Елбасының"Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"мақаласы аясында кітапхана жанынан құрылған "Жас қалам"клубының белсенді мүшелерімен бірге пікір алмасу кеші ұйымдастырылды.Клубта өлең сүйер жастарымыз өздері таңдаған тақырыптарға арнап өлеңдер жазып,қаламдарын ұштап,машықтанады.
Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Өркениетке бастаған туған өлке" атты Өлкетану жобасы бойынша жерлесіміз жас суретші Мейрамбек Китанов пен кездесу кеші болып өтті.Кешті аудандық кітапхана директоры Ұлмекен Әбілтайқызы ашып берді.
Аудандық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітап оқу мәдениетін ілгері жылжыту, ең үлгілі көркем әдебиет туындылары арқылы оқырман бойында адамгершілік және рухани тәрбиені қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізілді.
Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Туған жерді жырға қосам көсіліп" атты жас ақындар арасында аудандық жыр мүшәйра өтті. Мақсаты; Туған жерге,туған елге,туған тілге деген сезімін,құрметін жырлары арқылы жеткізу.Әділ қазылар алқасының қорытындысымен Бас жүлдені № 201 мектеп-лицейдің оқушысы Өмірзақ Дидар,1 орынды №31 мектеп гимназиясының оқушысы Айтпай Дамир, 2 орынды Жалағаш аудандық индустриялды-аграрлық колледжінің студенті Балтабай Ұлмекен және №123 мектеп-лицейдің оқушысы Сансызбай Гауһар, 3 орынды № 201 мектеп-лицейдің оқушысы Оңғар Нұртөре және №123 мектеп-лицейдің оқушысы Смағұл Димаш жеңіп алса, белсене қатысқан жас ақындар алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орын алған қатысушылардың өлеңдері жас талапкер ақын Райымқұлова Мөлдірдің "Ақбаян" кітабына енгізілетін болады.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жастар жылына байланысты, жастарға қолдау көрсету мақсатында «Жырла менін жас жүрегім» атты аудандық жас ақындардың жыр мүшәйрасы өткізілді. Шараға аудан орталығындағы мектеп оқушылары және аудандық индустриалды- аграрлық колледжінің студенттері қатысты. Жас ақындарымыздың өнерін бағалау әрі марапаттау әділқазылар алқасымен анықталып: Бас жүлдені Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің 8 сынып оқушысы Қайрат Ұлжан алса, І жүлделі орынды №201 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Өмірзақ Дидар, ІІ жүлделі орынды №31мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Айтбай Дамир, ІІІ жүлделі орынды З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жақсылық Ернаттар жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға сый-сияпаттар мен алғыс хаттар берілді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі.Елбасымыз аталмыш бағдарламасында адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғамымыз бен еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.Кітап сүйер қауымға тосын сый жасап 6 ауылдық округінде Бұқарбай, Еңбек, Есет батыр, Жаңадария, Таң, Жүргенов ауыл тұрғындарына «Көше кітапханасы» ашылды. Бұл көше кітапханасының ерекшелігі – кез келген тұрғын өзіне ұнаған кітапты оқуға ала алады және кейін қайтарып немесе орнына басқа кітаппен ауыстырып оқуына болады. Бұл бастама тұрғындар арасында кең қолдау табатынына сеніміміз мол. Бастысы, бұл жерде ешқандай құжат талап етілмейді, оқырман билеті қажет емес.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірдегі ауылдарда коворкинг орталықтары ашылуда. Кітапханалардағы коворкинг орталықтарының ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Яғни дем¬алыс орнына айналады. Коворкинг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу мақсатында қолға алынуда. Осы орайда Мәдениет ауылдық кітапханасының жанынан аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен COWORKING орталығының ашылу рәсімі өтті. Былтырғы жылы осы мақсатта аудандық кітапхана жанынан жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаржы қаралып, «Коворкинг» орталығы ашылған болатын. Биылғы жылы Мәдениет және Аққұм ауылдық кітапханаларында Coworking орталығы жабдықталып, пайдалануға берілгелі отыр, - деді аудан басшысы өз сөзінде.Ашылу рәсімінде Мәдениет ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ердулла Рахметов сөз алып, жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Қ.Досмағанбетова ашылу рәсіміне қатысып, арнайы кітаптан сыйлық тарту етті. Мәдениет елді мекенінен шыққан ақын-жазушылар кітаптарының фото-көрмесімен, Book cafe жұмысымен, орталықтың жұмысымен танысқан қонақтар Bookcrossing кітап алмасу акциясына қатысты.№32 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Нұралы Мардан Bookcrossing кітап алмасу акциясында аудан әкімімен кітап алмасып, атасының шығармасыан үзінді оқыды. «Мен ұнатқан бір кітап» атты тақтайшаға келген оқырмандар өзінің ұнатқан кітабын естелікке жазып қалдырды.












