Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

clip image007

Молдағалиев Тұманбай.

     Шығармалары:7 томдық:Өлеңдер.-Алматы:Айғаным.-Т1.-2016.-342 б.

    Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Т.Молдағалиевтің бұл жинағына «Жас құшағын жайғанда» атты кітабынан алынған өлең – жырлары еніп отыр. Автордың туындылары қазақ поэзиясының алтын қорына қосылған асыл қазына болып қала бермек.

clip image006

Молдағалиев Ж.

Шығармалар жинағы.-Алматы:Өлке.-2015.-320 б. –(Жасөспірімдер кітапханасы).

      Жұбан Отан, Ана, туған жер тақырыбын толғана, тебірене жырлаған ақын. Оның жыр-поэмалары еліміздің аса бай тарихын, ұлттық дәстүрі мен биік өнер өресін, өнегелі өмірін, өсіп-өркендеуін өн-бойына өзек еткен. Көрнекті ақынның бұл өлеңдер жинағы жыр сүйер талғампаз оқырман қауымға арналған.

clip image005

Медетбек Т.

   Пайым:Ой-толғаныстар,эсселер.-Алматы:Дәстүр.-2016.-384 б.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Т.Медетбектің бұл кітабына заман және адам, әдебиет пен өмір туралы ой-толғаныстары мен эсселері топтастырылған. Бұл туындыларда ел-жұрт, адам-қоғам өміріндегі өзгеше мінез, қарым-қатынастарды ешбір боямасыз, қаз қалпында әрі көркем шыншылдықпен суреттейді.

clip image003

Көпейұлы Мәшһүр – Жүсіп

       Шығармалар жинағы.-Алматы:Өлке.-2014.-336 б.

           Бұл кітапқа Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өзіндік өрнегі мол өзекжарды өлеңдері, мысалдары және ел ішінен жиыстырған аңыз-әңгімелері, ертегілері, мақал-мәтелдері, баталы сөздері мен қазақтың хан, би, шешен, батырлары тарапынан айтылған тарихи ой-түйіндері еніп отыр. Сондай-ақ бұл кітап ақынның әулие-көріпкелділік қасиеттері жөнінен де сыр шертеді.

clip image01

Ислам Д.

Сырлытас:Өлеңдер.-Алматы.-2014.-320 б

       Ақын Д.Исламның «Сырлытас» жинағындағы өлеңдері идеялық ерекшеліктеріне орай «Ай Абыз дертті қозғайды», «Сезімімнің саусақтары жүзіксіз», «Махаббат та ертегі тыңдай білсең/Қиялыңды құндақтар бір шындығы» атты үш бөлімге бөлініп беріліп отыр.«Сырлытас» өмірді сүйетін, өміртануға, адамтанымға ұмтылған жүрек көзі – ақыл сөзі бар барша қауымға арналды.

clip image00

Жиенбаев С.

       Өлеңдер.-Алматы:Өлке.-2014.-320 б.-(Жасөспірімдер кітапханасы).

Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық ақын шығармашылыгының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық, азаматтық, кісілік, тазалық ұғымдарының қай-қайсысын да балалық бейнесінде береді.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni