- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 15 октября 2026
- Просмотров: 1
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай аудандық кітапханада "Әр өлеңі — бір әлем" атты лирикалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, сыршыл өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сондай-ақ Мұқағали поэзиясының тәрбиелік мәні мен көркемдік ерекшелігі сөз болды. Лирикалық кеш қатысушыларға рухани әсер сыйлап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттырды.












