Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Маусым айында түскен жаңа кітаптар тізімі

clip image0001

Алтынсарин Ы.

     Өмірі мен шығармалары /Құраст.А.Мұқышева.-Алматы:Рауан.-2013.-384 б.

       Бұл кітапқа даланың данасы, дананың дарасы, келелі ойдың егесі, білім теңізінің кемесі – кемеңгер ұстаз, ағартушы Алтынсарин Ыбырайдың ыждағатты ынсап көңіл-қаламынан туындаған «Қазақ хрестоматиясы» және бірқатар көкейкесті туындылары топтастырылып отыр.

clip image14

Пірмахан С.

       Қылқалам шерткен жыр ғалам./Құраст:Ж.Қожаберген.-Алматы: «Arna-b».-2009.-160 б.

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, талантты театр суретшісі Серік Пірмаханның өмірі мен шығармашылығына арналған бұл еңбекке суретшінің сахналанған қойылымдарға жасаған эскиздері, арнау өлеңдері және қойын дәптерінен алынған уытты ой орамдары топтастырылған.

clip image13

Әлімқұлов Т.

     Таңдамалы.-Алматы:Қазақпарат.-2015.-1116 б.

Аса көрнекті қазақ жазушысы, көркемсөз зергері Т.Әлімқұловтың таңдамалы жинағына қаламгердің әңгімелері, хикаяттары сонымен бірге «Ақбоз ат» романы, «Жұмбақ жан» зерттеу кітабы еніп отыр. Автордың өнер туралы жазған туындылары қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған сүбелі үлес болып табылады.

clip image12

Сөз серкесі – шешендік.

         Жиреншин О.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2015.-448 б.

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден бастау алып, олардың аттары аңызға айналған шешендігімен халықтың ауыз әдебиетінде ерекше орынға ие болған Жиренше шешенмен, Асан Қайғы есімдерімен қалыптасып, дамып, өркендей түсті. Кітап қалың оқырман қауымға арналады.

clip image11

Келімбетов Н.

       Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері.-Алматы:Раритет.-2011.-432 б.

Бұл кітапта қазақ әдебиеті тарихының қайнар – бастауларымен табыстырады. Бұл кітап қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуші ғылыми қызметкерлер мен аспиранттарға, жоғары оқу орындары филиология факультетінің студенттеріне және көпшілік оқырман қауымға арналған.

clip image10

Тұрлыбекова Ж.А, Каюпова Ұ.К.

     Мемлекеттік қызметкерлерге арналған қазақша-орысша, орысша – қазақша сөздік.-Алматы: «Сардар» баспа үйі.-2015.-288 б.

Сөздікте мемлекеттік органдардың басқару-реттеу, ұйымдастыру – рәсімдеу қызметінде пайдаланылатын құжаттардың анықтамалары ұсынылып, оларды толтыруға, күнделікті қызметте пайдалануға бағытталған арнайы сөздер мен сөз тіркестері қазақ және орыс тілдерінде берілген.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni