Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Жастар жылы

Жастар жылы (5)

58571166 818322178546554 2211425557734752256 n          58758447 818322265213212 8356845269442101248 n

Аудандық кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күнімен қатар келіп отырған кешіміздің қонағы «Ән-жырды жүрегімде әлдилеймін» және «Перзент парызы» атты кітаптардың авторы, ақын апамыз Роза Көшекбайқызымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші, қазақтың ақын қызы әрі әнші, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық Аналар Кеңесінің төрайымы, тәжірибелі ұстаз және кәсіпкер, жерлесіміз Ералиева Роза Көшекбайқызының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш Коворкинг орталығында өткізілді. Кештің мақсаты: Оқушыларды жергілікті ақын Ералиева Роза Көшекбайқызының шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Шараға мектеп оқушылары арнау өлеңдерін оқыса, әуез мектебінен С.Қайранбаев домбырадан күй тартты, мәдениет және өнерді дамыту орталығының қызметкерлері Б.Боранбаев, Р. Байдулла әннен шашу шашты, сонымен қатар өлке жазушысы Қалжан Өтегенқызы да шараға қатысып өз лебізін білдірді. Кешімізді аудандық кітапхананың директоры Ұ.Меңдібаева қортындылап, сый сияпат тапсырды.

              56598117 434244787332997 9189796937472147456 n       56636446 434244900666319 6186321471246172160 n

       Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында «Жастар жылы» аясында «Кітапхана және жастар:арман, тілек, үміт» жобасы бойынша кітапхана оқырманы, І топ мүгедегі Мылтықбай Құралайдың өз қолынан жасалынған қолөнер бұйымдарынан фотокөрме ұйымдастырылды. Қолөнер бұйымдары моншақтан, иірілген жіптен, түрлі-түсті қағаздан, рожкиден жасалынған. Мақсаты: жастардың өнерін насихаттау, еңбекке баулу, өнерді инновациялық форматта көрсету.

en uzdik okyrman

Аудандық кітапханада кітап оқу мәдениетін ілгері жылжыту, ең үлгілі көркем әдебиет туындылары арқылы оқырман бойында адамгершілік және рухани тәрбиені қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізілді.

Kazakh handygy

Аудандық кітапхананың КОВОРКИНГ орталығында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру мақсатында ауданымыздағы жастарға, яғни мектеп оқушыларына «Қазақ хандығы» көркемфильмі ұсынылды.

zhastar zhane zaman

Аудандық кітапханада «Жастар және заман» атты пікір алмасу кеші өткізілді. Мақсаты: Жастардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу.

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау 2019

Жолдау 2017 жыл

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Астана 20 жыл

astanakyzyorda1