Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Бөлімде 1 кітапханашы жұмыс істейді:

Боранбаева Эльмира - орталық кітапхананың кітап қорын толықтыру жөніндегі жауапты кітапханашысы.

 

Кітап өңдеу секторының міндеттері мен мақсаты:

- Кітап қорын толықтыру, сақтау;
- Жаңадан келген кітаптармен жұмыс жүргізу, техникалық өңдеу, кітапқа тіркеу, кітапханаларға бөлу;
- Есеп кітаптарын жүргізу;
- Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды жазбаша есептерін дайындау;
- Қор есебін шығарылған кітаптардың шығыс актілерімен жұмыс жүргізу;
- Есеп каталогын жүргізу;
- Жүйе кітапханасындағы кітап қорына есеп жүргізу;

 

Міндеті:

* Кітапхана бойынша кітап қорын толықтырудың, сақталуының, кітап қорын тексерудің жалпы жауапкершілігі.
* Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды статистикалық және жазбаша есептерін дайындау.
* Қор есебінен шығарылған кітаптардың актілермен, қорға байланысты құжаттармен жұмыстар жүргізу.
* Есеп каталогын жүргізу.
* Жаңадан келген кітаптармен техникалық жұмыстар жүргізу, штамптау, индекстеу, бағаларын жазу.
* Тіркеуден өткен кітаптарды РАБИС бағдарламасына енгізу. Филиалдардың есеп кітаптарын толтыру.
* Филиалдарға таратылған кітаптардың жөнелтпе құжаттарымен /накладной/ жұмыс жасау.
* Шығыс актілерімен жұмыстар жүргізу.

Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.

Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:

* Бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға;
* жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;
* әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге;
* Кітапханалық кеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау;
* іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;
* кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер,
конференциялар өткізу;
* кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;

 

Әдістемелік-библиографиялық бөлімде:

Бөлім меңгерушісі

Tileuova

Тілеуова Жібек - 1971 жылы 10 желтоқсанда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 1979-1989 жылы №123 қазақ орта мектепті бітірген. 2006-2008 жылдары Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін, 2011-2013 жылдары «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.
2008-2014 жылдары аудандық кітапхананың кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап оқырмандар бөлімінің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі.

 

Библиограф

Kalieva

Қалиева Раушан 1987 жылы 20 наурызда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 2005 жылы №123орта мектепті аяқтап, 2008 жылы  Қызылорда педагогикалық колледждің кітапхана ісі мамандығын  бітірді. 2008 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан бастап библиограф қызметін атқарады. 2010-2012 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады, сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.

Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады.Анықтама-библиографиялық жұмыстары оқырмандар сұраныстарын зерттей отырып, олардың ауызша жазбаша сұраныстарын қанағаттандырып отырады. Мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастырылады.Сонымен қатар ай сайын кітапханаға түскен жаңа кітаптардың тізімі мекемелерге таратылып, кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдары таныстырылады. Республикада, облыс және ауданда аталып өтілетін және еске алынатын күндерге және жазушылардың мерейтойларына тақырыптық картотекалар жасақтайды. Баспасөз материалдарын және өлкетану мақалаларын электронды түрде РАБИС – каталогизатор бағдарламасының «статьи» модулына құйып отырады. Аудан кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік кеңес береді.

 

Редактор

Nurymbetova

Нұрымбетова Ұлдай - 1967 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974-1984 жылы №88 қазақ орта мектебін бітірген. 1985-87 жылдары Жезғазған мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1987 жылдан бері аудандық кітапханада кітапханашы, 2007 жылдан - 2014 жылға дейін кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің жауапты кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап редактор болып жұмыс атқарады. 2013 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

oku-zaly

 

Оқу залында 2 кітапханашы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

Кітапханашылар:

1. Әмзеева Айсулу
2. Жүнісова Айткүл

Оқу залында анықтама-библиографиялық қор, газет және журнал оқырмандар сұранысына ие. Баспасөз материалдары, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, соңғы бес жылдың баспасөз материалдары бар. Түрлі тақырыптарда кітап көрмелерін ұйымдастырады, көпшілік шаралар өткізіледі.

.

tsdb 1

Аудандық балалар кітапханасы 1939 жылы ашылды.

 

Кітапхана меңгерушісі

Aliaskarova

Әлиасқарова Гүлсім Әлиасқарқызы 1968 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Жаңадария ауылында дүниеге келген.
1975-1985 жылдары №203 орта мектепте оқыған.
1987-1989 жылдары Шымкент кооперативтік техникумының Қызылорда қаласындағы филиалын бітірген. 2002-2006 жылдары «Болашақ» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, 2009-2011 жылдары «Болашақ» университетінің «Кітапханатану және библиографиятану» факультетін бітірген.
1989-1998 жылдарда №203 орта мектепте кітапханашы. 2003-2005 жылдары аудандық кітапханада, 2005 жылы балалар кітапханасында кітапханашы. 2015 жылдан бері балалар кітапханасының меңгерушісі.

Аудандық балалар кітапханасында 3 кітапханашы жұмыс жасайды.

1. Искакова Жанар
2. Шонықбаева Малина
3. Қайырбаева Иммагүлсім

Кітапхана жұмысының мақсаты:

Аудандық балалар кітапханасы жас оқырмандарға әлеуметтік мәдени ортаның құндылығын сіндіріп, кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығын және ұлттық дәстүрлермен патриоттық тұрғыда насихаттау арқылы рухани бай қалыптасқан орта болып табылады;

Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани бай,оқу мәдениеті қалыптасқан оқырмандарды тәрбиелеу;

Өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін,елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу.

 Кітапхана жұмысының міндеті:

-Кітапханаға оқырмандарды тарту;
-Кітапты талғаммен оқуға баулу;
-Кітап қорын насихаттау
-Атаулы күндерге мәдени іс-шаралар өткізу;
-Жаңа кітаптарға ұсыныс тізімдер жасау.
- Кітапханада балалар әдебиеті ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Аудандық балалар кітапханасы аудан орталығындағы орта мектептердің 1-9 сынып оқушыларына, балалар оқуының жетекшілеріне қызмет көрсетеді. 

Жеке ыңғайластандырылған ғимаратта орналасқан. Жалпы көлемі – 432.1 шаршы метр.

КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫМЫ:

Әдістеме- библиографиялық бөлімінің меңгерушісі - Тілеуова Жібек Балықбайқызы
Әдістеме - библиографиялық бөлімнің библиографы - Калиева Раушан Алтынбекқызы
Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі - Әлиасқарова Гүлсім Әлиасқарқызы
Аудандық кітапхананың оқырмандар бөлімінің меңгерушісі - Рахымбаева Бақыткүл
Аудандық кітапхананың редакторы - Нұрымбетова Ұлдай
Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің бас есепшісі - Нұрмышева Кенжегүл Жүсіпбекқызы

Рахымбаева Бахытгуль Садуовна - Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында 19 қазан 1964 жылы туылған. 1980 жылы Жалағаш қыстағындағы №123 орта мектепті бітірген, 1981-1986 жылдары Шымкент педагогикалық Аль-Фараби атындағы мәдениет институтын кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша оқып бітірген. Сол жылдан бастап кітапханашы болып әр филиалдарда жұмыс атқарған, 2006 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан бастап оқырмандар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

negizgi-mindetteri

Кітапхананың негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары

Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жан-жақты ақпаратқа және білімдерге оқырмандардың жедел қол жетімін қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсететін ақпараттық орталығы болып қызмет етуде.
Кітапханалардың баға жетпес бай қоры көптеген еңбектердің бастау бұлағына айналып, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани кемелдікке жетуіне салмақты үлес қосуда.
Кітапхананың негізгі міндеттері мен бағыттары оқырмандарды тарту және оларға қызмет көрсету сапасын арттыру, қажетті басылымдармен қамтамасыз ету, түрлі әдеби шаралар өткізу, кітапханашыларды жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруге уйрету.
Кітапханалардың негізгі мақсаты-пайдаланушылардың ақпараттық қорларға тегін және еркін енуін қамтамасыз ету және кітап қорын толыққанды, нәтижелі толықтыру, мәдени мұраларды сақтау және насихаттау болып табылады.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.
Кітапхана ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы.
Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі.

 

Аудан бойынша кітапхана желісі

Жалағаш ауданында барлығы – 36769 мың халыққа әртүрлі жүйедегі 39 кітапхана қызмет көрсетеді.

1 - аудандық орталық кітапхана
1 - балалар кітапханасы
16 – кітапхана ауылдық жерде орналасқан
1 - аграрлық–кәсіптік колледж
20 – мектеп кітапханалары бар

 

Ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту

Аудандық орталық және балалар кітапханасы, Шәменов, Бұқарбай батыр ауылдық кітапханалары интернет желісіне қосылған.

Аудандық кітапхананың электронды поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Балалар кітапханасының электронды поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бұқарбай батыр ауылдық кітапханасының поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Шәменов ауылдық кітапханасының поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кітапханашылар интернет арқылы оқырмандардың сұранысын орындауда.

Кітапхана ақпараттық процесстерді ақпараттандыру және жаңа технологиялар негізінде оқырмандарға Интернет желісі арқылы ақпаратты еркін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау 2020

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Астана 20 жыл

astanakyzyorda1