Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында Аққұм ауылдық кітапханасында «Тарихи сананы жаңғырту» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Аудандық кітапханада «Тарихы құнды, болашағы нұрлы өлкем-Жалағаш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Жалағаш ауданынан шыққан, ел ертеңі үшін тер төгіп жүрген ақын-жазушы, журналистердің кітаптары қойылып, оқырман назарына ұсынылды.
Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында кітапхана қызметкерлері арасында дін және қазақ халқының салт-санасындағы тың өзгерістері туралы «Рухани жаңғыру: дін-дәстүрім, салтым-санам» атты ақпарат сағаты өткізілді. Ақпарат сағатын «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Жалағаш аудандық бөлім меңгерушісі Арыстанбек Байғабылов жүргізді. Өз ой-пікірімен аудандық тарихи - өлкетану музейінің ғылыми қызметкері М.Шөмекей бөлісті. Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Ислам дін – ол тазалық, тәртіп, адамгершілік бастауы, имандылықтың белгісі. Адам баласын асып-таспауға, ғылым мен білімге және ынтымақта болуға шақырады.        
Мырзабай ауылдық кітапханасында Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы. Осы орайда кітапханада «Латын әліпбиіне көшу –уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Мәдениет ауылдық кітапханасында Ұлы Абай - қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Оның білімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты болса, даналығы қазіргі заманмен үндес.
Аудандық кітапхана және «Мәдени мұра» БПҰ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Жүрек жылуы» жобасы аясында «Отаным-өз үйім, отбасым-мерейім» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып  Мәдениет үйі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Орталық алаңда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 172 жылдығына орай  «Мен Абайды оқимын!» атты ағартушылық - поэзиялық акциясы аясында «Еркін микрофон» іс-шарасы болып өтті. 

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni