- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 28 мая 2021
- Просмотров: 380
Қоғамдық саяси әдебиеттер
Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Бес томдық/ - Нұр – Сұлтан: Фолиант, 2020.
Қазақстан Тұңғыш Президенті сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Б.Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың иегері, Ойыл ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик жазушы Табыл Құлыяс Ресейдің оннан астам қалалары мен Башқұртстан, Татарстан қалаларындағы мұрағаттарды зерттеп, қазақ халқының аштан қырылу деректері және қуғын – сүргінге байланысты біраз құжаттар жинап, өзінің шығармаларына арқау еткен. Автордың жазу ерекшелігі , роман – повестерін тақырыпшыларға бөліп, оқырмандарын жалықтырмай, жеңіл оқылуына мүмкіндік берді.
Негимов. С.
Шығармалары. Бес томдық/ С.Негимов. – Нұр – Сұлтан: Фолиант, 2020.
Т.3: Қазақтың сал – серілері . Монография. Зерттеу мақалалар, эсселер және ой – толғаныстар. – 40 б.
Аталмыш томда ұлт мәдениеті, сөз өнері тарихындағы сан алуан өнерді бір басына тоғыстырған яғни ақындықты, әншілікті, композиторлықты, театрлық – драмалық қасиеттерді, импровизаторлықты, ойыншылықты, шешендікті шебер де мінсіз меңгерген Біржан сал, Сегіз сері, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Орынбай, Арыстанбай, Доскей, Шашубай, Естай, Құлтума, Қанапия, Тайжан, Ғазиз, Қалқа, Шәкен, Иса тәрізді өнер шамшырақтарының шығармашылығы тарих – мәдени, әдеби деректер негізінде әңгімеленеді.
Ұлт әдебиеті тарихындағы сөз шеберлерінің ғылыми – шығармашылық еңбегі, тіл мәдениеті, көркемдік ойлау жүйесі, ұлттық рух пен сана, ұлттық – рухани құндылықтары Тәуелсіздік идеясы тұрғысынан көрсетіліп баяндалады.
Байсеркеұлы М.
Сахна сыры/ Маман Байсеркеұлы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020.- 368 б.
Бұл кітапта Қазақстанның халық артисі, көрнекті театр режиссері, профессор Маман Байсеркеұлының спектакльдері туралы мақалалар, шығармашылық кескіндемелер, сұхбаттар және режиссердің театр туралы толғамдары мен оның қаламынан туған пьесалар еніп отыр. Жинаққа топтастырылған материалдардың мағынасына қарай кітап «Театр саңлағы», «Сұхбаттар сыр шертеді», «Театр туралы толғамдар» және «Пьесалар» атты төрт бөлімге бөлінген.
Төлеутай Е.
Үкілі Ыбырай / Ерлан Төлеутай . – Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2020. – 272 бет.
Өнертанушы, киногер, әнші Ерлан Төлеутайдың бұл кітабында ұлы композитор Үкілі Ыбырайдың өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы жайында егжей – тежейлі баяндалады. Шығармада ұлы әншінің өмір жолы тұтас қамтыла зерттелген, сондай – ақ композитордың барлық әндерінің шығу тарихы нақты айғақтарға сүйене отырып, ғылыми негізде сарапталған. Зерттеуші бұл еңбегінде Үкілі Ыбырай туралы хатқа түскен барлық деректерді мұқият саралап, өнертану ғылымы тұрғысынан тың пайымда, соны тұжырымдар жасаған және әншінің бізге жеткен мұрасының барлығын осы еңбегіне жинастыра топтастырып, нота жазбалары бойынша жүйелеген.
Айтұлы Н.
Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. – Нұр – Сұлтан: Фолиант, 220.- 480бет.
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының 70 жасқа толуына орай жарық көрген таңдамалы жинағы өмірі өлеңмен бірге өрілген ақын ғұмырының куәсіндей сыр шертеді.
Тереңдік, көркемдік, шешендік, нәзіктік – жинаққа енген шығармалардың басты сипаты.
Менің сатып алған күйеуім: (Әлем жазушыларының таңдаулы прозасы)/ Аударған: Шамахайұлы Қ. Көркем аударма. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020.-304бет.
Жинақта АҚШ, Жапония, Колумбия, Канада;Швейцария, Қытай, Ресей жазушыларының шығармалары ұсынылып отыр. Ішінара Альфрейд Нобель атындағы әдебиет сыйлығын әр жылдарда алған жазушылардың таңдаулы әңгімелерінен де арнайы енгізілді.
Мұндағы санаулы ғана туынды аталмыш елдердің бүкіл әдебиетінің бет – бейнесін толық айғақтамаса да, «теңіздің дәмін тамшысынан» аңғаруға болады.
Ақсұңқар С.
Уа, Ақсораң: жаңа өлеңдер мен поэмалар / Ақсұңқар Серік.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 400 бет.
Ақын, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқардың «Уа, Ақсораң» атты жаңа жинағына соңғы жылдары жазылған жаңа өлеңдері мен поэмалары топтастырылған. Ақынның Алашына айтар сөз, ағытар сыры мол. Ел тәуелсіздігінің көкейкесті мәселелері – ақын жырларының басты темір қазығы.
Бектемірова Марфуға.
Таңдамалы шығармалар: 1-том, Өлеңдер мен поэмалар, Нұр – Сұлтан қаласы: «Data Times» баспасы, 2020, 400 бет.
Қазақ поэзиясына тың тыныс, шалқар шабыт, тау бұлағындай таза да мөлдір сезіммен келген ақын Марфуға Бектемірованың есімі елімізге кеңінен белгілі. Оның бұл кітабына сазды да назды сезімдерден өрілген, жүректен төгілген жауһар жырлары жинақталған. Талантты ақын сүйікті Отанымыздың тәуелсіздігін, жасампаз өмір салтын, туған жердің сұлу да ғажайып табиғатын, адам баласының бойына біткен асыл қасиет – мөлдір махаббат пен шексіз сезім, сүйіспеншілік, адал достық жайлы тереңнен тебірене ой толғап, шабыттана жырлайды.
Кенебай Ж.А.
Аягөз. Тарихи роман. Жұмаш Кенебай. – Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 576 бет.
«Аягөз» тарихи романы – арада 30 жылдан астам уақыт өткеннен кейін көп кедергілерге қарамастан жарық көріп отырған қаламгердің үшінші кітабы. Романдағы алуан түрлі шытырман оқиғалар, ХХ ғасыр басындағы Қазақ еліндегі тарихи өзгерістер, ақ пен қызыл қырғыны, ашаршылық, ақ пен қызыл абақтыларындағы адам төзгісіз азаптаулар, шолақбелсенділер сатқындығы, т.б оқиғалар романның бас кейіпкерлері: С.Кеңебайұлы, А. Жұматайұлы, «Алаш» серкелері Ахаң мен Жақаң, Жүсіпбек және Шәкәрім сынды ұлы тұлғалар төңірегінде өрбиді.
Яшүкірқызы Ө.
Жіп тұзақ: Детективті әңгімелер жинағы / Өріс Яшүкірқызы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 208бет.
Автордың бұл кітабында детективті жинақ тұтасымен қазақ қыздарының қылмыстары туралы. Нәзік жан иелерінің тұрмыстық жағдайлардағы, қызметтегі ары мен намысына жасалатын әртүрлі үстемдіктер, олардың ерікті және еріксіз түрде қылмыстық іске баруға мәжібүрліктері шытырман оқиғалармен шынайы суреттеледі.
Оспан С.К.
Сегіз сері (Мұхаммед Қанафия) Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен музыкалық мұрасы. Ғылыми- зерттеу еңбек. – Алматы: «Балауса баспасы», 2020. – 228 бет.
Ел ішінде Сегіз серінің өмірі мен музыкалық мұрасы жайлы пікір әрқилы. Сондықтан бұл кітапта мұрағаттық деректер, қисынды дәйектер, соны ой – пікірлер қамтылып, тың мағлұматтар келтірілген. Ақын – сазгердің осыған дейін халық әні санатында орындалып келген мәлім де беймәлім әндеріне терең талдау жасалып, қысқаша тарихтары баяндалып, оларға ғылыми түсінік берілген.
Жұмат – Әлмашұлы Ж.
Қазаққа айттым, қайтемін...(Ой – баян, хат – баян, өнер – баян) / Жолтай Жұмат – Әлмашұлы.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 464бет.
Кітапта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгердің ел тәуелсіздігі жылдарында қағазға түсірген жазбалары топтастырылған.
Смағұлов О.
Қазақ халқы және ата тегі: Кешенді физикалық антропология анықтамаларына негізделген. (ж.с ХХ ғ. – ж.с.д. ХХғ дейін)./О.Смағұлов, А.Смағұлова. – Алматы: «Arna - b», 2020. – 472 бет.
Қазақ халқы өзінің ата – бабаларының жері мен елінде тұрақты тұрып жатқаны, оның 4 мың жылдық физикалық антропологияға негізделген этномәдени, лингвистикалық және діни байланыстарының тарихи бірлігінің барлығы бұл еңбекте ғылыми тұрғыдан толық дәлелденіп отыр.
Кітап антропологтар мен тарихшы ғалымдарға, биологтерге, дәрігерлерге, генетиктерге, археологтар мен этнографтарға және лингвистерге арналады.
Ысқақұлы Д.
Тіл эпопеясы немесе Рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы / Дандай Ысқақұлы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 632 б.
Кітапта қазіргі жаһандану дәуірінің мәдени өміріндегі ғаламдық ауқымда жүріп жатқан тілдік құбылыстар әлеуметтік, филологиялық тұрғыдан шолынып, әлемнің тілдік бейнесі, түркі тілдерінің, оның ішіндегі қазақ тілінің тағдыр – талайы, жүріп өткен жолдары мен бүгінгі күнгі жай – күйі, болашағы ғылыми түрде жан жақты сараланады.
Абаев Д.
Президент: 2018-2019 жылдардың басты оқиғаларының фотобаяны.
Д. Абаев. – Алматы: ТОО «Алматы Принт», 2020. – 444 б.
Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2018 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 19 найрызға дейінгі кезеңде ел ішінде және халықаралық аренада өткен маңызды іс – шаралардың фотоматериалдары жинақталған.
Қазақстан: бірлік және келісім мекені. Фотокнига. Жинақты құрастырған Түймебаев Ж.Қ. – Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. – 320б.
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру » бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді».
Нурсултан Назарбаев - 2019. Большая политика. Nursultan Nazarbayev. Grand Politics in 2019: Фотоальбом / Сост. А.Үкібай – Алматы Принт, 2020. – 256 стр.
Данное издание представляет собой сборник фотоматериалов, которые отражают ключевые события международной жизни с участием Первого Президента Республики Казахстан, состоявшиеся в 2019 году.
Ысқақұлы Д.
Мағжан – поэзия падишасы: монография / Дандай Ысқақұлы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020.-256бет.
Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетін, оның ішінде ұлттық поэзияны түркілік, әлемдік деңгейге көтерген ұлы ақын. Бұл кітапта Мағжанның ақындық тағдыры кеңестік кезеңнің шынайы шындығымен тығыз байланыста жан – жақты қарастырылған.
Жүністегі К.
Великий сын степи Едиге/ Кәмел Жүністегі. Перевод с казахского Данияра Рашиди. – Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2020. – 280с
Роман посвящен легендарному казахскому батыру Едиге, ставшему из рядового воина Улу – бием – правителем Золотой Орды.
Герои книги Амир Тимур, Токтамыс, Жалаладдин, князь Витовт, Дмитрий – исторические личности, проживавшие во времена Золотой Орды.
Легендарный Едиге – батыр там, где вершится судьба Золотый Орды, где над мечтой народа сгущаются грозные тучи.
Мекебаев А.
Тайник в степи. Роман/ Перевод с казахского языка
Аслана Жаксылыкова. – Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2020. – 256стр.
В романе «Тайник в степи» описываются трагеческие события, происходившие в далекие тридцатые годы в казахской степи, когда казахский народ оказался в тисках голодомора, явившегося следствием тоталитарной политики Сталина.
Қонысбай Ә.
Жадымдағы жазбалар/ Әбіл Қонысбай. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020.-232 б.
Белгілі айтыс ақыны Қонысбай Әбілдің бұл кітабы өзі көрген, бастан кешкен өмір тағылымдарын өзек еткен.
Найманбай А.
Көркемдік көкжиегі: Тілдік – әдеби ойтолғам, ғылыми эссе, зерттеулер / Айнұр Найманбай. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 160б.
Бұл еңбекте қазақ әдебиетінің негізін салушы алыптар тобының өкілі, дарынды жазушы Ғ.Мұстафин шығармаларының тілідк құрылымы мен қаламгердің қазақ әдеби тілін дамытудағы орны, шеберлік қырлары, сонымен бірге тәуелсіздік жылдарындағы қазақ қаламгері Ж.Әлмашұлының тіл өрнегі мен сөз саптау ерекшеліктері, жаңашылдығы туралы ізденістер жасалған.
Ахметұлы Д.
Бүлдірген қалың шыққан: Хикаяттар, әңгімелер, мысалдар, ертегілер / Дәнеш Ахметұлы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 180 б.
Жазушының «Бүлдірген қалың шыққан» деп аталатын бұл жинағында бүгінгі бала тірлігінің әр қилы жақтары сөз болады. Баланың жан дүниесі, өмірге деген көзқарасы түрлі сипатта көрініс береді.
Үсенбаев Б.
Күрең күз / Болат Үсенбаев. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 176б.
Қазақ поэзиясында өз дауысы, өз үнімен айқын дараланып, жыр сүйер қауымды өресі биік өлеңдерімен сүйсіндіріп келе жатқан Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі ақын Болат Үсенбаевтың лирикалары сезімтал сыршылдығымен, ағынан жарылған шыншылдығымен баурап алады.
Ы.Ә.Әбдіқайымұлы.
Алтыным / Ысқақ Әкім Әбдіқайымұлы – Алматы: «Алматы – Болашақ» АҚ баспасы, 2020 – 192 бет.
Қаламгердің бұл кітабында әлеуметтік желіде бөліскен ой – толғаулары және түрлі оқиғалардан үзінділер берілген.
Муканов Серик Кабиденович.
«Вкус курта» (рассказы, эссе, очерки). С.Муканов – Алматы: АО «Алматы - Болашак», 2020.-128 стр.
В настоящий сборник североказахстанского журналиста
Серика Муканова вошли невыдуманные истории, рассказы, эссе и очерки разных лет. Многие из них опубликованы в областных и республиканских печатных изданиях.
Жайлыбай Ғ.
Ай сынығы. Өлеңдер, поэмалар / Ғалым Жайлыбай. – Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ,2020. – 168 бет.
Ақынның «Ай сынығы» атты жаңа жинағына соңғы жылдары жазған таңдаулы туындылары енгізілген. Ақ пен қараның , қараңғы мен жарықтың мәңгілік тайталасы – ақын жырларының негізгі өзегі.
Қайырбек Ә.
Ғұмырдария / Балладалар кітабы/ Әділғазы Қайырбеков. – Алматы: «Алматы – Болашақ» АҚ, 2020. – 176 бет.
Көрнекті ақын Әділғазы Қайырбековтың «Ғұмырдария» кітабы «Балалық шақ балладалары» және «Базарлы шақ балладалары» атты екі бөлімнен тұрады.Қазақ поэзиясында шағын оқиғалы өлеңдердің табиғаты өзгеше. Кенжелеу дамып келе жатса да шағын оқиғалы өлеңдер оқырмандарын тез баурайды, автор кейде болған оқиғаны ықшам баяндай отырып, тосын көркемдік шешім жасайды, өзгеше бір әлемге жетелейді.
С.Ә.Сарыбай Аманат: әңгіме, хикаят, аңыздар, деректі мақалалар. Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ баспасы, Алматы қаласы. 2020 жыл. 192 бет.
Бұл кітапта Серік Әбікенұлының әңгімелері, 1916-32 жылдар аралығында коммунистік жүйеге қарсы күрескені үшін «банды» атанған қазақ батырлары жайлы хикаялары, олар туралы жазған деректі мақалалары, зерттеулері жинақталған.
А.Әбсадық. Хан Абылай: тарихи тұлға һәм фольклорлық қаһарман. «Алматы - Болашақ» АҚ баспасы, Алматы қаласы. 2020жыл. 192 бет.
Кітапта атақты ханның фольклорлық бейнесі тарихи деректермен өрнектеле отырып талданады.
Қуантаев Н.Қ. Бейуақ / роман, әңгімелер, аудармалар/.Алматы:
«Алматы – Болашақ» АҚ, 2020. – 192 бет.
«Бейуақ» - 1986 жылғы желтоқсандағы ұлттық бұлқынысты аяусыз басып - жаншыған қорқау қоғамда орын алған өмір шындығын суреттеген, тартысты, әсерлі туынды.
Тәжмағамбетова М.М.
Ақ қанатты періште. Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020.-168 бет.
Ақынның бұл жинағы кейінгі жылдары жазылған жаңа өлеңдер мен поэмалардан тұрады. Сұлулықты, адам бойындағы қасиеттерді жырға тиек ететін жинақ үш бөлімнен тұрады.
Жаңа жинаққа ақынның екі поэмасы еніп отыр. «Шоған абыз», «Рухымның білтесі» атты пэмалары ұрпақты ерлік пен елдікке үндейді.
Жанапиянова Ж.
Жан мен Ар. Әңгімелер жинағы / Жанар Жанапиянова. – Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 192 бет.
Кітап кейіпкерлері мына құмырсқа тірлікте күнге алдыңнан кездесетін үздіксіз ағып жатқан өмір – өзенде бір – біріне ұқсамайтын өз тіршілігімен күн кешіп жүрген белгілі, белгісіз жандар. Жалпы әңгімелер жинағының «Жан мен Ар» деп аталуыда тегін емес.
Смайыл Қ.
Аралбай батыр – Таңсұлу Ана: роман / Қалкен Смайыл. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» ,2020.368б.
Қалкен Смайылдың халық жадында сақталған тарихи деректер негізінде өлеңмен жазылған «Аралбай батыр – Таңсұлу Ана» атты романы мен прозалық нұсқасында қазақ - қалмақ соғысының қаһарман баһадүрі Арғын Алтай Аралбай батыр Әлібекұлының ерлігі мен оның жары, ел басына қаралы күн туған зобалаң заманда парасатты ұйымдастырушылық қабілетімен ел – жұртының ынтымағы мен ырысының ұйытқысы болған.
Мелдешов Ғ.
Журналист жолға шықты / Ғалымжан Мелдешов. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» , 2020. – 192 б.
Өмірінің едәуір бөлігін журналистика саласына арнаған автор өзінің азды – көпті тәжірибесін ортаға салады.
Кәрімхан З. Дүние шыр айналса ... Тарихи – танымдық мақалалар, репортаждар және сұхбаттар. – Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 208 бет.
Бұл кітапқа журналист – зерттеуші, Алаштанушы Заңғар Кәрімханның туған жер, тарих, Алаш тақырыбындағы толғамдары мен белгілі руханият өкілдерімен әңгімелескен сырлы сұхбаттары топтастырылған.
Әлімжанов Б.
Көкжиек алда / Өлең, жыр, поямалар / Баянғали Әлімжанов. – Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 368 бет.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың «Көкжиек алда» атты жыр кітабында кейінгі жылдары жазылған жаңа өлеңдері, поямалары, жыр – толғаулары мен қысқа қайырымдары топтастырылған.
Рамазан Д.
Пешене: пьесалар/ Думан Рамазан. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 248б.
Талантты жазушы, дарынды драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның жаңа жинағы «Керей - Жәнібек», «Пешене», «Бейуақ», «Қанатталды», «Кек» атты драматургиялық төл туындылары мен шетел қаламгерлерінен аударған пьесалар топтастырылған.
Әлия Бөпежанова. Сахна сәулесі. Театр туралы мақалалар. Эсселер. Портреттер. «Алматы - Болашақ» АҚ баспасы, 2020, 480 бет.
Белгілі сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанованың «Сахна сәулесі» атты жаңа кітабында – ұлттық театрымыздың көрнекті тұлғалар мен таланттарының өнер жолы қарастырылып – талданады. Тәуелсіздік кезеңі театрындағы көркемдік ізденіс жолдары қоғамдық даму, ұлттық рухани жаңару, әлемдік кеңістікке шығу үдерістерімен тығыз байланыста зерделенген.
Қайымова Б.
Қазақстан халықтарының ертегілері: (Ұйғыр, Дұнған, Әзірбайжан, Белорус, Шешен – Ингуш, Украин) / (Құраст: орыс тілінен аударған Бибісара Қайымова) - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 260б.
Ертегі – қандай да бір халық ауыз әдебиетінің аса шұрайлы, тәлім – тәрбиелік маңызы орасан зор, өскелең ұрпақты өз елі мен ұлтының тарих – тағылымы, салт – санасы, дәстүр – ұлағатына етене жақын баурай түсетін ерекше жанр.
Шахамайұлы Қ.
Шөлейт жақта: әңгіме, хикаят, сатиралық көрініс, скетч, эссе, очерк/ Қандық Шамахайұлы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 360б.
Жинаққа жазушының соңғы жылдары жазған шығармалары енгізіліп отыр. Автордың әңгімелері мен хикаяты, бірқатар әзәл – сықақ туындылары және ғылыми – танымдық эссесі, АҚШ сапары туралы жолжазба очеркі қамтылған.
Қазақтың Қалдарбегі/ Құраст: Бақыт Марбалаұлы. – Алматы : «ARNA - B» баспасы, 2020. – 368 бет.
Бұл жинақта қазақтың белгілі тұлғалары мен қаламдас, замандастарының Қалдарбек Найманбаев туралы жүрекжарды естеліктері, мақалалары мен эсселері топтастырылған.
Үркімбай Н.
«Мен... сырласамын»: Эсселер мен деректі әңгімелер / Нұрлытай Үркімбай. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 336 б.
Қаламгердің бұл жинағының бірінші бөліміне ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына соны қырынан талдау жасаған дүниелері топтастырылған.
Тақырыптық жинақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін тоқтатуына байланысты жолданған хаттар мен жеделхаттардан, осы оқиғаға қатысты ой-пікірлерден тұрады. Сонымен қатар Қ.Р.Президенті Қ.К.Тоқаевтың сөйлеген сөздері мен өзге де материалдар енгізілген.
Оспан Б.Ә.
Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін.-Алматы:Асыл сөз, 2019. 744 бет.
Бұл еңбек еліміз тарихының біздің дәуірімізге дейінгі кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі есімдерді қамтиды. Кітаптың құндылығы әр есімнің қай дереккөзден алынғаны және есімнің мағынасы мен осы есімнің тарихи иесі кім екені көрсетілген,
Барлыбек Сырттанұлы.(1866-1914) Өмірі мен шығармашылығы/ Құраст: Е.Тоқтарбай.-Нұр-Сұлтан:Алашорда.2019.-248 бет.
Жинақ Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Барлыбек Сырттанұлының ғұмырнамасына арналған. Жинаққа қайраткердің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылығына қатысты құжаттар топтастырылған.
Жолдыбайұлы М.
Шығармалары. –Нұр-Сұлтан:Алашорда, 2019.-456 бет.
Жинақта ХХ ғасырдың басында ұлттық ғылым-білімнің қалыптасып, дамуына үлес қосқан қайраткер, әдебиетші, аудармашы педагог, журналист М.Жолдыбайұлының оқу құралдары мен мақалалары және архив материалдары енгізілген.
Қайранбаев Қ.
Ар мен Заң алдында./ Құраст: Қуат Қайранбаев.-Алматы: Керемет-медиа. 2019.-272 бет, суретті.
Бұл кітапта бүкіл Қазақстан халқының назарында болған күрделі сот істерін заңды және негізгі шешімдермен аяқтап, қалың елдің абыройына бөленген судья Советхан Сәкеновтың өмірі мен қызмет барысындағы сан қилы сәттері әсерлі бейнеленген.
Атамекен: ақпараттық-танымдық жинақ./ Құраст:С.Итеғұлова.-Нұр-Сұлтан:Тіл-Қазына.2019.-144 бет.
Жинақта Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының құрамына енген ел аумағындағы археологиялық ескерткіштер туралы тарихи мәліметтер мен аңыз- әңгімелер берілген.
Тіл білімі
Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгей. В2.2/Құраст:З.С.Күзекова., Ж.Д.Байтелиева.- Нұр Сұлтан, 2019.-123 бет.
Оқулық Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес дайындалған. Грамматикасы функционалдық аспект негізінде жазылған бұл оқулықтың тіл үйретудің осы деңгейіне сай жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.
Латын әліпбиі: теория, әдістеме және насихат.- Нұр-Сұлтан: Тіл-Қазына.-2019.-280 бет
Ғылыми жинаққа қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты 2019 жылы атқарылдған жұмыстардың барысы туралы еңбектер енген. Ғылыми мақалалар мен әдістемелік, сараптамалық, сынамалық жұмыстар да кітаптың әр тарауында қоса берілген.
Тіл және қоғам. № 2.Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы. –Нұр-Сұлтан.-2019.
Журналда қазақ тілінің жаңа әдістері деп танылған А. Байтұрсыновтың еңбектері мен Алаш арыстарының Абайтануға қосқан үлесі және қазақ тілінің мәселелері туралы жазылған авторлардың еңбектері жарияланған.
Көркем әдебиет
Абай (Ибраһим Құнанбаев)
Шығармалары.- Алматы: Жібек жолы, 2019.- 488 бет.
Кітапқа ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ақынның өлеңдері, поэмалары, аудармалары және қара сөздері қамтылған шығармалары ұсынылып отыр.
Дәуітов С.
Ғибратнама:-Алматы: Алатау.-201-.- 352 бет
Автордың бұл еңбегі айрықша тақырыпты қозғайды. Ғибратнама- бұл ескіден қалған дана сөз, бабалар сөзі, ғұламалар сөзі. Сондықтанда автордың бұл еңбегі оқырмандар үшін аса құнды ерекше мәліметтер.
Жақып Б.
Желбіреп тұрған Көк Туым- биік тұғырым: өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: SUNSHINE pius.-2019.-240 бет.
Бұл кітапта автордың атамекен, туған жер, отан туралы жырлары топтастырылған. Әсем табиғат пен тарихи жерлерді жырға қосып асқақ рухпен перзенттік махаббатын жолдайды.
Асқаров Е.
Кірлеме, менің жүрегім.- Нұр- Сұлтан: Фолиант, 2019.-480 бет
Бұл кітапта автор өзінің айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған сырлы өлеңдері мен жырларын, аудармалары мен әңгімелерін құрастырып оқырманға ұсынып отыр.
Қазақ және әлем тілдері мақал- мәтелдері./ Құраст: Н.Ештаева., Б. Адамбекова ., Н. Анилина.- Алматы: Сөздік-Словарь, 2019.-672 бет
Бұл мақал-мәтелдер жинағына батыс және шығыс халықтары мен қазақтың таңдаулы мақал- мәтелдері мен нақыл сөздері енгізілген. Қазақ, ағылшын, француз, испан, неміс, орыс, түрік, корей, жапон, араб, парсы халықтарының ойынан туындаған асыл сөздердің баламалары мен аудармасы оқырманға ұсынылған.
Рәш Мыңбай.
Есімде есілген естеліктер... Эсселер.-Алматы: Алаш, 2019.-480 бет. Сатирик жазушы бұл кітабында сұрапыл соғыс кезінде 14 жасында жыр алыбы Жамбылды көзімен көргені хақында және еліміздің басқа да көрнекті қаламгерлері мен майталмандары жөнінде сыр шертеді.
Тарази Ә.
Шығармалары. 10 томдық -Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019 жыл.
Том 10:Тұлпардың ізі.-480 бет.
Жазушы-драматург Әкім Таразидің бұл томына бірнеше киносценарий мен қазақ поэзиясының Хантәңірісі М. Мақатаев жайлы естелік эсселері енгізілген.
Саржанов Қ.
Аралдың айтылмаған ақиқаты. 2- томдық. -Алматы Қазығұрт, 2019.-672 бет.
Қоғам және мемлекет қайраткері Қ. Саржановтың бұл 2 томдық кітабына өзінің туған жері Аралдың тағдырына байланысты, оның өсіп- өркендеуіне жасаған еңбектері мен балықшылар өмірінің шежіресі шынайы бейнеленген.
Философия
Әбу Насыр әл-Фараби
7- томдық шығармалар жинағы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Алматы: RS Халықаралық Абай клубы.-2019 жыл
Бұл еңбек ғұлама ғалым Әбу насыр әл- Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай шығарылған. Томдықтарға ғұлама ғалымның Қайырымды қала кітабы және әлеуметтік-этикалық, музыка, ғылым, ой- сана және философиялық трактаттары мен Ә. Әлімжановтың Ұстаздың оралуы атты кітабы енгізілген.
Өнер
Далбағай Г.Е.
Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия. – Өскемен: Артекс, 2019.- 172 бет
Бұл хрестоматияға өзіндік құрылымы мен ерекшеліктері ескерілген қазақтың үрлемелі сазсырнай аспабына арналған шығармалар топтастырылған. Халық әні мен күйі, халық композиторларының шығармалары, классикалық және заманауи бағыттағы туындылар енгізілген.
Алпысбаев Ә.
Жетісу-жер жаннаты. Әндер және күй- поэмалар жинағы.- Алматы, Алматы-Болашақ, 2019.-576 бет
Қазақ өнеріндегі шығармашылық жарқын тұлғалардың бірі композитор, дирежер Ә. Демегеновтың таңдаулы әндері мен әуендері, күй-поэмалары енгізілген.












