Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

                                                 АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАЛАРДА "ПАРАСАТ ЖОЛЫ"ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ! Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің бастауымен "Парасат жолы" орталығы республиканың барлық кітапханаларында "Парасат жолы" өңірлік орталығының ашылуы аясында бүгін ауданның 18 кітапханасында "Парасат жолы" орталығының ашылуы онлайн форматта Zoom платформасы арқылы ашылды. Шараға кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева, аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Мұса, аудандық дін істері жөніндегі бөлім меңгерушісі А.Байқабылов әділдіктің қоғам өмірінде алатын орны туралы пайымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды. Жобаның мақсаты - адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру болып табылады.

        "Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын " — деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан, асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай аудандық кітапханада ақынның поэзиясына арналған "" атты Мұқағали оқулары ұйымдастырылды. Мақсаты: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына оқырмандар жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мұқағали оқуларына қатысқан қатысушылармыз Алғыс хатпен марапатталды.
      Аудандық кітапханада "Өркениетке бастаған туған өлке" жобасы аясында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, жергілікті қаламгер, ардагер, кітапхана оқырманы Серік Бертаевтың өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында "Қаламгер-руханият шырақшысы" атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Көркем ой мен келісті сөзді серік еткен қаламгердің әдебиет майданы мен қоғамдағы ерен еңбегін қаламдастары да жас ұрпақ та ерекше ілтипатпен бағалайды.
  Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Отанымыздың өсіп- өркендеуі үшін қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау және нығайту, Мәңгілік ел құндылықтарын болашаққа аманаттау мақсатында, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласынан дөңгелек үстел өткізілді. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы- Тәуелсіздік бесігінде тербеліп Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екендігін дәлелдеді.Өзінің ұлттық кодын жаңғыртып, зайырлы елге айналғандығы туралы шараға қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
      Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында, ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендеуіне және жастардың ұлттық дүниетанымын дамыту мақсатында "Ұлы даланың жеті қыры- уақыт пен кеңістіктің көкжиегі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға: Аудандық музейдің ғылыми қызметкері М. Шөмекей, №31 мектеп - лицейнің мұғалімі Г. Әбіласанова, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2курс студенті Б. Қорғанбек және колледж студенттері қатысып өз ойларымен бөлісті.
      Есет батыр ауыдық кітапханасында Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай "Тәуелсіздік тұғыры-ұлттық бірлік" атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырылды.Кітап көрмесінде еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері мен әдебиет туындыларымен қамтылған.Көрменің мақсаты: оқырмандарға ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еңсесі биік тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын отансүйгіштікке баулу, тәуелсіздігімізді сақтауды ұғындыру.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni