- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 15 октября 2026
- Просмотров: 6
Аудандық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, тарихшы Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Тағдыр» романы бойынша «Тарих пен тағдырды тоғыстырған жазушы» атты тағылымды кітап талдауы өткізілді. Шара барысында Қабдеш Жұмаділовтің өмірбаяны, шығармашылығымен сүбелі еңбектерінен жасақталған кітап көрмесімен таныстырылды. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы – тарихи туынды, қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы тағдырлы кезеңдерін бейнелейтін шығарма.
Шара барысында шығарманың идеясы, композициялық құрылысы, шығарманың бастауы, дамуы, байланысы, басты кейіпкер Демежанның бейнесі сөз етіліп, қытай жеріндегі қазақ азаматтарының өмірі мен тұрмысы жайында әңгіме қозғалып, шарықтау шегі – шығарманың шиеленісі жан-жақты талқыланды. Оқырмандар шығарманы талдай отырып, қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдерді, ұлт болашағы үшін күрескен тұлғалардың образын саралап, өз ойларын ортаға сала отырып, жазушы мен кейіпкер арасындағы үндестікті аша түсті.













