Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

 

Жалағаш аудандық кітапханаға 2017 жылдың

маусым айында түскен жаңа кітаптардың

тізімі

***Қоғамдық саяси әдебиеттер***

Әбсадықов А.

       Қазақ хандығы және тарихи аңыздар:зерттеу мақалалар.-Алматы:Айғаным.-2017.-342 б.

Бұл кітапқа ХV-XIX ғасырдағы тарихи оқиғалар мен ел билеген жандардың, билердің қазақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы өлшеусіз қызметінің, батырлардың ерен ерліктерінің тарихи жыр-аңыздарда қалай көрініс тапқаны өзек болған.

Бейсенбайұлы Ж.

         Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері.-Алматы:ҚАЗақпарат.-2017.-400 б.

Кітапта Ұлы даланың ежелгі тарихына қатысты кейінгі жылдарда жүргізілген этномәдени, археологиялық, генеалогиялық, этимологиялық және т.б. зерттеу нәтижелері сарапталып, аталған алып аумақта өркен жайған байырғы мәдениеттердің иелері, осы ұлан-ғайыр кеңістікті талай мыңжылдықтар бойы мекен еткен тұрғылықты жұрттар екендігі дәйектеледі.

Бөкейхан Әлихан

       Шығармалары.-Астана:Сарыарқа.-2017.-Қазақша, орысша.-Т.3.-2017.-616 б.

Бұл томда 1903-1905 жылдары «Степной край» газеттерінде жарияланған мақалалар, корреспонденциялар, қазанама (некролог), жеделхаттар, «Щербина экспедициясының» материалдарының 6 томы қамтылды.

Жұмабайқызы Г.

       Өмір өткелдері.-Алматы:Керемет медиа».-2017.-416 б.

Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде «Өмір өткелдері» айдары бойынша жарияланған материалдары топтастырылған.

Қазақ салт-дәстүрлері.Құраст.Әлихан Тауұлы.-Алматы:Балауса.-2017.-384 б.

Кітапқа енгізілген ұлттық салт-дәстүрлеріміз бабалардан қалған асыл мұрамызды қастерлей білуге, күнделікті өмірде қолданып, игілігін көруге мол септігін тигізері хақ.

Қорабай С.

     Қазақтың сал-серілері:танымдық жинақ.-Алматы:Айғаным.-2017.-216 б.

Жинақта қазақ халқы мәдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы – сал-серілік өнердің қыр-сыры туралы ғұлама ғалым, академик Ә.Марғұланның, көрнекті фольклортанушы – ғалым Е.Ысмайловтың және басқа ғалымдардың зерттеулері мен пікірлері, ақындық, сазгерлік, әншілік қасиеттерімен дараланған, жүйрік баптап, құс салған әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі әнші, күйші, сегіз қырлы, бьір сырлы талант ерекшеліктері туралы мақалалар берілген.

Омарбеков Т.

       Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны.-Алматы.-2017.-342 б.

Талас Омарбековтің бұл жинағына қазақ халқы мемлекеттігінің негізі болып табылатын – ежелгі түркі қағанаттарының тарихы жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр.

Ұлы дала елі.-Алматы:Сардар.-2017.-240 б.-Қазақша, орысша, ағылшынша.

Бұл кітапта халықтың жадында көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған.

 

***Әдебиеттану***

 

Қамзабекұлы Д.

         Алаш арқауы (зерттеу мақалалар).-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2017.-408 б.

Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі – Алашқа арқау болған құбылыстар, тұлғалар, ұйымдар, жиындар, ізденістер, оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр.

Қорабай Серікқазы.

     Нәрлі тамырлар:ғылыми зерттеулер мен мақалалар.-Алматы.-2017.-342 б.

Бұл жинақта қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихының түрлі кезеңдерінен терең сыр шерткен көкейтесті мәселелер мен бұрын жарияланбаған армян жазуындағы «Дана Хиқар хикаясы», «Құмандар кітабы» сияқты ортағасырлық қыпшақ әдеби жәдігерлері туралы кеңінен сөз болады, Абайдың әдеби мектебі туралы да жаңаша пайымдалады.

Сарбалаұлы Бақыт

       Бесік жыры – басты жыр.-Алматы:Айғаным.-2017.-380 б.

Сыншының бұл кітабы қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті маңызды мәселелерін қозғайды. Әдебиеттегі сүреңсіздікке, теңгермешілікке қарсы күрес аша отырып, жас, орта буын өкілдерімен қатар беделді қаламгерлерімізбен де батыл полемикаға барады.

Сәттібайұлы Көсемәлі

       Шамаң келсе, шындықты айт!?:эсселер, сұхбаттар.-Алматы:Қаламгер.-2017.-387 б.

Кітапта белгілі қоғам қайраткері, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртаза туралы көркем тілмен қағазға түсіріпті.

Тұлғалар тұғыры.-Алматы.-2017.-285 б.

       Кітапқа әйгілі Қордай асуының күңгей теріскейінде өніп-өсіп жатқан ұрпақтардың ұраны болған, Жетісу мен Шу бойындағы Алашқа даңқы жайылған тарихи төрт тұлға жайлы атақты жыраулар, белгілі қаламгерлер мен әдебиетші-ғалымдар әр кезеңде айтқан дастандары мен зерттеу мақалалары топтастырылған.

Ісімақова Айгүл

         Алаш әдебиеттануы.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2017.-480 б.

Бұл еңбегінде ХХ ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған.

        

***Көркем әдебиет***

Әбдіразақов Бекен

       Шығармалары. 5 томдық.-Алматы:Хантәңірі.-2017.-Т.1.-380 б.

Бұл жинаққа автордың кезінде қалың оқырман қауым мен әдебиет сыншылары жылы қабылдаған «Тұңғыш кітап», «Махаббат мекені», «Ғашық жан», «Өмір мен көңіл» атты кітаптарындағы өлең-жырлары, балладалары, толғау-дастандары, поэмалары еніп отыр.

Әкімқұлов Еркінбай

       Немере.-Алматы:Қаламгер.-2017.-285 б.

Жазушының жинағына кезінде оқырман қауымының жылы ықыласына ие болған бір топ хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр.

Әріп Ғалым.

       Алматы ғазалдары:Өлеңдер.-Алматы:Келешек.-2017.-344 б.

Қаламгердің бұл кітабына әр жылдары жарық көрген туған жер, курстас достары, дәріс берген ұстаздары, жастық шағы өткен Алматы қаласы туралы өлеңдері енді.

Дәулетбаева Әлия

         Жан дауыс:Өлеңдер.-Алматы:Айғаным.-2017.-190 б.

Жас ақын Ә.Дәулетбаеваның «Жан дауыс» кітабына жүрек жарды өлеңдерімен қатар «Орбұлақ», «Ай астында бір көл бар» дастандары енген.

Жайлауов Ө.

       Өлеңмен өткен өмірім:Өлеңдер.-Алматы:Хантәңірі.-2017.-342 б.

Өкім Жайлауов жырларын оқып отырып көп нәрсеге көз жеткізе аламыз. Оның ақындық алымына, қаламгерлік қарымына, өлеңдерінің қисындық түзіліміне еріксіз деп қоясыз.

Жақыпбек Есенқұл

         Өмір өтті... Таңдамалы.-Алматы.-2017.-288 б.

Бұл жинаққа Жетісудан шыққан айтулы айтыс ақыны, жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізбасары, қазақ өнерінің көгінде аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан дара дарын иесі ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең -жырлары еніп отыр.

Жандыбаев Ғұсман

       Шығармалары.1-том.Өлеңдер.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы».-2017.-336 б.

Үш томдық шығармалар жинағының бірінші томына ақынның әр кезеңде жазған өлеңдері, сондай-ақ таңдаулы лирикалары енді.

Жұмағалиев Мұхамедия

       Бақыты үшін басқаның:Өлеңдер, балладалар.-2017.-288 б.

Бұл кітапқа әр жылдары және соңғы кезде жазған өлең, балладаларының ең таңдаулылары енді. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы – заман, уақыт, дос-жаранға деген ыстық ықылас туралы.

Жүністегі Кәмел

     Көгілдір күмбезі.-Алматы.-2017.-380 б.

Белгілі қаламгер К.Жүністегінің «Көгілдір күмбез» атты жинағына «Тағдырлы ауыл», «Қайрақты жайбарақат ағып жатқан» секілді әңгімелері еніп отыр.

Иса И.

   Сағым дүние.-Алматы.-2017.-288 б.

Белгілі ақын Ибрагим Исаның «Сағым дүние» атты жинағына терең ойға, нәзік сезім иірімдеріне толы бір топ өлең-жырлары еніп отыр.

Мұратбеков Сайын

         Таңдамалы.-Алматы:Айғаным.-2017.-1113 б.

Белгілі жазушы С.Мұратбековтің бұл таңдамалы шығармасына кезінде оқырманы жылы қабылдаған «Менің қарындасым», «Райгүл», «Бекеннің құбылысы», «Жабайы алма» хикаяты еніп отыр. Бұл туындылардың қай-қайсысында да адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамшылық ұғымдары ортаға тартылады.

Өтегенов А.

     Боз жусан иіс боз далам.-Алматы.-2017.-400 б.

Басты кредосы - өз оқырманының жүрегіне отансүйгіштік сезімін егу. Елбасымыздың саясатын кеңінен насихаттайтын публицистикалар мен көркем топтама өлеңдер жазды.

Сәрсек Жарас

           Жан - арымның жарығы.-Алматы:Айғаным.-2017.-342 б.

Бұл жинаққа әр жылдары жарық көрген өлеңдері, сұхбаттары еніп отыр. Сыршыл қаламгер қай шығармасында да оқырманымен ашық сырласа отырып, жан-дүниесін тербеткен ой-толғамдарымен бөліседі.

Сейдімбек А.

       Шығармалары.-Алматы:Қаламгер.-2017.-1116 б.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сейдімбектің көзі тірісінде жарық көрген көркем туындылары мен очерктері беріліп отыр.

Табылды Әдібай

       Таңдамалы шығармалары:13томдық.-Алматы:Азия Арна.-2017.-Т.3:Мектеп сахнасы.-384 б.

Кітап 11 скетч, 37 қойылымнан тұрады.

Табылды Әдібай

       Таңдамалы шығармалары:13 томдық.-Алматы:Азия Арна.-2017.-Т.4:Айналайын балалар.-344 б.

Әдібай Табылды қазақ балалар әдебиетінің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп, уықтарын түгелдеп шығарған 41 кітабына ертегілер, пьесалар, скетчтер, жұмбақтар, айтыстар ендірді.

Томанов Серік

         Соғады сен деп жүрегім (Өлеңдер, балладалар, поэмалар).-Алматы.-2017.-260 б.

Бұл кітабына оның құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмырында жазып үлгерген таңдамалы жауһар жырлары топтастырылған. Ақын жыр сүйер қауымды өзімен бірге ойлантады, қуантады, мұңайтады, рухтандырып, шабыттандырады.

      

***Өнер***

 

Құлбаев Игілік

     Біз қонақжай елміз.-Алматы:Асыл сөз.-2017.-200 б.-қазақша, орысша, ағылшынша.

Альбом белгілі қазақ суретшісі – Игілік Құлбаевтың шығармашылығына арналған.

Тайжанов А.

       Парыз бен пайым.-Алматы.-2017.-380 б.

Кітапта қазіргі заман тұрғысынан жаһандану тұсындағы Тәуелсіз елдің рухани-мәдени құндылықтары, тәрбиесі мен білімі, ұлттық болмысы мен тарихи санасы, ұлттық танымы мен тағылымы, дүниетанымы сөз болады.

 

***Орыс тілінде***

 

Ауэзов М.М.

       Времен связующая нить.-Алматы:ИД Жибек жолы.-2017.-760 с.

Павленко Т.

       Шиповник цветет... повести, очерки, рассказы.-Алматы:Асыл сөз.-2017.-424 с.

Яшкурова О.

       Жизнь без прикрас;худ.литература.-Алматы.-2017.-342 с.

Жалағаш аудандық кітапханаға 2017 жылдың

І тоқсанында түскен жаңа кітаптардың

тізімі

***Қоғамдық саяси әдебиеттер***

   25 белес. Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар/Құраст.А.Үкібай.-Алматы:Тау-Қайнар.-2016.-272 б.

Бұл жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдарындағы (1991-2016 ж.ж.) түрлі маңызды шараларда сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған, өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздері, жұртшылыққа танымал өміршең бастамалары, бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан, қазір ақиқатқа айналған берекелі болжамдары мүмкіндігінше хронологиялық ретпен берілді.

Адырбек К.

     Тәуелсіздікке талпыныс.публицистикалық мақалалар.-Алматы:Айғаным.-2016.-380 б.

Белгілі журналист, қаламгер Көлбай Адырбектің бұл жинағына еліміздің тәуелсіздік алуына баспалдақ болған оқиғалар өзек болған.Автор Кеңес Одағының тарауына аса күшті ықпал еткен Желтоқсан оқиғасы жайлы ешбір боямасыз, егжей-тегжейлі нақты мәліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды.

Асанұлы Жұма-Назар.

Әуелбаев М.

       Ер Едігенің тарихы:монография.-Алматы:Нұрсәт.-2016.-190 б.

Кітапта Ер Едігенің шынайы тарихы таңбаланған. Монография әйгілі «Қырымның қырық батыры» циклдік жырын, қазақтың өткен тарихын білейін, зерттеймін деген мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға да пайдалы.

Бөкейхан Әлихан

       Шығармалары – Сочинения.-Астана.-2016.-Қазақша-орысша.-Т.1.-608 б.-қазақша-орысша.

Бұл томда 1889-1903 жылдар аралығындағы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалаларын, ғылыми зерттеулерін, 1897-1901 жылдары Қазақ облыстарын зерттеген «Щербина экспедициясының» материалдарын,Л.Н.Толстой шығармаларынан аударған әңгімелерін , өтініштерін, хаттарын және хаттамаларды қамтиды.

Бөкейхан Әлихан

     Шығармалары – Сочинения.-Астана.-2016.-Қазақша-орысша.-Т.2.-

680 б.-қазақша-орысша.

Бұл томда 1903 жылы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, азынамасы, ғылыми зерттеулері және Ә.Бөкейхан іхдеп жариялаған мұрағат құжаттары қамтылады.

Жалбағаев Е.

     Қазақтың арғы атасы кім?.-Алматы:Білім.-2016.-176 б.

Кітап - әлемдік тарихи маңызы грек-рим, парсы мәдениетімен парапар, Еуразияда бірнеше империялық мемлекеттер орнатып, адамзат өркениетінің дамуына ерекше үлес қосқан түркілердің және олардың тікелей мұрагері қазақтың да тарихынан сенімді деректерге негізделген соны мәлімет береді, бірақ еңбек ресми тарих емес, мамандығы дәрігер автордың жеке көзқарасы.

Қанафияұлы Н.

     Түнекті түрген найзағай.-Алматы.-2016.-288 б.

Кітап Ш.Ш.Уәлиханов туралы, оның Қазақстан ғылымының қалыптасуына ықпалы жайында кеңінен мәлім.Еңбекте қазақ халқының ұлы перзенті өмірінің осы бір тұстары нақты деректер арқылы баяндалған.

       Нұрлан Балғымбаев.Естеліктер.-Құраст.Ғ.Молдамұрат.-Астана:Ақ Жайық.-2016.-488 бет.

Бірінші бөлім Балғымбаев үкіметінің жылнамасына арналды. Екінші бөлімде Нұрлан Өтепұлының көзін көрген қызметтес, әріптес, дос-жарандардың пікір-пайымдары мен лебіздеріне құрылған мақалаларға орын берілді.

Нұрлан Балғымбаев.Фотошежіре.Құраст.Ғ.Молдамұрат.Астана.-2016.-200 б.

Кітап 11 тарауға жіктелген.Фотошежіре Нұрлан Өтепұлының болмысы мен тұрпатын еш боямасыз түрде халқына артық сипаттаусыз-ақ жеткізетін шүбәсіз куәгер.

Президент – 2016.Большая политика:Фотоальбом/Сост.А.Үкібай.-Алматы:Тау –Кайнар.-2016.-296 с.

Посвящается 25-летию Независимости Республики Казахстан.

Рахметова К.

     Ұлағат иірімдері:ғұмырнама, естеліктер.-392 б.

Бұл кітапта ұлағатты ұстаз, білікті басшы , қажы Күлшар Рахметованың өмір жолдары өзінің ғұмырнамалық жазбасы және әріптестері мен замандастарының, шәкірттерінің естеліктері арқылы жан-жақты , толық суреттелген.

Тоқашбаев М.

     Жан-дауыс:публицистикалық мақалалар.-Алматы:Нұрсәт.-2016.-380 б.

Қаламгердің жаңа кітабы ел мен жер тарихына қатысты публицистикалық еңбектерінен, зерттеу жұмыстарынан, соңында айта жүрерліктей із қалдырған тұлғалар туралы очерктерінен құрастырылған. Әлеуметтік мәселелер мен ұлт перзенттерінің сан тарау тағдыры – жинақтың басты тақырыбы.

     Тұрсынбай датқа:тарихи-деректі хикаяттар, танымдық жинақ.Құраст.М.Әлсеріков.-Қызылорда.-2016.-250 б.

Кітапта елім деп өмір сүрген есіл ердің өнегелі өмір жолдары тұңғыш рет мүмкіндігінше зерттеліп, жинақталып, баспадан жарық көріп отыр. Тарихи тұлғаға бағышталған деректі танымдық – тағылымдық кітаптың шығуына жақын-жуық ағайындары, жанашыр қаламгерлер мен ғалымдар атсалысты.

***Тіл білімі***

Сәдуақасұлы Ж.

       Жіктік жалғау парадигмасы:синтаксиситік және семантикалық қызметтері:Монография.(Толықтырылып 2- басылуы)

-Қызылорда.-2015.-192 б.

Кітапта жалпы тіл біліміне белгілі тұжырымдамалар негізінде сөйлемнің предикативтілік белгісінің бір тәсілі болып табылатын жіктік жалғауларының жақтық қатынас жасау қабілеті мен мағыналық сипаттары және сол арқылы сөйлемнің бүкіл мазмұнын құрудағы синтаксиситік және семантикалық қызметтері ашып көрсетіледі.

***Фольклортану***

         Қазақтың бата-тілек, өсиеттері.Құраст:Жаңыл Нұралиева.-Алматы:Балауса.-2016.-384 б.

Жинаққа енгізілген бата-тілектер, өсиеттер кім-кімді де ойландырып, өресі биік парасаттылыққа, шынайы ізгілікке талпындырары хақ.

***Әдебиеттану***

Мұқағали Мақатаев.Энциклопедия.-Алматы:Қазақпарат.-2016.-858 бет.

       Кітапта ұлы ақынның өмір жолы, туған жері, өскен ортасы, үрім-бұтағы, дос-жарандары, қаламдас жолдастары, таным-сенімі, қоғамдық, әлеуметтік, діни көзқарастарына байланысты нақты мағлұмат беретін материалдар жүйелі жинақталған.

Сәулебек А.

     Қамшысөз:публицистикалық мақалалар.-Алматы.-2016.-342 б.

Бұл жинағына тәуелсіздік жылдарында жазылған сан алуан жанрдағы публицистикалық жазбалары, зерттеулері, әдеби дүниелері топтастырылған.

***Көркем әдебиет***

Айымбетов М.

     Таңдамалы шығармаларының жинағы:5 томдық.-Алматы.-2016.-

Т.1.-496 б.

Т.2.-424 б.

Жазушының өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бүгінгі дейінгі уақыт аралығында жарық көрген «Құла түздегі үнсіздік», «Кәрі жыланның азасы», «Ақша бұлт – Таңкөрік», «Құмөзектің Донкихоты», «Сырлы зерен», тағы басқа әңгімелері енгізілген.

               Бостандық жырының бозжорғасы:ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты :Несіпбек Айтұлы туралы ой-толғамдар/Құраст.С.Сабырбеков.-Астана:Фолиант.-2016.-480 б.

Кітапқа енген әрбір мақала әдебиеттің бүгіні мен ертеңін жалғастырар алтын көпір екені анық.Тәуелсіздік шежіресін тереңнен толғап, бүтін бір батырлар галереясын жыр тілімен сомдап, «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған ақынның сан қырын жарқырата ашқан жинақ көпшілік оқырманға арналған.

Елубаев С.

         Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы.-Алматы.-2016.-Т.1:Ақ боз үй.Роман.-480 б.

Таңдамалы шығармалар жинағына оқырман қауымға әйгілі «Ақ боз үй» трилогиясы кірді. «Ақ боз үй» өткен ғасырда халқымыз бастан кешкен ашаршылық туралы кеңестік кезеңде жазылған тұңғыш роман.

Кіребайұлы А.

     Арманым, әнім, іңкәрім.-Алматы.-2016.-445 б.

А.Кіребайұлының жыр жинағына оның әр жылдары жазған таңдаулы өлеңдері, балладалары мен ән мәтіндері топтастырылған.

Нұрманов А.

     Құланның ажалы:роман, хикаяттар.-Алматы.-2016.-380 бет.

Ақан Нұрмановтың бұл кітабына «Құланның ажалы» романы мен бірқатар хикаяттары енді.

Оразалин Н.

     Шығармалар жинағы.-Алматы:Ан Арыс.-2016.-Т.7:Жыр кітабы.-352 б.

Бұл кітапқа ақынның 2005-2012 жылдар аралығында жазған, бұрын баспасөз беттерінде жарияланбаған жаңа жырлары «Аспантаудан ауған күз», «Құндағым» атты тарауларға топтастырылған.

Оразалин Н.

     Шығармалар жинағы.-Алматы:Ан Арыс.-2016.-Т.8:Пьесалар, театр және драматургия туралы ойлар.-424 б.

Оқырман жұртшылық аталмыш томнан автордың театр, драматургия, жалпы өнер проблемаларына арналған әр жылдар бедерінде жазылған мақалаларын да оқи алады.

Оразалин Н.

     Шығармалар жинағы.-Алматы:Ан Арыс.-2016.-Т.9:Сұхбаттар, сапарнамалар, мақалалар.-400 б.

Бұл томға 1993-1994-1995 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде Елбасымен жүргізілген елге белгілі сұхбаттары, сондай-ақ әр жылдарда республикалық басылымдарда жарияланған тәуелсіздік хақындағы толғаныстары, саяси публицистикалық сапарнамалары еніп отыр.

Оспан Ә.

     Сезім сәулесі:публицистикалық мақалалар, әңгімелелер.-Алматы:Айғаным.-2016.-190 б.

Жазушы Ә.Оспанның бұл жинағына еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде жеткен толайым табыстары жайлы ой-толғаныстары, публицистикалық мақалалары, көркем туындылары еніп отыр.

Пірназар С.

       Парасат пен пайым:публицистикалық мақалалар.-Алматы.-2016.-400 б.

Бұл жинағына бір топ публицистикалық туындылары еніп отыр.Бұл еңбекте автордың еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл көлеміндегі айшықты оқиғалар мен жеткен жетістіктер жайлы толғаныстары мен тебіреністері көркем тілмен баяндалады.

Сәттібай К.

     Менің елім:публицистикалық мақалалар.-Алматы.-2016.-396 б.

Белгілі жазушы-журналист, публицист Көсемәлі Сәттібайдың «Менің елім» атты публицистикалық жинағында қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі тұстағы халықаралық аренада алған орны, әлемдік өркениетке қосылып демократиялық қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері жайлы кеңінен айтылады.

Смағұл Б.

       Қолбасшы күнделігі.Дневник полководца.Книга на казахском и русском языках.-Алматы.-2016.-456 б.-қазақша – орысша.

Бұл кітабында елі емірене қадірлейтін, білімін – бағдар, өмірін - өнеге, тағдырын, талантын, тазалығын-тағылым тұтатын асылымыз, ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының нақыл сөздерінен құрастырылған.

Смағұл Б.

       Тағдыр тозағы.Ад судьбы.Книга на казахском и русском языках.-Алматы:Хантәңір.-2016.-448 б + 8 бет түрлі-түсті жапсырма.

Бұл кітабында Ауған соғысына арқау болған Арамдық пен Әділетсіздіктің бетін ашып, қанжоса іздерін, зор қиянатын әшкерелейді. Кітаптың тағы бір құндылығы, ондағы оқиғалардың барлығын жомарт ой мен тамаша сөз байлығына ие нағыз куәгерлердің өздері толғана, тебірене отырып, бірақ еш ыза-кексіз, қаз-қалпында баяндайды. Туынды әскери прозаның биігіне шыққан шығармалардың бірі. Қалың оқырманға арналған.

Тоқтасынұлы Е.

     Бауырым-ай.Роман.-Алматы.-2016.-342 бет.

Бұл кітап Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы – айтулы мерекеге орай шығып отырған, қазақ әдебиетіндегі спорт тақырыбына арналған тұңғыш роман. Еңбек спорт нұсқаушысы мен күрес бапкерінің өмірі, шәкірттері, жарыстар, саламатты өмір, мөлдір махаббат, қарт Қаратаудың әсем табиғаты айрықша әсерлі баяндалады.

Шайхыұлы Е.

   Сандалған сауал:сатира.-Алматы.-2016.-272 б.

Бұл «Сандалған сауал» атты жинаққа қаламгердің соңғы уақытта жазған сатиралық шығармалары топтастырылған.Кітап күлкі сүйер оқырман қауымға арналған.

***Өнер***

Жұмабай Әділет:Фотоальбом/Құраст.Ж.Сағымбай.-Алматы:Айғаным.-  

   2016.-190 б.

Бұл фотоальбомға белгілі мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіндегі «Алтын адам» мүсінінің авторы Ә.Жұмабайдың туындыларының фотокөшірмелері, әріптестерінің және замандастарының естеліктері еніп отыр.

  

Әбуғазы М.

     Қазақтың домбыра өнері.-Алматы:Нұрсәт.-2016.-480 б.

Кітап үш бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімінде домбыра аспабының шығу тегінен бастап, күйшілік өнердің қалыптасуы және оның даму кезеңдері тарихи және мәдени тұрғыда қарастырылған. Екінші бөлімінде қазақ даласында қалыптасқан дәстүрлі күйшілік мектептер, олардың көрнекті күйші-композиторлары және күйші – орындаушылары жөнінде мол мағлұматтар және күйлердің ноталары берілген. Үшінші бөлімде дмобыра аспабының жасалу жолдары мен атақты шеберлер, күй өнерін зерттеуші ғалымдар туралы айтылған.

Нарымбетов С.

     Көзімнің қарасы.-Алматы:Хантәңірі.-2016.-618 б.-қазақша-орысша.

Кітап С.Нарымбетовтің суреткерлік әлемін аша түседі;жазушылық пен режиссерлікті әдемі үйлестіре алуының, яғни шығармашылық зертханасының қыр-сырын тануға; тұлға ретінде қалыптасу жолдарын зерделеуге мүмкіндік береді.Автордың киносценарийлері де топтастырылған.

  

 2016 жылдың қыркүйек айында түскен жаңа кітаптардың тізімі

 

 Шәлекенов У.Х.

     Ғылыми еңбектер.-Научные труды.Үш томдық.-Алматы:Жібек жолы.-2016.-азақ және орыс тілдерінде.Т.3:Шыңғыс хан-моңғол және түрік этностарын біріктіруші Чингисхан – властитель Востока, обьединивший монгольские и тюркские этносы.-744 б.

Шыңғыс хан, дүниеден озғанына 800 жыл уақыт өтсе де, әлем тарихында айрықша орны бар ұлы тұлғалардың бірі. Монографияда Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының тарихы жан-жақты қарастырылады. Онда деректер мен бұрынғы зерттеулер қайта зерделеніп, Орталық Азияны мекендеген этностарды біріктірудегі Шыңғыс ханның рөлі нақты баяндалды.

 Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов.-Қызылорда.-2012.-405 б.

          Қызылорда облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарының депутаттары туралы мәліметтер жинақталған бұл кітап алғаш рет баспадан шығып отыр. Кітапта жергілікті мәслихат депутаттарының өмірбаяндары мен сайлауалды бағдарламалары, тұрақты комиссиялардың мүшелері, депутаттар туралы толық мәліметтер берілген.

 Жиырма жылдың жемісі.-Қызылорда:Тұмар.-2014.-332 б.

           Бұл танымдық кітап жергілікті мәслихаттардың осы бағыттарда жүргізген жиырма жылдық жұмысының бағыт – бағдарын баян етеді. Кітап Қызылорда облысының даму тарихына жергілікті мәслихат депутаттарының қосқан үлесін, халық қалаулыларының туған жер мәселелері үшін төккен тер, еткен еңбегін білгісі келетін келер ұрпаққа арналады.

 Абасилов А.

Әлеуметтік лингвистика сөздігі: Сөздік.-Алматы.-2016.-168 б.

Сөздікте тіл білімінің жаңа бір саласы әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелеріне, өзіндік ұғым, түсініктері мен негізгі терминдеріне түсінік беріледі. Мұнда сондай-ақ тіл ғылымы туралы, тілдің табиғаты, даму заңдары, салалары, әлем тілдері туралы қысқаша мәліметтер беріледі.

 Абасилов А.

Әлеуметтік лингвистика:Оқу құралы.-Алматы.-2016.-250 б.

«Әлеуметтік лингвистика» атты бұл оқу құралы студенттердің, магистранттардың әлемдік тіл білімінің қазіргі өзекті де перспективалық бағыттарының бірі - әлеуметтік лингвистика бойынша білімдерін өз ана тілінде алуына мүмкіндік береді.

 «Тіл сақшысы» - Намыс қамшысы.-Қызылорда.-2016.-312 б.

    Республикалық «Тіл сақшысы» газетінің таңдамалы мақалаларынан құралған «Тіл сақшысы» -Намыс қамшысы  жинағының екінші кітабына 2015 жылдың шілде – желтоқсан айларында басылым бетінде жарық көрген экономика, мәдениет, таным, қоғам мен заман, мемлекеттік тіл мәселесі жайлы мақалалар топтастырылған.

Баубекұлы Ә.

Әке жүрегі.-Құраст:Сайлаукүл Сұлтанқызы Демесінова.-Қызылорда:Тұмар.-2015.-400 б.

Ә.Баубекұлының «Жалын», «Балауса» баспаларынан көп таралыммен жарық көрген «Диқан мен дән», «Ащы балмұздақ» атты повесть, әңгіме ертегілері кезінде оқырмандардың ыстық ықыласына ие болып, авторды таңдаулы балалар жазушыларының қатарына қосқан-ды.

Бекхожин Қ.

Бауыры Ұлытаудың қандай ғажап!:өлеңдер, аңыз-дастандар, зерттеу мақалалар, поэмалар, пьесалар.-Алматы:Айғаным.-2016.-476 б.

Бұл кітапқа Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, аса көрнекті ақын Қ.Бекхожиннің тарихи тақырыпта жазылған туындылары енгізіліп отыр.

Адырбекұлы К.

Жүрек жұтқан:Деректі повесть.-Алматы:Дәстүр.-2016.-288 б.

    Кеңестер Одағының Батыры, Бас командованиенің резервіндегі  алысқа ұшатын 47-ші гвардиялық әуе барлаушы полкінің ұшқыш – барлаушысы Плис  Нұрпейісовтің Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлік істері бүгінгі жастарға үлгі - өнеге болып, патриоттық сезімдерін оятары сөзсіз.

Ибадуллаев З.

Жылдар мен жырлар.-Қызылорда:Қызылорда – Қанағаты.-2014.-324 б.

     Заметдин Ибадуллаев республикаға белгілі айтыскер ақын. Оның өтірік өлең жанрын қалыптасуда өзіндік қолтаңбасы бар ақын.Еліне қадірлі, үлкенге інілік ізет, кішіге ағалық қадір көрсете білген Заметдин Сыр өңірінің сыршыл ақыны. Оның қаламынан туындаған жүрек жырлары оқырмандарын әп-сәтте –ақ баурап алды. Көлемді шығармлары кейінгі ұрпаққа әдеби мұра екені даусыз.

Мекебаев А.

Шығармалары.-Алматы.-2016.-Т.2.-384 б.

       Жазушының екінші томы Ұлы Отан соғысы кезінде тылда өмір сүрген кәрі-құртаң, қатын-қалаш, бала-шағаның ауыр тағдырын суреттейтін «Періште келіншек» романымен ашылады. Бұл кітапқа кеңес заманында Қызылқұмның қиырында аптапқа қақталып жүріп, қатал табиғаттың қаһарына еріксіз килігуге мәжбүр болатын шопандардың өмірінен мол мағлұмат беретін «Аңызақ» пен мектеп қабырғасындағы оқушыларды тосын жағдайға ұшыратып, нашақорлыққа итермелейтін «жұмбақ» жандардың ішкі сырына үңілетін «Үйінен қашқан бала» мен «Мектептен қашқан қыз» атты повесттері де енген.

Сәрсенбай О.

Өмір – тарих.-Алматы:Қайнар.-2016.-384 б.

      Бұл кітабына 2004, 2014 жылдары жарық  көрген «Өмірнама» кітаптарындағы қаламгер күнделігінің жалғасы автордың дүниеден қайтарға дейінгі хронологиялық ретпен, сондай-ақ кезінде жұртшылықтың жақсы лебізіне бөленген «Ұйқың тыныш болсын», «Қосқұдықтың басында» атты әңгімелері мен «Таңбалы тас», «Ағабектің ақыры» атты повестері енді.

 Соқпақбаев Б.

Балалық шаққа саяхат:повесть  /Құраст.Е.Манашов.-Алматы:Өлке.-2014.-328 б.-(Жасөспірімдер кітапханасы).

      «Балалық шаққа саяхатта» отызыншы жылдардағы аштық, жалаңаштық жайлай бастаған ауыл адамдарының ауыр тұрмыс-халі, сол кездегі кетеуі кеткен кебіс, күпі сүйреткен Бектас сынды балалардың ойын, ұйқысы қанбаған, күлкісі мен күндері суреттеледі.

Табылды Ә.

Таңдамалы шығармалары:13 томдық.-Алматы.-2016.-Т.1.Таңғажайып ертегілер.-328 б.

        Жинаққа «Сырлы қала» сияқты қиял – ғажайып ертегілер және «Қарға мен қоян», «Қожалақ пен кіркөйлек» сияқты мысал-ертегілер енген. «Ормандағы жаңа жыл» сияқты ертегілер сахнаға қоюға лайықталып жазылған. Жинақтағы 65 ертегі алуан түрлі тақырыпта қызықты оқиғаларды баяндайды. 

Табылды Ә.

Таңдамалы шығармалары:13 томдық.-Алматы: «ИИЦ Азия Арна».-2016.-Т.2:Қасиетті сөз.-328 б.

     Жинаққа «Бәрекелді Кірпі», «Алыптардың алыбы», «Ғарышкер Қоян» сияқты қиял – ғажайып ертегі пьесалар, «Армандастар» сияқты жаңаша өмір толқынын көрсететін

пьесалар, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Елін сүйген Ертарғын» либреттолары енген.

Һашири  Әхмәтжан.

Тәғдир:повесть.-Алматы.-2016.-192 б.

      Атақлиқ язғучи – драматург  Әхмәтжан Һашири «Нур ана», «Кәчмәс кеңлүм» повестьлири арқилиқ Улуқ Вәтән уруши жиллири арқа сәптики қийнчилиқлар, толими еғир жапа – мәшәқәтләр, милтиқсиз мәйданда ирадилик, бәрдашлиқ ана вә Һәдиләрниң, яш оғул-қиз ғунчиларниң ғалибиәт қазинидиғанлиғиа ишәнчисини йоқатмай жан тикип әмгәк қилғанлиғи тәсвирлиниду.

Исабаев И.

    Жанымды сыйладым халқыма.-Алматы:Асыл сөз.-2016.-240 б.қазақша, орысша, ағылшынша.

     Альбом танымал қазақ график – суретшісі И.Исабаевтың шығармашылығына арналған. Басылымда суретшінің көркем туындыларымен бірге, оның шығармашылық табиғаты жайлы терең ой – толғамдары берілген.

Серікбай Ә

       Суретшінің толғауы.-Алматы:Азия Арна.-2016.-280 б.қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде.

      С.Әлжанның шығармалары кескіндеме мектебінің реалистік бағытынан сыр шертіп, тұрмыстық сюжет жанрларына ұқсас келеді. Суретшінің туындыларынан халықтың тарихы мен тағдыры, оның құнды және бай мұрасы мен мұндалайды.

Табиев Б.

       Табиев Бахтияр;Құраст. П.Шарипова.-Алматы:Азия Арна.-2016.-280 б.қазақша, орысша, ағылшынша.

       Оның көркемсурет өнері шығармашылығындағы өрлеу тұсы 1960 жылдары қалыптасса, ал нағыз шебер иесі ретінде 1980 жылдары таныла бастады. Сонау 1990 жылдары өнердің коммерциялануына байланысты суретші мен қоғамның байланысы үзіле бастаса да, Б.Табиев пен Табиғат әлемін өз ой-идеясымен біртұтас үндестіріп, пластикалық- образдық үлгіні анықтауға тырысты.

Идрисов А.

Таншолпан:Роман,книга 3/Перевод с казахского языка.Переводчик Р.Т.Токбергенов.-Алматы:Алатау.-2016.-480 стр.

     Роман известного писателя, профессора А.Идрисова «Таншолпан»  в свое время был тепло принят казахской аудиторией. Эта подлинная история счастливой и горячей любви имеет огромное воспитательное значение для сегодняшней молодежи.

Кенжегулова Н.

Декабрьское восстание 1986 года в печати Казахстана:Алматы:РПИК «Дәуір».-2016.-288 стр.

   В книге отражено, как освещалось Декабрьское восстание не только в печати Казахстана, но и в мировой прессе. Автор широко осветил содержание газетно-журнальных публикаций и их роль в политическом, экономическом, социальном и культурном плане,  и кроме того, весьма интересно раскрыл приемы и методы, которые использовали масс – медиа советского периода в деле освещения Декабрьского восстания, и то, как формировалось общественное мнение в условиях однопартийной системы того периода.

Куралов У.Н

Прототюрки и зарождение античных Олимпийских игр.-Алматы: Дәуір – кітап.-2016.-152 с.

Книга посвящена многотысячелетней истории евразийских кочевников- прототюрков.

Михайлов В.Ф, Мансуров Т.А.

Нурсултан Назарбаев.-Москва:Молодая гвардия.-2015.-574 с.

    Н.А.Назарбаев по праву считается создателем нового, независимого Казахстана. Первый Президент республики и ее общепризнанный национальный лидер, он уже третье десятилетие возглавляет динамично развивающуюся страну, последовательно укрепляя ее позиции на мировой арене.

В этой книге прослеживаются жизненный путь нашего выдающегося современника, его многогранная политическая деятельность, заслужившая всеобщее уважение и признание не только  у себя на родине и в Содружестве Независимых Государств, но и во всем мире.

 Сулейменов Олжас.

    Стихи разных лет:Воспоминания...-2 видеодиска формата-1 СD диск формата mp3.

Токаев К.К

Очерки дипломата.Книга первая.Преодоление.-Алматы:ИД «Жибек жолы».-2016.-Т.1.-432 с.

В первом томе семитомного издания трудов известного казахстанского политика и дипломата, доктора политических наук Касым – Жомарта Токаева содержатся интересные портретные зарисовки таких видных советсих и российских дипломатов, как О.Трояновский, М.Капица, Ю.Раздухов, Е.Примаков, И.Иванов, А.Козырев, И.Рогачев.

Токаев К.К

Очерки дипломата.Книга вторая.Под стягом независимости.-Алматы:ИД «Жибек жолы».-2016.-Т.2.-288 с.

Во второй том семитомного издания вошли очерки известного казахстанского политика и дипломата Касым-Жомарта Токаева, посвященные выходу Казахстана на международную арену в качестве суверенного, независимого государства.

Тяжкие времена:роман.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2016.-432 стр.

    Исторический роман «Тяжкие времена» известного казахского писателя, лауреата Государственной премии РК К.Муханбеткалиулы повествует именно об этих событиях, широко охватывая все перипетии взаимоотношений не только героев произведения, но и сопредельных с казахами народов. 

clip image017

Павленко Тамара

     Свет мой.Роман, рассказы.-Т.1.Алматы:Асыл сөз.-2016.-384 с.

clip image016

Винокуров А.

     Александр Винокуров:Олимпийский путь.-Алматы:Раритет.-2016.-284 с.

clip image014

Иса Бөрі.

    Жеңіс жолы.Ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрге, домбыра, қобыз, скрипка аспаптарына арналған шығармалар.-Алматы:Айғаным.-2016.-108 б.

   Бұл жинаққа ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі профессор Бөрі Исаның ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрге, домбыра, қобыз, скрипка аспаптарына жазылған бір топ шығармалары енді. Кітап музыкалық колледждер мен саз мектептері оқушыларына, жоғарғы оқу орындары студенттеріне оқу құралы ретінде пайдалануға ұсынылады.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni