- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 13 марта 2019
- Просмотров: 939
Жалағаш аудандық кітапханаға 2018 жылдың шілде айында түскен жаңа кітаптардың тізімі
***Қоғамдық саяси әдебиеттер***
Әбілқайыр хан.Аңыз бен ақиқат:Жинақ.-Алматы:Керемет медиа.-2018.-320 б.
Жинақта белгілі тарихшылардың еңбектері, Әбілқайыр хан туралы кеңестік және шетелдік тарихшылар қалыптастырған көзқарас. Оның қайраткерлігі мен тарихтағы орнына жаңаша қарауға бетбұрыс жасайтын деректер топтастырылған.
Жантасов Амангелді
Жартасты жастанған жасақ.-Алматы:Хантәңірі.-2018.-624 б.
Бұл кітапта КСРО Бас штабы Бас барлау басқармасының 177 –ші арнайы мақсаттағы жеке жасағының құрылуы мен күнделікті өмірі туралы жазылған.
Мұсырман Кәрібай
Елдің шетінде, желдің өтінде...-Алматы:Нұрсәт.-2018.-380 б.
Кітапта еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, соның ішінде Солт.Қазақстан облысында болған оң өзгерістер жайлы кеңінен әңгіме шертіледі.
Сақ Қайрат
Алаш көсемсөзі:шаруашылық мәселесі.-Т.4.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2018.-400 бет.
Жинаққа алаш көсемсөзшілерінің ХХ ғасыр аяғы ХХ ғасыр басында қалың оқырманмен қауышқан қазақтың тұңғыш газет – журналдарында жарық көрген кәсіпкерлік пен шаруашылық жайында жазылған құнды туындылары мен тақырыпқа қатысты мұрағат материалдары топтастырылып отыр.
Ұстаз:Мұсахан Қанапияұлының өмірі мен қызметі./Құраст:Б.Хабдина, Б.Қанапиянов.-Алматы.-2018.-776 б, 32 бет сурет.-Қазақ және орыс тілдерінде.
Халық мұғалімі М.Қанапияұлының туғанына 100 жыл. Ұстаздың өмірі мен қызметіне арналған бұл кітапта оның еңбектері, күнделіктерімен қатар көптеген шәкірттерінің естеліктері топтастырылған.
Шежірелі шаңырақ.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2018.-236 стр.
Бұл кітапта мектептің соңғы онжылдық жетістіктерін баяндайтын мерейтойлық басылымның жалғасы.
***Көркем әдебиет***
Айупкеліні Ғалия
Сөз дауа.-Алматы.-2017.-400 бет.
«Сөз дауа» деген атаумен шыққан бұл туындының негізі бұдан бұрынғы «Мыңнан бір түйін» кітабынан өңделіп, толықтырылып жарық көріп отыр.
Асанов Сабырхан
Екітомдық шығармалар жинағы.Т.1.-Алматы:Хантәңірі.-2018.-
380 б.
Жинаққа ыстық сағынышқа, сүйініш пен күйінішке, сыршыл да шыншыл сезімдерге толы бір топ лирикалық өлең-жырлары, қызықты естеліктері еніп отыр.
Асқаров Әлібек
Қиғаш хикаясы:Әңгімелер.-Алматы:Раритет.-2018.-632 б.
Жинаққа «Әйел парасаты», «Социализм әңгімесі», «Аңшы хикаясы» топтама туындылары, «Сафари жазбалары» атауымен эсселері, әр жылдардағы таңдамалы әңгімелері еніп отыр.
Әбдіразақов Бекен
Шығармалары.Т.2.-Алматы:Хантәңірі.-2018.-380 б.
Бұл томына автордың кезінде сыншылар мен оқырман қауым жылы қабылдаған «Жігіт дәурен», «Жырлайды жүрек», «Сағыныш», «Нұрлы түн» атты таңдамалы лирикалық өлең-жырлары, балладалары, поэмалары еніп отыр.
Әбдіраштың Жарасқаны
Қалдырған ізің мәңгілік:Естеліктер, эсселер, арнау өлеңдер.-Алматы:Мер-рress.-2018.-248 б.
Кітапқа аяулы жары мен презенттерінің, аға-інілерінің сағынышқа толы естеліктері еніп отыр.
Әбікенұлы Серік
Жолбарыс жымы:Әңгімелер, аңыздар, хикаялар, ойлар, сатира.-Алматы.-2018.-342 б.
Өткен ғасырдың 1916-1932 жылдар аралығында коммунистік жүйеге қарсы күрескені үшін «банды» атанған қазақ батырлары жайлы хикаялары, кейіпкерлері шынайы өмірден алынған, ел аузынан жинаған аңыздар мен сатиралық шығармалары топтастырылған.
Жандыбаев Ғұсман
Шығармалары.2-том:Эсселер, этюдтер.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2018.-400 б.
Екінші томына ақынның 40 жыл бедерінде (1977-2017) қағаз бетіне түсірген, төрт кітаптан тұратын «Оттан түспеген ойлар» эсселер мен этюдтер циклінің «Өмір формуласы» деп аталатын бірінші бөлімі енді.
Жарылқағанов Әлімхан
Тәртіп пен тағылым.-Алматы:Қаламгер.-2018.-380 б.
Бұл жинақ «Сыр», «Сарап», «Сұхбат» деген бөлімдерден тұрады.Автордың өмірі, сұхбаттары еніп отыр.
Қошым-ноғай Б.С.
Достық жоралғы:Балаларға арналған аударма өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар, ертегілер.-Алматы.-2018.-288 б.
Көкеев Еркін
Тікенсіз гүл.-Алматы:Қаламгер.-2018.-380 б.
Кітапқа халқымыздың ХХ ғасырдағы Кеңес дәуірі кезеңінде басынан кешкен оқиғалар өзек болған. Жинаққа қазақ елінің тарихына қатысты ғылыми-зерттеу мақалалары еніп отыр.
Меңдіғали Төлеміс
Соңғы жиһангер.Әңгімелер мен хикаяттар.-Алматы.-2018.-190 б.
Жинаққа бір топ әңгімелері облыстық, республикалық баспасөзде жарық көрген.
Молдағалиев Ж.
Таңдамалы.Өлеңдер, поэмалар.-Алматы:Қазақпарат.-2018.-1116 б.
Автордың жыр жинағына жастық шақ, туған жер, Отан, соғыс тақырыбындағы шынайы сезімге толы лирикалық өлең-жырлары, поэмалары, бір шоғыр мақалалары, сыр шертетін құнды фотосуреттері еніп отыр.
Мұқай Баққожа
Шығармалары.-2 том.-Алматы:Ана тілі.-2018.-480 б.
Бұл жинаққа «Өмірзая» романы беріліп отыр. Бас кейіпкер Аяған Қуатовтың қатаң жүйеге қарсы тұрған күрескерлігі мен қайсарлығы шынайылықпен бейнеленген.
Рымжанов Таупық
Гүл ағашы:ертегі-хикаят.-Алматы:Балалар әдебиеті.-2018.-320 б.
Кітап шытырман оқиғаларға толы, өміршең – оқырманын шынайы өмірдің ішінде жүргендей әсерге билейді.
Сәттібайұлы Көсемәлі
Сумен жазылған өлең.-Алматы:Айғаным.-2018.-380 бет.
Бұл жинағына бір топ әңгімелері мен хикаяттары еніп отыр. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналады.
Сейітов Сағынғали
Таңдамалы.-Алматы:Қаламгер.-2018.-380 б.
Таңдамалы жинағына ерлікке үндейтін лирикалық өлең – жырлары, бейбіт күндегі өмір өрнектері, туған жер, өскен ел, Отан туралы ыстық сезімге толы туындылары еніп отыр.
Соқпақбаев Бердібек
Таңдамалы.Роман, хикаяттар, әңгімелер.-Алматы:Қазақпарат.-2018.-1116 б.
Шығармалар жинағына «Өлгендер қайтып келмейді», «Қайдасың, Гауһар?», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым-Қожа» т.б хикаяттары еніп отыр.
Төлепбайұлы Тынымбай
Ғасыр үні.Деректі роман.-Алматы: Мер-Рress.-2018.-380 б.
Автор және жас жазушы Гүлдәрия Әшірбаеваның бірлесіп жазған бұл романында, коммунистік жүйеде өмір сүрген және тәуелсіздікке дейінгі адам тағдыры туралы суреттеледі.
Төлепбайұлы Тынымбай
Шырғалаң:Роман.-Алматы.-Мер-Рress.-2018.-380 б.
Роман кешегі кеңестік кезеңді суреттейді. Шығарма жас маманның алғашқы еңбек баспалдақтары, басынан кешкен қызықты оқиғалары, сезім толғаныстары шебер суреттеледі.
Тілегенов Бекежан
Шығармалар жинағы:Роман.-Алматы:Ел-шежіре.-2018.-Т.1.-320 б.
«Сексе алтыншы жыл» атты романы еніп отыр.Желтоқсан көтерілісінің тууына себепкер болған саяси-қоғамдық жағдай мен адамдардың тағдыры, тартыс талқысы суреттелген.
Тұрысов Еркінбек
Бәйдібек.-Алматы:Қазақпарат.-2018.-570 б.
Кітапқа батыр, қайраткер Бәйдібек би Қарашаұлы жайлы тарихи деректерге негізделген аңыз әңгімелер мен хикаяттар, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір жайлы хикаяттар еніп отыр.
Шындық деп өткен жан еді.Құраст:Қ.З.Шашикна.-Алматы.-Айғаным.-2018.-570 б.
Дәрігер, Зейін Шашкин туралы бұл жинаққа оның замандастары мен әріптестерінің, дос-жарандарының қаламгер туралы лебіздері мен естеліктері, әдеби туындылары, сыни мақалалары, хаттары еніп отыр.












