Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image0018

Тілешов Е

     Қайнар:Мақалалар, сұхбаттар.-Алматы:ЖК Айдаргазин Е.-2016.-376 б.

       Жинаққа автордың әр жылдары жазылған мақалалары және сұхбаттары енгізілді. Кітапқа енген еңбектер тіл, әдебиет және Алаш қозғалысы тақырыптарын қамтиды.

       Кітап ұлт руханияты қызықтыратын оқырман қауымға арналады.

clip image0017

Төлепберген Б.

     Қасиеттім-желтоқсан.-Алматы:Керемет медиа.-2016.-320 б.

     Публицистикалық кітабында 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысын қамтуды көздеген. Автордың бұл тиянақты еңбегі – қаһармандық күрестің шынайы бейнесі мен толық ақиқатын ашудағы сауапты да қажырлы талпынысы. Игілікті істің мәуелі жемісі.

clip image0015

Қазақ хандары: танымдық жинақ./Құраст.Талас Омарбеков.-Алматы:Айғаным.-2016.-148 б.

        Белгілі тарихшы-ғалым Т.Омарбековтің бұл жинағына қазақ хандары туралы зерттеулері мен баспасөз бетінде жарық көрген еңбектері енді. Автор еңбекті құрастыру барысында мейлінше нақты, құнды тарихи деректерге сүйенген. Бұл кітаптың қалың оқырман қауым үшін құндылығы жоғары болары сөзсіз.

clip image0012

Қазақ би-шешендері: танымдық жинақ./Құраст.Серікқазы Қорабай.-Алматы:Айғаным.-2016.-204 б.

      Бұл жинақта қазақ тарихында ерекше орын алатын бірқатар би-шешендер туралы қысқа-қайырым мәліметтер қамтылған. Аталы сөзге тоқтаған халқымыздың от ауызды, орақ тілді дүлдүлдері, әрине, мұнымен шектелмейді. Толымды тарихымызды түгелдеу-үздіксіз жүргізілетін қасиетті міндет.

clip image0011

Қазақ батырлары: танымдық жинақ. /Құраст.Серікқазы Қорабай.-Алматы:Айғаным.-2016.-148 б.

      Бұл жинақта туған жерімізді, бостандығымызды, азаттығымызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған белгілі батырларымыздың ерен ерліктері баяндалады. Кітаптың ұлт рухын көтерудегі, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудағы маңызы ерекше.

clip image0004

Жұртбай Тұрсын.

     Біртұтас алаш идеясы:толғаныстар.-Алматы:Хантәңірі.-2016.-380 б.

       Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Жұртбай «Біртұтас алаш идеясы» атты бұл жинағына – ұлттық тәуелсіздік пен тәуелсіз бас бостандығы, тәуелсіз жан бостандығы сияқты шетін де киелі мәселелер арқылы Біртұтас алаш идеясының қалыптасуы мен даму жолын пайымдаған және сол қасиетті аңсарлы идеяның бүгінгі қоғамымыздан алуға тиісті орны туралы толғамдары топтастырылған.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni