Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

фыф82    фыф83

 

          Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық- бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз.

                                                                                            Қасым- Жомарт Тоқаев

        Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев жаңа барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады. Балалар жылына орай балалар әдебиеттерін насихаттау мақсатында Аққұм онлайн кітапханасында  "Балаларға базарлық", "Балалар бағының бағбандары " атты кітап көрмелері ұйымдастырылып оқырмандарымызға таныстырылуда. Көрмеге балаларға арналған классик жазушылардың туындылары, халық ауыз әдебиеттері, балалар энциклопедиясы және бүлдіршіндерге арналған ертегі кітаптар қойылды. Мақсаты: оқырмандарымызды кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге тіл байлығын арттыруға үйрету.

 фф3             фф4
                          
                                         
 
     Жалағаш аудандық балалар кітапханасында "Өзің оқығанды досыңа ұсын!" буккроссинг акциясы өтті.
Акцияның мақсаты түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, үйдегі оқыған кітаптарын алмастыру. Кітаптың оқылуына ықпал жасау.
Кітапханашылар акция туралы түсіндіріп, адам мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстың бірі екенін айтып өтті. Буккроссингтің ережесі бойынша оқырмандар әкелген кітаптарын өзара алмасты.
 
 

33    34

 

          Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды - Балалар жылы деп жариялады. Басты мақсаты - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен баланың денсаулығын сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, рухани тәрбие беру. Балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өтті.
Осы мақсатта Жалағаш аудандық балалар кітапханасы "Бала бақыты бәрінен қымбат" тақырыбымен ашық есік күнін өткізді.
Шара барысында оқырмандар кітапхана ережесінен бастап, кітап көрмелерімен, әр бөлімнің атқарар қызметімен танысты. Балалар әдебиеті жылы аясында мемлекеттік тапсырыспен "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату" бағдарламасы бойынша шығарылған 40 кітаппен танысты. Түрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп, ойындар ойнады.
"Кемеңгерліктің биік шыңы - Абай" көрмесінде ақын өлеңдерін жатқа оқыды.
   122ф   123.jpg
 
 
?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады.
?"Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз"- деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
? Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Тәрбие адамгершілік қасиеттер мен ақыл-парасатты, білімділік пен даналықты талап етеді.
?Қай ата-ана болмасын балаларының жан-жақты жетілген, изгі ниетті, білімді, еңбекқор, елжанды болып өскенін көргісі келеді.
?Қоғам өмірінің жаңарып жаңғыруы ұрпақ тәрбиесіне де жаңа талаптар қояды.
?Балалар біздің болашағымыз. Олар кез-келген мемлекеттің құндылығы болып табылады.
?"Балалар жаны таза тақта. Оған тек жақсы сөздер жазайық.
Ағылшын философы Джон Локк.
?Ендеше биылғы жылдың жауакершілігі үлкен.
 
                                                                                                     

aab51   aab52    aab53 

Аудандық балалар кітапханасы жыл бойы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында түрлі іс-шаралар өткізді.

Күзгі каникул күндерінде біздің кішкене оқырмандарымыздың оқу алгоритмін айқындау мақсатында, "Жазғы ертегі" жобасын қорытындылау есебінде "Жылдың үздік ертегісі" тақырыбымен апталық өткізді.

Апталықтың 1-күні "Ертегі әлемі" кітап көрмесімен ашылды.

2-күні "Мен оқыған ертегі" мәнерлеп оқу сайысы.

3-күні "Кейіпкерлер галереясы" суретшілер сайысы.

4-күні "Ертегім неткен, мұратына жеткен..." ертегіні сахналау сайысы.

5-күні "Бұл ертегіні оқыдым" әдеби лотосы өткізілді.

Шара мақсаты балалар арасында кітап оқудың маңыздылығын көрсету, оқырман ұрпақты қалыптастыру, ертегі арқылы көркем әдебиетті оқуға баулу.

aab36  aab37 

"Балдырғандарға базарлық" тақырыбымен кітапхана қызметкерлері "Жауқазын" балабақшасында кітаптар жәрмеңкесін өткізді.

Мақсаты бүлдіршіндердің кітап оқуға сүйіспеншілігін ояту, балаларды кішкене кезінен кітап оқуға баулу. Білім мекемелері арасындағы кітапхананың байланысын қалыптастыру.

"Жауқазын" бөбекжайы 2005 жылы ашылған 90 орындық мекеме. Меңгерушісі Искакова Бақыткүл мен әдіскер Н.Смайлова тәрбиеленуші топтарымен таныстырды. Кітапханашылар бөбектерге ертегілер оқып берді.

aab23   aab24

 

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауында еліміздің жарқын болашағының маңызды бағыттарын атап көрсетті. Жолдаудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеруде барлық салаларды қамтиды. Соның ішінде еліміздің тұтастығын қорғау,азық-түлік бағасын бақылау,ең төменгі жалақыны көтеру,қазақ тілінің мәртебесін көтеру,сонымен қатар ең маңыздысы ел Тәуелсіздігін сезініп,қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтау.Әр жолдау еліміздің әр саласына жаңа серпінмен талпыныс беретіні анық.Олай болса еліміздің жарқын болашағымен кемел келешегі үшін жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау әр азаматтың борышы.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni