
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жастар жылына байланысты, жастарға қолдау көрсету мақсатында «Жырла менін жас жүрегім» атты аудандық жас ақындардың жыр мүшәйрасы өткізілді. Шараға аудан орталығындағы мектеп оқушылары және аудандық индустриалды- аграрлық колледжінің студенттері қатысты. Жас ақындарымыздың өнерін бағалау әрі марапаттау әділқазылар алқасымен анықталып:

Жастар- қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Жастар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері.Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысты жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, "Мәңгілік ел" болуына нық қадам бастайды. "Жастар жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады" деп Елбасымыз барлық жастарға зор сенім білдіріп отыр. Сол себепті жастар күшімізді біріктіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, көркейіп, гүлденуіне үлес қосып, Елбасы сенімін ақтауымыз қажет. Осы орайда, Жалағаш Аудандык кітапхананың кітапханашысы Жансулу Ешимова аудан жастарына, жергілікті жас ақындардың кітаптарың таңып білу мақсатында «Ел келешегі жастар» атты флешмоб ұйымдастырып, авт: Dinara Malik, Мөлдір Ыдырысова, Жасұлан Серік және тағы баска жас ақындардың кітаптарын насихаттап, таныстырылды.

Аудандық кітапхана және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жас сурет шебері Мейрамбек Қитанавтың «Сырлы әлемге жетелеген...» атты шеберлік сағаты жастар ресурстық орталығының Коворкингінде өткізілді. Жалағаш ауданында дүниеге келген кейіпкеріміз №201 мектеп қабырғасында білім ала жүріп Оқушылар үйінің «Көркемсурет» үйірмесінде суретші Жұматай Қорғанбаевтан дәріс алған. Ұстазының сурет өнері жайлы шеберлік дәрістері мен бағыт-бағдары балғын жастың өмірлік ұстанымын айқындады. Бойындағы талантты ұштай түсу мақсатында арман қуып Алматыға барып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша оқуын жоғары деңгейде тәмамдайды. Сөйтіп, кіндік қана тамған жеріне жас маман болып қайта оралып, аудандық Оқушылар үйінде қызмет етеді. Ол карикатура үйірмесіне қызығушылық танытқан бүлдіршіндерге аталмыш өнердің қыр-сырын меңгертуде азды-көпті еңбек етті. Сол кезеңдерде түрлі жарыстарға, байқауларға қатысады. Сондай бір байқаулардың бірі «Менің елім-мәңгілік ел» тақырыбындағы көрмеде ҚР Мәдениет қайраткері Жарасбай Әбжанов көрмені өткізуге белсене араласып жүрген жас суретшіні, дәлірек айтқанда Мейрамбектің «Шарж» нобайынан салынған суреттерін көреді. Міне, мәдениет қайраткерімен әңгімелесіп, пікірін тыңдаған соң-ақ Мейрамбектің келесі арманына жол ашылғандай болады. Кейіпкеріміздің ендігі арманы- өзі сомдаған қазақтың белгілі тұлғаларымен кездесіп, пікірлері мен көзқарастарын білу, өнер-білімнің қайнаған ордасы Алматыға барып, шығармашылық шабытпен жұмыс істеу болады... Сол мақсатына жеткен кейіпкеріміз Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында декоратор - суретші қызметін атқаруда. Мейрамбек бұл күнде бірнеше спектакльдердің декорациялық көркемделуіне үлес қосып жүр. Сонымен қатар құрдасы, №123 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің ұстазы С.Жасұлан да өз ойын ортаға салды. Шараға қатысқан жастарымыздың толассыз қойған сұрақтарына жауап берді. Шара соңында жас оқырманымыз Ғибраттың суретін сол мезетте салып, жастарымызды таң қалдырды. Алдағы уақытта Мейрамбекке жұмысына сәттілік серігі болсын деп, өркендей беруіне тілектеспіз.


Аудандық кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күнімен қатар келіп отырған кешіміздің қонағы «Ән-жырды жүрегімде әлдилеймін» және «Перзент парызы» атты кітаптардың авторы, ақын апамыз Роза Көшекбайқызымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші, қазақтың ақын қызы әрі әнші, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық Аналар Кеңесінің төрайымы, тәжірибелі ұстаз және кәсіпкер, жерлесіміз Ералиева Роза Көшекбайқызының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш Коворкинг орталығында өткізілді. Кештің мақсаты: Оқушыларды жергілікті ақын Ералиева Роза Көшекбайқызының шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Шараға мектеп оқушылары арнау өлеңдерін оқыса, әуез мектебінен С.Қайранбаев домбырадан күй тартты, мәдениет және өнерді дамыту орталығының қызметкерлері Б.Боранбаев, Р. Байдулла әннен шашу шашты, сонымен қатар өлке жазушысы Қалжан Өтегенқызы да шараға қатысып өз лебізін білдірді. Кешімізді аудандық кітапхананың директоры Ұ.Меңдібаева қортындылап, сый сияпат тапсырды.

Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында «Жастар жылы» аясында «Кітапхана және жастар:арман, тілек, үміт» жобасы бойынша кітапхана оқырманы, І топ мүгедегі Мылтықбай Құралайдың өз қолынан жасалынған қолөнер бұйымдарынан фотокөрме ұйымдастырылды. Қолөнер бұйымдары моншақтан, иірілген жіптен, түрлі-түсті қағаздан, рожкиден жасалынған. Мақсаты: жастардың өнерін насихаттау, еңбекке баулу, өнерді инновациялық форматта көрсету.

Аудандық кітапханада кітап оқу мәдениетін ілгері жылжыту, ең үлгілі көркем әдебиет туындылары арқылы оқырман бойында адамгершілік және рухани тәрбиені қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізілді.












