлғалар туралы очерктерінен құрастырылған. Әлеуметтік мәселелер мен ұлт перзенттерінің сан тарау тағдыры – жинақтың басты тақырыбы.
Тұрсынбай датқа:тарихи-деректі хикаяттар, танымдық жинақ.Құраст.М.Әлсеріков.-Қызылорда.-2016.-250 б.
Кітапта елім деп өмір сүрген есіл ердің өнегелі өмір жолдары тұңғыш рет мүмкіндігінше зерттеліп, жинақталып, баспадан жарық көріп отыр. Тарихи тұлғаға бағышталған деректі танымдық – тағылымдық кітаптың шығуына жақын-жуық ағайындары, жанашыр қаламгерлер мен ғалымдар атсалысты.
***Тіл білімі***
Сәдуақасұлы Ж.
Жіктік жалғау парадигмасы:синтаксиситік және семантикалық қызметтері:Монография.(Толықтырылып 2- басылуы)
-Қызылорда.-2015.-192 б.
Кітапта жалпы тіл біліміне белгілі тұжырымдамалар негізінде сөйлемнің предикативтілік белгісінің бір тәсілі болып табылатын жіктік жалғауларының жақтық қатынас жасау қабілеті мен мағыналық сипаттары және сол арқылы сөйлемнің бүкіл мазмұнын құрудағы синтаксиситік және семантикалық қызметтері ашып көрсетіледі.
***Фольклортану***
Қазақтың бата-тілек, өсиеттері.Құраст:Жаңыл Нұралиева.-Алматы:Балауса.-2016.-384 б.
Жинаққа енгізілген бата-тілектер, өсиеттер кім-кімді де ойландырып, өресі биік парасаттылыққа, шынайы ізгілікке талпындырары хақ.
***Әдебиеттану***
Мұқағали Мақатаев.Энциклопедия.-Алматы:Қазақпарат.-2016.-858 бет.
Кітапта ұлы ақынның өмір жолы, туған жері, өскен ортасы, үрім-бұтағы, дос-жарандары, қаламдас жолдастары, таным-сенімі, қоғамдық, әлеуметтік, діни көзқарастарына байланысты нақты мағлұмат беретін материалдар жүйелі жинақталған.
Сәулебек А.
Қамшысөз:публицистикалық мақалалар.-Алматы.-2016.-342 б.
Бұл жинағына тәуелсіздік жылдарында жазылған сан алуан жанрдағы публицистикалық жазбалары, зерттеулері, әдеби дүниелері топтастырылған.
***Көркем әдебиет***
Айымбетов М.
Таңдамалы шығармаларының жинағы:5 томдық.-Алматы.-2016.-
Т.1.-496 б.
Т.2.-424 б.
Жазушының өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бүгінгі дейінгі уақыт аралығында жарық көрген «Құла түздегі үнсіздік», «Кәрі жыланның азасы», «Ақша бұлт – Таңкөрік», «Құмөзектің Донкихоты», «Сырлы зерен», тағы басқа әңгімелері енгізілген.
Бостандық жырының бозжорғасы:ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты :Несіпбек Айтұлы туралы ой-толғамдар/Құраст.С.Сабырбеков.-Астана:Фолиант.-2016.-480 б.
Кітапқа енген әрбір мақала әдебиеттің бүгіні мен ертеңін жалғастырар алтын көпір екені анық.Тәуелсіздік шежіресін тереңнен толғап, бүтін бір батырлар галереясын жыр тілімен сомдап, «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған ақынның сан қырын жарқырата ашқан жинақ көпшілік оқырманға арналған.
Елубаев С.
Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы.-Алматы.-2016.-Т.1:Ақ боз үй.Роман.-480 б.
Таңдамалы шығармалар жинағына оқырман қауымға әйгілі «Ақ боз үй» трилогиясы кірді. «Ақ боз үй» өткен ғасырда халқымыз бастан кешкен ашаршылық туралы кеңестік кезеңде жазылған тұңғыш роман.
Кіребайұлы А.
Арманым, әнім, іңкәрім.-Алматы.-2016.-445 б.
А.Кіребайұлының жыр жинағына оның әр жылдары жазған таңдаулы өлеңдері, балладалары мен ән мәтіндері топтастырылған.
Нұрманов А.
Құланның ажалы:роман, хикаяттар.-Алматы.-2016.-380 бет.
Ақан Нұрмановтың бұл кітабына «Құланның ажалы» романы мен бірқатар хикаяттары енді.
Оразалин Н.
Шығармалар жинағы.-Алматы:Ан Арыс.-2016.-Т.7:Жыр кітабы.-352 б.
Бұл кітапқа ақынның 2005-2012 жылдар аралығында жазған, бұрын баспасөз беттерінде жарияланбаған жаңа жырлары «Аспантаудан ауған күз», «Құндағым» атты тарауларға топтастырылған.
Оразалин Н.
Шығармалар жинағы.-Алматы:Ан Арыс.-2016.-Т.8:Пьесалар, театр және драматургия туралы ойлар.-424 б.
Оқырман жұртшылық аталмыш томнан автордың театр, драматургия, жалпы өнер проблемаларына арналған әр жылдар бедерінде жазылған мақалаларын да оқи алады.
Оразалин Н.
Шығармалар жинағы.-Алматы:Ан Арыс.-2016.-Т.9:Сұхбаттар, сапарнамалар, мақалалар.-400 б.
Бұл томға 1993-1994-1995 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде Елбасымен жүргізілген елге белгілі сұхбаттары, сондай-ақ әр жылдарда республикалық басылымдарда жарияланған тәуелсіздік хақындағы толғаныстары, саяси публицистикалық сапарнамалары еніп отыр.
Оспан Ә.
Сезім сәулесі:публицистикалық мақалалар, әңгімелелер.-Алматы:Айғаным.-2016.-190 б.
Жазушы Ә.Оспанның бұл жинағына еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде жеткен толайым табыстары жайлы ой-толғаныстары, публицистикалық мақалалары, көркем туындылары еніп отыр.
Пірназар С.
Парасат пен пайым:публицистикалық мақалалар.-Алматы.-2016.-400 б.
Бұл жинағына бір топ публицистикалық туындылары еніп отыр.Бұл еңбекте автордың еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл көлеміндегі айшықты оқиғалар мен жеткен жетістіктер жайлы толғаныстары мен тебіреністері көркем тілмен баяндалады.
Сәттібай К.
Менің елім:публицистикалық мақалалар.-Алматы.-2016.-396 б.
Белгілі жазушы-журналист, публицист Көсемәлі Сәттібайдың «Менің елім» атты публицистикалық жинағында қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі тұстағы халықаралық аренада алған орны, әлемдік өркениетке қосылып демократиялық қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері жайлы кеңінен айтылады.
Смағұл Б.
Қолбасшы күнделігі.Дневник полководца.Книга на казахском и русском языках.-Алматы.-2016.-456 б.-қазақша – орысша.
Бұл кітабында елі емірене қадірлейтін, білімін – бағдар, өмірін - өнеге, тағдырын, талантын, тазалығын-тағылым тұтатын асылымыз, ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының нақыл сөздерінен құрастырылған.
Смағұл Б.
Тағдыр тозағы.Ад судьбы.Книга на казахском и русском языках.-Алматы:Хантәңір.-2016.-448 б + 8 бет түрлі-түсті жапсырма.
Бұл кітабында Ауған соғысына арқау болған Арамдық пен Әділетсіздіктің бетін ашып, қанжоса іздерін, зор қиянатын әшкерелейді. Кітаптың тағы бір құндылығы, ондағы оқиғалардың барлығын жомарт ой мен тамаша сөз байлығына ие нағыз куәгерлердің өздері толғана, тебірене отырып, бірақ еш ыза-кексіз, қаз-қалпында баяндайды. Туынды әскери прозаның биігіне шыққан шығармалардың бірі. Қалың оқырманға арналған.
Тоқтасынұлы Е.
Бауырым-ай.Роман.-Алматы.-2016.-342 бет.
Бұл кітап Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы – айтулы мерекеге орай шығып отырған, қазақ әдебиетіндегі спорт тақырыбына арналған тұңғыш роман. Еңбек спорт нұсқаушысы мен күрес бапкерінің өмірі, шәкірттері, жарыстар, саламатты өмір, мөлдір махаббат, қарт Қаратаудың әсем табиғаты айрықша әсерлі баяндалады.
Шайхыұлы Е.
Сандалған сауал:сатира.-Алматы.-2016.-272 б.
Бұл «Сандалған сауал» атты жинаққа қаламгердің соңғы уақытта жазған сатиралық шығармалары топтастырылған.Кітап күлкі сүйер оқырман қауымға арналған.
***Өнер***
Жұмабай Әділет:Фотоальбом/Құраст.Ж.Сағымбай.-Алматы:Айғаным.-
2016.-190 б.
Бұл фотоальбомға белгілі мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіндегі «Алтын адам» мүсінінің авторы Ә.Жұмабайдың туындыларының фотокөшірмелері, әріптестерінің және замандастарының естеліктері еніп отыр.
Әбуғазы М.
Қазақтың домбыра өнері.-Алматы:Нұрсәт.-2016.-480 б.
Кітап үш бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімінде домбыра аспабының шығу тегінен бастап, күйшілік өнердің қалыптасуы және оның даму кезеңдері тарихи және мәдени тұрғыда қарастырылған. Екінші бөлімінде қазақ даласында қалыптасқан дәстүрлі күйшілік мектептер, олардың көрнекті күйші-композиторлары және күйші – орындаушылары жөнінде мол мағлұматтар және күйлердің ноталары берілген. Үшінші бөлімде дмобыра аспабының жасалу жолдары мен атақты шеберлер, күй өнерін зерттеуші ғалымдар туралы айтылған.
Нарымбетов С.
Көзімнің қарасы.-Алматы:Хантәңірі.-2016.-618 б.-қазақша-орысша.
Кітап С.Нарымбетовтің суреткерлік әлемін аша түседі;жазушылық пен режиссерлікті әдемі үйлестіре алуының, яғни шығармашылық зертханасының қыр-сырын тануға; тұлға ретінде қалыптасу жолдарын зерделеуге мүмкіндік береді.Автордың киносценарийлері де топтастырылған.












