Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

aab19   aab20   aab21  

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітап оқитын бала оқитын қоғам құрады" тақырыбымен аудандық семинар-тренинг өткізілді.

Семинар мақсаты: балалардың кітап оқу деңгейін жоғарылату, кітапханашылардың біліктілігін арттыру, заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана шарасына пайдалану. Кітапханашылардың өзара тәжірибе алмаса отырып, кітапхананың стратегиясын анықтау.

Семинар BOOK CAFE түрінде өткізілді.

1. "Keyword Hexagon" тәсілі арқылы кітап оқу"

Г.Әлиасқарова

2. "Заманауи әдістің бірі - "Book Bingo"

Ж.Искакова

3. "Көлеңкелі мәтіндер"

М.Шонықбаева

Осы тақырыптар бойынша шаралар таныстырылды.

Сергіту тренингтеріне "Мюнстерберг" әдістемесі, "Тәтті сұрақ", "Өрмекшінің торы" әдістері қолданылды.

Қазақ балалар әдебиетінің көтерер жүгінің ауыр салмағын көтерген "2021-Балалар әдебиетінің жылы" ойлаған мақсат- мүддемізге жеткізіп, сәтті өтсін деген тілекпен қорытындылады.

 

aa1  aa2  aa3

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай және балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу белсенділігін арттыру, отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау аясында, балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқырман отбасы» тақырыбымен отбасылық сайыс өткізілді.

Шараға кітапхананың белсенді оқырман отбасыларының мәдени оқу дағдысы қалыптасқан, отбасылық оқу тәжірибесі бар, балаларға арналған көркем әдебиеттерді жетік біліп, насихаттай алатын 4 оқырман отбасы қатысты.

Сайыс «Тегін білу тектілік», «Өнерлі өрге жүзер», «Ептілік пен шымырлық», «Білгенім бір тоғыз»,және «Бала арманы» кезеңдері бойынша өткізілді. Жалағаш аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Әлиасқарова қатысушыларды әр түрлі номинация бойынша дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттады: «Мерейлі отбасы» - Бақбергеновтер отбасы, «Дарынды отбасы» - Ерғалиевтер отбасы, «Ұлағатты отбасы» -Жүгінісовтер және «Өнерлі отбасы» - Бекберген отбасы.

Барлық отбасы сайысқа белсене қатысып, дайындықтары жоғары деңгейде екенін көрсете білді.

 
 
199162597 1302721166791219 6608734820804249711 n
     Гүлдер - әлем әдемілігін жеткізе алатын белгі. Әдемілікті көре отырып көңіліміз қуанады. Адамның бойынан барлық жақсылыққа керекті сезімді оятады.
Бала - біздің ұрпағымыз, ертеңіміз. Адамның жүрегін елжіретер көзінің нұры, көңілінің қуанышы.
"Жазғы оқу" жобасы бойынша "Жаз ажары - гүлменен, өмір ажары - бізбенен" тақырыбындағы өткізілген көрменің мақсаты: балаларды табиғат пен қоршаған ортаға назар аудартып, әдемілік пен сұлулыққа ынталандыру. Тұлғалық қасиеттерін ашу.
 
131895145 1185042091892461 8681959231928813520 n
Құрметті отандастар, бабаларымыз аңсап өткен, ұрпақтарының қолы жеткен Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын.
Ежелгі ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы өз ұрпағын күмбірлеген күйімен, асқақтата салған әнімен, салт-дәстүрімен, әдебиеті мен мәдениетімен ұрпағын тәрбиелеп келеді. Тарихы тереңде жатқан осынау күнді де қасиет тұтып қадірлеп ұрпағының санасына сіңіруде, отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында өткен "" тақырыбында болып өткен онлайн мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті. Қатысушылар арнайы диплом мен алғыс хаттарымен марапатталды.
 
142778033 1213390335724303 4415866611355406573 n
 
 
      "Балалар әдебиеті-ұлттың көркемдік көкжиегі" ашық есік күні.
Балалар кітапханасында осы тақырыппен "2021-Балалар әдебиетінің жылына" ашық есік күні болып өтті.
Кітап көрмесі төмендегі төрт бөлімнен тұрды: "Кел, балалар, оқылық!",
"Фольклор-балалар әдебиетінің алтын қоры",
"Балалыққа кітаппен барар жол",
"Энциклопедия, сөздіктер -айнымас анық көмекшілер"
Мақсаты: жас өркендерді балалар әдебиетімен таныстыра отырып, кітап оқуға шақыру, өнер-білімге, өмірге бейімдеу, қоғамдағы құбылыстарға назар аударту. Фольклордан бастап, Ы.Алтынсарин, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев сынды балалар жазушылары жалғаған үлкен саланың өкілдерінің өнегелі өмірі мен шығармашылығымен танысу.
Шара барысында оқырмандар "Бір ел - бір кітап" акциясы, "Бірлік пен ынтымақ, татулық пен тұтастық - Тәуелсіздік тірегі", "Абай сөзі- қазақтың бойтұмары", "Күй атасы -Қорқыт" т.б тақырыптағы көрмелермен танысты. Түрлі викториналық сұрақтарға қызыға жауап беріп, ақын өлеңдерін жатқа оқыды
 
   Безымянный2
 
      "Біз Абайды оқимыз" дөңгелек үстел.
Балалар кітапханасында осы тақырыппен дөңгелек үстел өткізілді."Абай мұрасы - біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, елретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы - халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді" - дейді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.Шара мақсаты: қазақтың бойтұмарына айналған Абай сөзін өскелең ұрпақтың әрқашан жадында ұстауына, Абай мұрасын насихаттауға шақыру.
 
   Балалар кітапханасында Жоба аясында мәдени-рухани акциясында балалар әдебиеті жанры бойынша ұсынылған кітаптарды оқу мен насихаттау мақсатында Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына арналған "Кел, балалар, оқылық!" апталығы болып өтті. Ы. Алтынсаринның өмірі мен халқына атқарған өлшеусіз қызметі, алғаш болып оқу-білімге шақырған, алып даланың жарық жұлдызындай болып бағыт-бағдар көрсеткен ағартушылық қызметін ұлықтау. Ұлы тұлғаларға тағзым ете отырып, ұлы ұстаздың еңбегін үлгі-өнеге ету. Ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелей отырып, жас оқырмандарды білімді, тәрбиелі, ізденімпаз болуға шақыру.
Апталық "Ұлы ағартушы, халық шамшырағы" тақырыбындағы кітап көрмесімен ашылды. "Қазақ әдебиетінің тарихындағы Ы. Алтынсаринның орны" танымдық сағаты, "Біз - Алтынсарин әңгімелерінің кейіпкерлеріміз" әдеби лотосы, "Өнер-білім бар жұрттар" тақырыбында zoom платформасы арқылы полиглоттар сайысы, "Ыбырай ата өсиеттері" кітапханалық квест өткізілді.
P.S Апталыққа Мәдениет ауылдық модульді кітапханасынан қатысқан оқырмандарға алғыс айтамыз.
 

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni