Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image013

Ибрагимов Т, МалаевС.

       Шыңғыстау өңірінің шертпелері:күйлер.-Алматы:Айғаным.-2016.-96 б.

     Бұл – Абайдың туғанына 165 жыл, Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайына 70 жыл толуына орай әзірленген қорық-мұражайдың қорында жинақталып, сақталған күйлер жинағы. Жинаққа қорға әр жылдарда түсіп сақталған белгілі күйші – орындаушылардың орындауындағы Шыңғыстау өңірі, Абай айналасында топтасқан өнер иелерінің және өздерінің шығарған шығармалары еніп отыр

clip image012

Шаяхмет А.

       Сөз:Өлеңдер.-Алматы.-2016.-384 б.

      Бұл жинақта әр жылдары жазылған өлеңдері енгізілді. Олардың тақырыбы сан алуан. Автор тәуелсіздік жемістері туралы тебірене жырласа, ел ішіндегі келеңсіз көріністерді тілге тиек етіп, имандылыққа үндейді. Адамдар арасындағы адамгершілік пен арсыздық, парасаттылық пен надандық, жақсылық пен жамандық, достық пен қаскөйлік, кішіпейілділік пен өркөкіректік, еңбекқорлық пен жалқаулық, мәрттік пен нәмарттық және басқа жақсы-жаман адами қасиеттер мен қасіреттер жайлы дарынды ақын тебірене қалам тербеп, оқырмандарын жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырады.

clip image011

Тұрысов Е.

     Мәңгілік сарын.Шығармалары.-Алматы:Айғаным.-2016.-342 б.

       Автордың бұдан жарты ғасыр бұрын басталып бұл күндерге ұласып жатқан арналы тақырыптарының бірі адам, өмір, тағдыр, заман мен замандастар жайындағы көз көрген, бастан кешкен және ізденістерден туған жазбалары тұтастай алғанда бір-бірімен ұштасып жатқан ғажайып өмірдің сыры мен жыры – сарқылмас, ұлы сарынның – мәңгілік сарынның өшпес жаңғырығы.

clip image010

Сайынқызы Г

     Қоңырау:Ой-толғамдар, кеңестер, афоризмдер.-Алматы: «Каратау КБ» ЖШС: «Дәстүр».-2016.-288 б.

     Г.Сайынқызының «Қоңырау» атты бұл кітабында автордың ұрпақ тәрбиесіне қатысты педагогикалық тұжырымдары, ой толғаулары, кеңестері мен афоризмдері берілген. Автор Тәуелсіз қазақ елінің жастарына Абай, Мағжан, Бауыржан Момышұлы сынды тұлғаларды үлгі етеді. Өзінің туған еліне деген перзенттік парызымен, адамдармен қарым-қатынастағы өнегесі арқылы шәкірттерін, жалпы жастарды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

clip image009

Орманов Т.

    Ертегі өмір:ой-толғаныстар.-Алматы:Айғаным.-2016.-286 б.

   Қаламгер Талғат Ормановтың бұл жинағына ел мен жер, ауыл азаматтары жайлы кең тынысты публицистикалық туындылары еніп отыр. Қайнаған еңбектің ортасындағы өз кейіпкерлерімен қоян-қолтық араласып жүрген автор өмір шындығын көркем тілмен баяндайды.

clip image008

Мырза Әлі Қадыр.

     Шығармалар жинағы.-Алматы:Өлке.-2015.-480 б.

     Бұл жинаққа қазақтың көрнекті ақыны Қ.Мырза Әлінің халықтың көкейінен шыққан лирикалық өлеңдері, философиялық терең оймен өрілген жырлары, әнге жазылған мәтіндері мен қысқа-қысқа ғибратнамалық әңгімелері енгізіліп отыр. Ғажайып ақынның мәңгілік өлмес жырлары жасампаз ұрпағымыздың рухани жандүниесін байытып, таным көкжиегін кеңітетін өміршең шығармалар.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni